Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Жарыс жүйелері мен жаттығу жүйелері қызметінің тиімділігін арттыратын қозғаушы күштер жүйесі



бет116/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Жарыс жүйелері мен жаттығу жүйелері қызметінің тиімділігін арттыратын қозғаушы күштер жүйесі:
Мамандар. Спортшыларды дайындаудың отандық жүйесінің алға басушылығы мамандардың кәсіби дәрежесі деңгейімен, дарынды спортшылар мен жаттықтырушылар санымен, мамандардың ғылыми потенциалымен, яғни спорттық нәтижелердің одан әрі өсуі үшін барынша келешегі бар болып табылатын бағыттағы технология мен әдістемені ұсынуға қабілетті мамандардың ғылыми потенциалымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және ақпараттық қамтамасыздандыру. Алға басушы ғылыми-техникалық өркениеттің табыстарын өз уақытында іс-тәжірибеге ендіру, спортшыны дайындау нәтижелілігінің шешуші қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және ақпараттық қамтамасыздандыру жүйелері өзіне мыналарды қосады: біздің еліміздің спорт және туризм академиясы және ғылыми-зерттеу институттарындағы мамандандырылған бөлімшелерінің жеткілікті дәрежедегі таралған жүйелері, Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командалары жанынан құрылған кешенді ғылыми топтар (КҒТ); әртүрлі спорт ұйымдары жанындағы дәрігерлік-денешынықтыру мәдениеті диспансерлері, әдістемелік кабинеттер. Бұл жүйеге мамандырылған кітап баспасын, газеттерді, жорналдарды, теледидар компаниялардың спорттық редакциясын, компьютерлік техникамен жарақталған ақпараттық орталықтарды жатқызған дұрыс.
Бұл жүйе келесі қызметтерді орындайды:

  • спортты дамытудың негізгі мақсатын айқындайды, спортшыларды дайындау және бағдарлау жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктерін дамыту жолдарын ғылыми болжай білуді іске асырады;

  • спорт негіздерін ілімдік, әдістемелік және бағдарламалық-мөлшерлік жете өңдеп, зерттейді;

  • ұйымдастыру-басқару, экономикалық және материалдық-техникалық қозғаушы күштерін жетілдіреді;

  • спорттың медициналық-биологиялық мәселелерін зерттейді, сонымен бірге спортшылардың денсаулығын сақтау және қалпына келтіру және олардың жұмыс қабілеттілігін арттыруын іске асыруды қамтамасыз етеді;

  • спорттық дайындықты психикалық қамтамасыз ету үшін іс-жүзіндегі шараларды іске асыруын қамтамасыздандырады және спорттың психологиялық мәселелерін зерттеп, өңдейді;

  • дене мәдениеті және спорт саласының мамандарын дайындау және қайта дайындау жұмыстарын жүргізеді;

  • спорт мамандарын ақпаратпен қамтамасыздандырады.

Жаттығу және жарыс жүйелері барысында диагностикалық, өлшеу, есептеу техникасы, аудио - және видео аппаратуралар және т.б. кең ауқымда қолданылады.
Спорттық ғылымның дамуы, әлемдік ғылыми-техникалық өркениеттің жетістіктерін спортқа ендіру әртүрлі саладағы спортшы мамандарды, яғни педагогтарды, дәрігерлерді, биологтарды, физиологтарды, биохимик, мамандарын социологтарды, инженерлерді, математиктерді кешенді ғылыми және ақпараттық қамтамасыздандыруға тартуға мүмкіндік жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет