Әдебиеттер тiзiмi:
А) Негiзгi әдебиеттер
Зейбек Н.К. Иасауи жолы. Анкара, 2003
Кенжетаев Д. Қ.А.Ясауи дүниетанымы. Түркiстан, 2004
Атик М.К., Дәуренқұлов Қ., Мырзабеков М. Ясауитану оқу құралы. Түркiстан, 2002
Пьлев А. Ходжа Ахмед Ясави: Суфиский поэт его эпоха, творчества. Алматы, 1997
Абуов А. Мировозрение Ходжа Ахмета Ясави. Алматы, 1997
Құран, қазакша мағынасы және түсінігі. Ауд. Алтай Х.
Ә) Қосымша әдебиеттер
Көпрүлү М.Ф. Қ.А.Ясауи танымы және тағлымы. Шымкент, 1999
Мырзахметов М. Иасауи тағлымы. Түркістан, 1996
Жандарбеков З. Түркістанның қысқаша тарихы. Түркістан, 2000.
Нұртазина Н. Қазақ мәдениетi және Ислам.
Түркiстан халықаралық энциклопедиясы. Алматы, 2000
Түркістан тарихы мен мәдинеті. Түркістан, 2000
Жармұхамедұлы М. Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан. Алматы, 1999
Иасауи жолы журналы. Түркiстан, 2004
15 тақырып
Ахмет Яссауидің түркі дүниесіндегі орны
Орта Азиядағы түркі тайпалары арасында Х ғасырдың ІI ші жартысынан бастап ислам діні кеңінен тарала бастады. Ал ХІІ ғасырда Ахмет Ясауидің иршадымен (жол көрсету) ислам дінінің таралуы жергілікті халықтың мәдениетін қамти жаңа арнаға түсті.
Түркі сопылығы тарихында суфизмнің негізін салушы Ахмет Ясауи исламнан бұрынғы буддизм, тәңiршiлдiк пен бақсылық, манихеизм мәдениетін білетін түркі тайпаларына ислам дінін сопылық жол арқылы қабылдауға болатынын көрсетті, сол арқылы түркі тайпалары арасына мұсылман-түркі мәдениетінің негізін қалады. Ол түркі халқына ақылды, білімді және даналықты қолдана отырып, туралық пен әділетке барудың жолын көрсетті. Ахмет Ясауи түркі халқының көңіліне сопылық жол арқылы құдай махаббатына алып баратын жолды ашып берді, адамдарды бір-бірімен көңіл, бірлік, достық тілімен таныстырды. Адамдарға адамды отан үшін емес, отанды адам үшін сүюді үйретті. Әзіреті Сұлтан қоғамдағы бірлік пен достықтың негізін қалап, көпшіліктің көңілін таба білді, жартыны емес, бүтінді сүйді, бөлінуді емес, бірігуді үйретті. Ол тек қаладағы тұрғындарға ғана емес, ауыл мен қырлардағы жұртқа түсінікті тілмен сөйлеп, өзіне жақын ұстауға тырысты. Түркілердің бір пікірде болуын қалап, ол түркілер арасына байланыс көпірін салды. Түркі халқының көңіліне махаббат пен сүйіспеншілік ұрығын септі.
Әлі исламды қабылдай қоймаған, ислами әмірлерден хабарсыз түркі халқына ислам дінін қабылдауды оңайлату үшін, Ахмет Ясауи дiни төзiмдiлiк есігін ашты, мұсылмандық шарттарды, иман негіздері мен ахлақи құндылықтарды ежелгі түркі халқының жора-қағидалары және ұлттық мінезімен байланыстырды.
Оның шүкір, сабыр, әмірлерді тыңдау, сыр сақтау, риязет, жалғандықтан ұзақ болу, әділет, туралықты қалау, менмендіктен аулақ болу, адамдарға кешірімді болу, үлкендерге құрмет көрсету, жүктелген міндетті орындау, мұқтаждарға жәрдемдесу т.б. адамдық құндылықтарын ғасырлар бойы түркі халқы ұстады. Оның құрған Ясауилік жолы бүкіл түркі ұлтына өнеге болды. Ясауидің құрған түркі сопылық жолы алдымен Сырдария (Сейхун) жағалуы мен Түркістанға таралды.
Сырдария (Сейхун) жағалауы мен Хорезм өңіріндегі көшпелілерге және Бұлғар өңіріне таралған Ясауилік жолы монғол шапқыншылығынан кейін, Хорасан, Әзірбайжан өлкесіне тарала отырып, ХІІ ғасырда Анадолыға жетті. Ясауи шейхтары мен дәруіштері шағын топтарға бөлініп, олардың Анадолы мен Балқанға көшуі ХІ‡ ғасырда да жалғаса берді. Сары Салтұқ сияқты Ясауидің ізбасарлары Тракия және Балкан аймақтарына Ясауидің философиясы мен дүниетанымын таратты.
Ясауи тариқаты мен мәдениеті арада қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан, заман өткен сайын дами түсті. Тіпті ол ‡ндістан мен Анадолы сопылығының дамуына да ықпал жасады.
Түркі дүниесінің, тіпті басқа халықтардағы дәруiштердiң көңіліне терең ұялаған Ахмет Ясауи 70 жылдық кеңестік дәуір жүйесінің езгісіне қарамастан, түркі халқының есінен шықпады, керісінше қуаттана түсті. Әсіресе соңғы он жылдықтағы Кеңес үкіметінің ыдырап, атеистік тәрбиенің жойылуына байланысты, Ахмет Ясауидің есімі, дүниетанымы көпшілік қауымға кеңінен танытыла бастады. Дегенмен Ясауи мұрасын зерттеу сонау ХIХ ғасырда-ақ қолға алынған болатын. Атай кетсек, ұлы бабамызды ғылыми тұрғыдан алғаш оның сопылық дәстүрі, теоремасын зерттеген түрік ғалымы - Ф.Көпрүлү. Сонымен қатар А.К.Боровков, В.А.Гордлевсий, Э.А.Бертельс, М.Б. Массон тәрізді орыс зерттеушілері Ясауи тақырыбына арнайы еңбек арнамаса да діни тақырыптарда жазған көлемді мақалаларында Ясауидің түркі халықтарының рухани өсуіне, өзін-өзі танып білуге үлкен еңбек сіңіргенін, оның мұрасына назар аудару қажеттігіне ерекше тоқталып өткен.
Ясауидің рухани дүниетанымын зерттеуге Еуропа және Америкада тұратын ясауитанушылар И.Меликофф, Анна-Мария Шиммель, Бодроглигетти сияқты ғалымдар ат салысып келеді. Қазіргі Америка Құрама Штаттарында тұратын аса көрнекті ясауитанушы Девид Де Вис есімі ғылыми ортаға Алтын Орда дәуірі кезіндегі ислам мен шамандық діни сенімдері туралы еңбектерімен жақсы таныс. Қазір Түркияда яссауитанушы К.Эраслан, К.Зейбектің еңбектері танымал.
Ал Қазақстанда Ясауи творчествосы филологиялық салада Ә.Қоңыратбаев, Қ.Сүйінішәлиев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедов еңбектерінен орын алған. Дүниетанымдық тақырыбы бойынша Ясауи мұрасының бүгінгі өркениетпен байланысын ғылыми тұрғыдан жүйелеп, оның бүкіл әлем философиясына қомақты үлес қосқанын негіздеп талдап берген ясауитанушылардың қатарына А.Н.Нысанбаев, М.Орынбеков, Қ.Х.Тәжікова, А.Абуов, Д. Кежнжетай еңбектерін ерекше атауға болады. Сондай-ақ 1992 жылдан бастап, түркі дүниесінің атақты ғалымдары Ахмет Ясауи жайлы зерттеулер жүргізіп, мақалалар, кітаптар жазып, симпозиумдер өткізіп келеді. Ясылық Ахметтің отаны, әрі сүйегі жатқан ұлы Түркістан қаласында 1991 жылы 6 мамырда алғашқы президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мемлекеттік университет ашылды. Келесі жылы Қазақстан мен Түркия республикаларының келісімімен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта ашылды. Міне бұл университеттің ашылуы бабамыздың түркі дүниесіндегі қаншалықты орны бар екендігін көрсетеді.
Бүгінде университетіміздің Түркістан қаласынан басқа Шымкент, Кентау, Тараз және Алматы қалаларында филиалдары бар.
Түйiн ретiнде айтар болсақ Ахмет Ясауи - исламның нағыз өзін түркі рухында ұсынған адам, Аллаћқа ғашықтық, адам сүйіспеншілігі, діндарлық, басқа діндер мен мәзћабтарға оң көзбен қарайтын дiни төзімділік, білімге көңіл бөлетін, асқа, еңбекке құрмет көрсететін, әйел мен ерді тең ұстауға тырысатын ұлы ойшыл. Ахмет Ясауи - түркі дүниесінің ортақ рухани атасы.