Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі



бет123/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі. Спорттық мамандану спортшының жан-жақты дамуын жоққа шығармайды. Керісінше, таңдаған спорт түрінде барынша елеулі алға басушылық спортшының дене және рухани қбілеттерінің жан-жақты дамуы ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің жалпы көтерілуі негізінде ғана мүмкін болады. Бұл жөнінде бүкіл спорт іс-тәжірибе, сонымен бірге көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарының мәліметтері дәлелдейді.
Спорттық нәтижелердің спортшының жан-жақты дамуына, оның ішінде интеллектуалдық адамгершілік, өнегелілік, тұрғысына тәуелділігі екі негізгі себеппен түсіндіріледі: біріншіден, ағзаның бірлігінен- оның қызмет және даму барысында органдарының, жүйелері мен қызметінің органикалық өзара байланысы; екіншіден, әртүрлі қозғалыс дағдылары мен біліктілігінің өзара әрекеттестігі. Спортшының меңгерген қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының шеңбері кеңейген сайын, қозғалыс іс-әрекетінің жаңа түрлерін ойластырып, жасау және бұрын меңгергендерін жетілдіру үшін қолайлы алғы шарт болады.
Спорттық жетілдірудің объективті заңдылықтары спорттық жаттығу терең мамандану жүйесі бола тұрып, бір мезгілде спортшы жан-жақты дамыту құралы да болады. Осыған сәйкес спорттық жаттығуда жалпы және арнайы дайындық үзіліссіз үйлеседі. Спортшының жалпы және арнайы дайындық бірлігі бұлардың екеуін де спорттық нәтижеге және дене тәрбиесінің құралы ретінде соңғы мақсатқа пайдалануға зиян келтірмеу үшін жаттығудан алып тастауға болмайды. Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі олардың мазмұндарының өзара тәуелділігімен қортындыланады: жалпы дене дайындығының мазмұны таңдаған спорт түрінің ерекшеліктері есепке алынып анықталады, ал арнайы дайындықтың мазмұны жалпы дайындықтың жасаған адғы шарттарына тәуелді.


Бақылау сұрақтары
1.Спорттық жарыстар жүйесінің негізгі бағыттары
2.Материалдық-техникалық қамтамасыздандыру
3. Спорттың қаржыландырылуы
4. Спорттық жаттығу құрылымының жалпы сипаттамасы
5. Спорттық жаттығу әдістері

26 Лекция сабағының тақырыбы: Спорттық дайындық жүйесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет