Сабақтың мақсаты: Мамандық бойынша шұғылданушыларға әртүрлі оқу бөлімдеріндегі дене тәрбиесі сабағы әдістемесінің ерекшеліктерін оқытып үйрету.
Жоспары: 1. Әртүрлі оқу бөлімдерінде дене тәрбиесі сабағы әдістемесінің ерекшеліктері.
2. Бейімделу дене мәдениетінен денсаулық жағдайында ауытқуы бар студенттермен сабақ өткізу әдістемесі
3. Студенттердің дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері
Лекция мәтіні: Әртүрлі оқу бөлімдеріндегі дене тәрбиесі сабағы әдістемесінің ерекшеліктері. Дене тәрбиесінен сабақ өткізу үшін әрбір жоғары оқу орындарында студенттер мына оқу бөлімдеріне бөлінеді: негізгі, арнайы медициналық және спорттық. Бөліну оқу жылының басында студенттердің жынысы, денсаулық жағдайы, (медициналық қортынды анықтамасымен), дене дамуы, дене және спорттық-әдістік дайындалғандығы, қызығушылығы есепке алынып жүргізіледі. Бұл көрсеткіштердің негізінде әрбір студент дене тәрбиесінен міндетті курсты өту үшін үш бөлімнің біріне түседі. Әрбір бөлімнің белгілі бір шұғылдану сабағының мазмұны және мақсатты бағыты болады.
Негізгі оқу бөліміне медициналық тексеруден өткен студенттер негізгі және дайындық медициналық топтарына қабылданады, яғни оған денсаулық жағдайында ауытқушылығы жоқ, бірақ дене күші жағынан әлсіз дайындалғандар кіреді.
Негізгі бөлімде оқу процесі мыналарға бағытталған:
студенттердің жан-жақты дене дайындығы, олардың жалпы дене, кәсіби-қолданбалы және медициналық-практикалық дайындығының деңгейін арттыру;
дене мәдениеті және спортпен шұғылдануға белсенді қатынасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
Сабақтың ЖДЖ (жалпы дамыту жаттығулары) тәріздес елеулі байқалатын аэробты төзімділікті тәрбиелеу басымырақ кешенді бағыты болады, өйткені тек сол ғана жалпы жұмыс қабілеттілігі мен жүрек қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін арттыруды қамтамасыз етеді. Күштік және үйлесімділік қабілеттерін тәрбиелеуге, жалпы және кәсіби-қолданбалы бағыттағы қозғалыс тәсілдерін үйретуге лайықты дәрежеде назар аударылады. Сабақтың өткізілу әдістемесі басымырақ оқу-жаттығу сипатында болады. Сабақтың моторлы тығыздығы 50% төмендемейді, ЖСЖ бойынша жүктеме қарқыны минутына 130-160 рет соғу аралығында болады.
Арнайы медициналық оқу бөліміне медициналық тексерудің нәтижесі бойынша арнайы топқа жіберілген студенттер, яғни денсаулық жағдайында елеулі ауытқуы барлар кіреді. Арнайы оқу бөлімі үшін практикалық материалды әрбір студентке мазмұндары ескеріліп, дене тәрбиесінің құралдарын пайдаланудың түзету және сауықтыру-сақтандыру бағытында дәрігермен кеңесе отырып дене пәні мұғалімі дайындайды.
Арнайы медициналық бөлімде оқу процесінің өзіндік белгілі ерекшеліктері болады және олар басымырақ мыналарға бағытталған:
студенттердің денсаулығын нығайту, функционалдық ауытқуын, дене дамуы мен дене дайындығының жетімсіздігін барлық оқыту кезеңі барысында жою;
студенттерге өз ауруының сипаты және ағымы, туралы білімін пайдалану, ауруынан сақтандыруға бағытталған жалпы дамыту және арнайы жаттығулар кешендерін өз беттерінше құрастыру және орындау;
Оқу сабақтарының бағыты айқын көрсетілген сауықтыру-қалпына келтіру сипатында болады.
Ғылыми негізделген сипаттамаға сәйкес арнайы медицина бөлімінің студенттері ауру сипатына байланысты төрт топқа бөлінеді: А,Б,В және емдеу.
А тобы жүрек қан-тамыры, тыныс алу және орталық жүйке жүйесі аурулары бар студенттерден жасақталады. Сондықтан бұл топтағы сабақтың негізгі мазмұнына тыныс алу жаттығулары, қатаң жеке мөлшерленетін (дозируемые), шұғылданушылардың аэробтық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын жаттығулар кіреді.
Б тобы ас қорыту, бауыр, бүйрек, жыныс мүшелері, эндокринді жүйелер, сонымен бірге нашар көретін студенттерден құралады. Бұл топта нақтылы аурудың емдеу бағдарламасына кіргізілген негізгі гимнастика жаттығулары басымырақ пайдаланылады.
В тобы тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар студенттерден жасақталады. Бұл топта дене мүсінін, тірек-қозғалыс аппаратын жетілдіретін, сонымен бірге жалпы дамыту және бағытты түзету (коррегирующие) дене жаттығулары көбірек қолданылады.
Емдеу тобы анық көрінетін, денсаулық жағдайында елеулі ауытқуы бар студенттерден жасақталады. Бұл топта сабақ түгелдей жеке емдеу бағдарламасы мен әдістемесі бойынша өткізеледі.
Денеге берілетін жүктеме барлық төрт топта да қатаң және жеке уақытпен белгіленеді, жирылу және қатаң демалыс аралығымен орындалатын жаттығулар алып тасталынады. Сабақтың моторлы (қозғалыс) тығыздығы жоғары емес, жекелеген жүктемелер арасындағы демалыс қалпына келу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Циклдық жаттығулар орташа қарқынмен орындалады.
Спорттық оқу бөліміне (спорт түрлері бойынша оқу топтары) жақсы жалпы және арнайы спорттық дене дайындығы деңгейін көрсеткен және спортпен тереңдетіп шұғылдануға және таңдаған спорт түрінен өзінің шеберлігін жетілдіруге ықыласы, қызығушылығы бар студенттерден жасақталады.
Сабақ спорттық жаттығу негіздерін сақтау негізінде құрылады (циклдік, толқын тектес, жалпы және арнайы дайындық бірлігі және т.б.).
Спорт бөлімінің студенттері негізгі бөлім студенттеріне арналған міндетті сынақ талаптары мен нормаларын сол мерзімде тапсырады.
Осындай бейнеде студенттердің дене тәрбиесінен оқу процесі өзіне екі өзара байланыстағы мағыналы мына компоненттерін кіргізеді:
1/ дене тәрбиесінің негізгі шұғылдану сабағы жеке тұлғаның дене мәдениеті негіздерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2/ негізгі сабақты толықтыратын спорттық компонент және таңдаған спорт түріндегі сабақты қоса, әрбір студенттің дербестігі, оның мотиві, қызығушылығы, қажеттілігі ескеріледі.