Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет124/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   147
Сабақтың мақсаты: Студенттерге спортшылардың дайындығын оқытып үйрету
Жоспары: 1.Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
2. Спорттық- әдісдік дайындық
3.Спортшының дене дайындығы
4. Спортшының психикалық дайындығы
5. Жаттығу және жарыстық жүктемелер
6..Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
Лекция мәтіні: С п о р т т ы қ - ә д і с т і к д а й ы н д ы қ. Әдістік дайындықты спортшының белгілі бір спорт түрінің ерекшеліктеріне сәйкес қозғалыс жүйесін (спорт түрінің әдісін) меңгеру дәрежесін және жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған әрекеті болып табылады.
Спортшының әдістік дайындығының негізгі міндеті оны жарыстық қызметтің әдістерінің негізіне үйрету немесе жаттығу құралы қызметін атқаратын жаттығулар, сонымен бірге сайыс түрі үшін таңдап алынған спорттық әдіс формаларын жетілдіру болып табылады.
Спорттық-әдістік дайындық процесінде споршыдан оның әдісі келесі талаптарға сай болуын қамтамасыз ету қажет.
1. Әдістің нәтижелілігі оның тиімділігімен, жүйелілігімен, вариативтілігімен, үнемшілділігімен, қарсыласы үшін минималды тәсілқойлық хабардарлығымен қамтамасыз етіледі.
2. Әдістің тиімділігі шешілетін міндеттерге және соңғы көрсеткен жоғары нәтижесіне сәйкестігімен, дене күшіне, әдістік, психикалық дайындығының сәйкестілігімен анықталады.
3. Әдістің тұрақтылығы оның кедергіге орнықтылықтылығына, жағдайға тәуелді болмауына, спортшының функционалдық жағдайына тікелей байланысты.
Қазіргі заманғы жаттығу және әсіресе жарыстық қызмет кедергі қозғаушы күштердің көп санымен сипатталады. Оларға шаршауға әкелетін қарсыластардың белсенді қарсы әрекеті, төрешінің үйренбеген тәсілі, жарыс өтілетін орынның үйренбеген жағдайсыздығы, спорт қондырғылары, жанкүйерлердің кереғар мінез- құлықтары және т.б. жатады. Спортшының ұтымды әдістерді орындау қабілеті және күрделі жағдайда дұрыс әрекет етуі оның тұрақтылығының негізгі көрсеткіші болып табылады және көп жағдайда бүтіндей әдістік дайындық деңгейін анықтайды.
4. Әдістердің вариативтілігі жарыстық сайыс жағдайына байланысты спортшының қозғалыс әректтерін жедел түзету қабілетімен анықталады. Тәжірбие көрсеткендей спортшылардың уақытша, динамикалық және кеңістік қозғалыс сипаттамасын жарыстық сайыстың кез-келген жағдайында табысқа әкелмейді. Мысалы, циклдік спорт түрлерінде ара қашықтық соңына дейін қозғалыстың тұрақты сипаттамасын сақтауға ұмтылу жылдамдықтың елеулі төмендеуіне әкеледі.Сонымен бірге спорттық әдістің алға басушылық шаршау әсерінен болған компенсаторлық өзгеріс спортшыларға жылдамдықты сақтауға немесе тіпті біршама сөре алдында арттыруға мүмкіндік жасайды.
Әдістің вариативтілігі үнемі ауысып отыратын жағдайдағы спорт түрлерінде үлкен маңызға ие, яғни қозғалыс әрекетін орындау үшін өткір уақыт пен, қарсыластардың белсенді қарсылығымен және т.б.(жеке сайыс, ойындар, желкенді спорт және т.б.
5. Әдістің үнемділігі әдістер мен әректтерді орындау кезінде күш-қуатты , уақыт пен кеңістікті мақсатқа лайықты орынды пайдаланумен сипатталады. Осыған тең кез-келген жағдайда қозғалыс әрекетінің ең аз қуат жұмсаумен, спортшының барынша психикалық мүмкіндіктерінің аз күштенуімен орындалатын варианты жақсы вариант болып табылады.
Спорт ойындарында, жеке сайыстарда , күрделі үйлесімділіктегі спорт түрлерінде үнемділіктің маңызды көрсеткіші спортшының әрекетті олардың орындауға қажетті шамалы амплитудасында және өте аз уақытта орындау қабілеті болып табылады
Әдістің ең аз тәсілдік алушылығы спорт ойындары мен жеке сайыста нәтижеге жетудің маңызды көрсеткіші болып табылады. Мұнда түпкі тәсілдік онды жасырып және күтпеген жағдайда әдіс қолдану үшін пайдаланылатын алдамшы әдістер пайдаланылады.
Сондықтан спортшының жоғары әдістік-тәсілдік дайындық деңгейі оған бірінші жағынан мақсатқа жету үшін жеткілікті дәрежеде тиімді, басқа жағынан спортшының тәсілдік түпкі ойын ашып қоятын ашық көрініп тұрған тәсілдерінен хабардар ететін түйіндерін болдырмайтын бар қабілеттілігін қажетті қозғалыс әрекетін орындауына мүмкіндік жасайды.
Шартты түрде жалпы әдістік және арнайы спорттық-тәсілдік дайындық болып айырмаланады. Жалпы әдістік дайындықтың міндеттері қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының қорын ұлғайтумен сонымен бірге таңдап алған спорт түрінде әдістерінің жетілуіне жәрдемдесетін қозғалыс үйлесімділігін тәрбиелеумен қортындыланады.
Арнайы спорттық- әдістік дайындықтың негізгі міндеттері спортшыға жарыстарда өзінің мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға жағдай туғызатын және спортпен шұғылдану процесінде әдістерін меңгеру шеберлігін өсіруді қамтамасыз ететін қажетті жарыстық әдіс-тәсілдердің біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Әдістік дайындық құралына келесі мына талаптарға жауап беретін жалпы дайындық, арнайы дайындық жарыстық жаттығулар жатады:
1. Жарыстық жаттығулардың орындалатын әдістерінің бөліктерінің басты құрылымдық бөліктерінен айырмаланбайтын жарыстық әдіс-тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған жаттығулар.
2. Жарыстық жаттығулардың фазасын қайта құру немесе қалыптастыру тәртібі, құрылым ерекшеліктерінен де, спортшының дайындалғандығына да, сонымен бірге оның бойындағы қозғалыс тәжірбиесіне де тікелей тәуелді. Жарыстық әдіс-тәсілдер (комбинация) және оған кіретін жекелеген элементтері күрделі болған сайын, солғұрлым бөлшектелген жаттығуларды соңынан жинақтау және бүтіндей барлық жарыстық әрекеттердің қажетті ырғағын қалыптастыру қиын болады.
Орындалатын фазалардың шегінде қозғалыс міндеттерін, дененің тұру қалпын(бастапқы, соңғы), дене мүшелерінің өзара үйлестікте орналасуын, содан кейін бастапқы қалпынан соңғы қалпына ауысу жолдарын қалыптастыру және нақтылау қажет
3. Орындалатын әдіс бірден бүтіндей немесе бөліктермен үйретілгеніне қарамастан спортшы бірінші сатысында қозғалысын бақылауды және түзеуді үйренуі тиіс(басында көзбен, содан кейін көрмей-ақ), яғни бұл үшін әрбір фазадағы басты ”бақылау нүктесін” білу қажет (қозғалыс аппараты звеноларының қалпын және өзара орналасу қалпын)
4. Егер бөліктерді бүтінге біріктіру үшін күрделі кедергі кездеспесе жарыстық жаттығуларды бөліктерге бөліп орындау дағдыларын бекіту мақсатқа лайықты боладыБұл олардың бір-бірімен қандай дәрежеде органикалық байланыста болуына байланысты.
Мысалы, гимнастикалық комбинацияларда салыстырмалы түрде жекелеген дағдылар ретінде бұл элементтерді тым бекітудің қауіптілігі үлкен емес, ал секіру фазаларын, лақтыруды бөлшектеуде-елеулі қауіпті.
5. Жарыстық әрекеттердің жаңа әдістерін қалыптастыру бойынша міндеттерді табысты іске асыру және бірінші сатыда (бастапқы үйрету сатысында) ескі дағдыларды жаңадан өзгерту. Әдістемелік тәсілдер мен әдістерді пайдаланумен, яғни жаттығулардың әдістерін дұрыс орындауды жеңілдететін, әсіресе олар үйлестік күрделілігімен айырмаланса және жылдамдық-күш сипатындағы шегіне дейін күш салумен байланысты анықталады.
Жаттығуларды бөліктерге бөлшектеу әдістерінен және жаттықтырушының тікелей көмегінен басқа мыналар қолданылады:
1) Техникалық құралдар: а) шұғылданушылардың санасында қозғалыс туралы түсінікті нақтылау және қалыптастыру құралы; ә) оқытып, үйрету жағдайына келтіру(әртүрлі тектегі бағдарлар) б) орындалатын қозғалыстар жайлы жедел және аса жедел ақпараттар құралы; в) қозғалысты үйретуге арналған тренажерлар; г) қозғалыс әрекеттерін жетілдіруге және арнайы қозғалыс сатыларын дамытуға арналған тренажерлар; д) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдар.
2) Жеңілдетілген жаттығу снарядтары және арнайы қондырғылар: аспалы ложжылар, секіруге арналған секірткі көпірше, батуттар, көлбеу жолақтар (дорожка), жүгіру, есу, және жүзу тренбандары (тренбаны)
Спортшыны әдістік дайындау процесінде үлкен, еңбекті көп керек ететін білімді меңгеру, қозғалыс біліктілігі және дағдыларын қалыптастыру бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет