Лекция тезистері 1 тақырып Кіріспе Дін Діннің пайдалары Діннің пайда болуы туралы теориялар



бет46/59
Дата08.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#72484
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Адам сүйiспеншiлiгi. Адам жер бетіндегі кемелденіп жаратылған жаратылыс. Барлық нәрсе адам үшін, адам игілігіне пайдалану үшін жаратылған және адам жер бетіндегі Аллаћтың халифасы (орынбасары) екендігі жайлы Құран аяттарында орын алған. Сондықтан адамдарды адам үшін сүю дініміздің негіздерінде жатыр. «Бір-біріңді сүймейінше - дейдi, Мұхаммед пайғамбар, - нағыз мұсылман бола алмайсыңдар».
Құран Кәрiмде “Аллаћтан басқаға құлшылық қылмаңдар, әке-шешеге жақсылық істеңдер, жақындарға жетімдерге, міскіндерге, қамқорлық жасаңдар” (Бақара-177), деген Аллаһтың бұйрығына сай, мұсылмандық мораль қағидаларындағы әке-шешемен, балалармен, көршілермен, туған-туыстармен жақсы қарым-қатынас жасау, үлкендерді құрметтеп, кішілерді сыйлау, әлсіздер мен мұқтаждарға көмектесу, жетімдерге пана болу сияқты негіздер адам сүйіспеншілігіне жатады. Ардақты Пайғамбардың: «адамдардың ең қайырлысы, адамдарға пайдасы тигендер» немесе «қайрымды болғандарға Аллаћ та қайрымдылық жасайды» - деген сөздерiне қарай отырып, мұсылмандықтағы адам сүйіспеншілігінiң орны ерекше екендiгiн аңғару қиын емес.
Иманды адам дүниеге қатыгездікпен емес, сүйіспеншілікпен және мейрімділікпен қарайды. Имандылық жол - бауырмалдық, өзара түсіністік, бір-бірінің көңілін сұрау мен бір-біріне көмектесу жолы, осы жолмен Хаққты іздеуге шыққан адам құдайды табары анық. Осы мәселе бойынша ардақты Мұхаммед пайғамбардың бiр құдси хадисiнде былай делiнген: «О дүниеге барғанда Алла тағала айтады екен: Ей адам баласы ! мен ауырып жаттым, сен келіп көңілімді сұрамадың деп, Адам таң қалып: Уай раббым хақ, сен бүткіл әлемнің иесісің, мен сені қалай көремін дейді емес пе ?! Сонда Алла тағала : түгенше ауырып жатқанда сен оған бармадың, барғанда ғой соның алдынан мені көрер едің. Ей, адам баласы ! өзің ауқаттандың, бірақ мені шақырмадың. Адам тағы да дал болып: Уай раббым, сен бүткіл әлемнің падишасысың, мен сорлы сені тамаққа қалай шақырамын – дейді. Сонда Алла Тағала айтады екен: Түгенше деген пендем бір нәрсеге қатты мұқтаж боп, алдыңа барғанда сен оның меселін қайтардың. Егер келген шаруысын бітіргеніңде мені тапқан болар едің – деп. Міне бұл – мұсылмандық жол. Демек пенденің адамдарға қарасу, оларға көмектесу арқылы Алланы табары хақ.
1 хикмет

«Біссімілә» деп баян еттім хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
Мен «Дәптер сәни» сөзін аштым міне.
Сөзді айттым кімдерге де етсе талап,
Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап.
Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап,
Діні қатты халайықтан қаштым міне.
Қайда жүрсең көңілі жұмсақ, сыпайы болғыл,
Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғыл.
Менменсіген халайықтан қаштым міне.
Ғаріп, пақыр, жетімдерді Расул білді,
Сол кеште Миғраж шығып, дидар көрді.
Қайтып түсіп, ғаріп, пақыр халін білді,
Ғаріптердің жайын ұғып келдім міне.
Үмбет болсаң, ғаріптерге жақын болғыл,
Аят, хадис айтқандарға құлақ салғыл.
Ырзық берсе, тағдырға қанағат қылғыл,
Қанағат етіп, сауық шарабын іштім міне.
Мәдинеге расул барып, болды ғаріп,
Ғаріптікте азап тартып, сүйді жанып.
Жапа тартып, жаратқанға келгені анық,
Ғаріп болып ауыр жолды бастым міне.
Ақылға ерсең ғаріптерді мейріммен сүй,
Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый,
Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый,
Бойым тыйып дариядай тастым міне.
Ақылды болсаң, жарандарға қызмет қыл,
Дінге шақырғандарға ізет қыл,
Дұрыс жолға салғандарға қызмет қыл,
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.
Құлды көрсем, қызмет қылып құлы болсам,
Топырақ сипат жол үстінде жолы болсам,
Ғашықтардың күйіп сөнген күлі болсам,
Серік болып жер астына түстім міне.


¤мір сүр – Мұстафа айтты бауырласып,
‡мметтер бірге тұрыңдар қауымдасып,
Жақсылар ертең ұшпақ тауын асып,
Жамандар сазайын бір тартар достар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет