Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Жас және ер жеткен жастағы тұлғалардың дене дайындығы мен дене дамуының ерекшеліктері



бет95/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   147
Жас және ер жеткен жастағы тұлғалардың дене дайындығы мен дене дамуының ерекшеліктері 18 ден 29 жас арасындағы жастағыларды жастық шақ, ал 30 дан 55 – ке дейінгілер (әйелдер) мен 60 жастағыларды (ерлер) кемелденген шақ деп есептейді.
18-29 жас аралығындағы жаста адамда қозғалыс қызметінің жаттыққандық жоғары деңгейі, әсіресе оның күшінің кемелденуі мен жұмыс қабілеттілігі сақталады, әртүрлі спорт түрлерімен шұғылдану үшін және оларда жоғары спорттық нәтижелерге жетуде қолайлы алғы шарттары қалыптасады.
30-60 жастар аралығында адамның дене дамуы мен дене потенциалы деңгейінің бірқатар көрсеткіштері біртіндеп ұдайы төмендейді. Сонымен бірге, дененің массасы, тыныс алу жиілігі, систолалық қысым арту жағына қарай өзгереді, ал дене дайындығы көрсеткіштері төмендейді.
Ересек, кемелденген адамның бұлшық еттері негізінен өзінің қызметтік қасиеттерін сақтайды, алайда қозғалыс аппаратының морфологиялық сипатында 30-35 жастарда елеулі кері кетушілік өзгерістер көрінеді. Бұған бәрінен бұрын сіңір-желбезек аппаратының созылғыштық қасиетінің, яғни оның беріктігінің төмендеуі, егделігіне байланысты сүйектердің сынғыш, осалдығы, омыртқа жотасының бірқатар элементтерінің қатайуы, буындар қозғалмалылығының төмендеуі жатады (Бальсевич В.К, Запорожанов В.А. 1987 ж). 30 жастан кейін қозғалыс реакциясының жылдамдығы төмендей бастайды, яғни бұл жүйке жүйесі орталығы мен бұлшық ет қозуының және олардың тұрақсыздығының төмендеуіне тікелей байланысты. Жас келген сайын дененің үйлестік қабілеттері елеулі нашарлайды, жаңа қозғалыс әрекеттерін меңгеру мүмкіндігі төмендейді.
Сонымен бірге, ақыл-ой қызметінің басты бейнеде сандық параметрлері төмендеп, қортындысында тез шаршап, шалдығуға әкеледі. Геронтологияның (ағзаның құрылымы туралы) осы заманғы мәліметтері адам дамуының инволюциялық (дене мүшелерінің қайта бастапқы қалпына келуі) кезеңі бірінші кемелденген шақтан екіншісіне өтетін 30-35 жастарда басталады. Бұл кезең, шекара ретінде эволюциялық (бірте-бірте даму) және инволюциялық даму кезеңдерін бөліп тұрады. Адамның қозғалыс аппаратының морфофункционалдық қасиетінің жасына қарай өзгеруінің сипаты өмір сүру бейнесінен, оның дене белсенділігінің мазмұны мен деңгейіне байланысты.
Ғылыми және тәжірибелік мәліметтер үйлесімді қозғалыс қызметінің көмегімен ағза қызметінің кері кетуін (регресс) төмендету арқылы инволюциялық өзгеріс процесін принципінде басқаруға болатынын дәлелдейді. Адамның жас ерекшеліктеріне сәйкес дене белсенділігін дұрыс ұйымдастыру орташа және жоғары емес қарқындағы жүктемемен ағзаға әртүрлі сипатта әсер ететін жүйелі дене жаттығуымен шұғылдануды ұсынады.
Адам ағзасының табиғи мүмкіндіктеріне қарай 50 жасқа дейін дене жүктемелерін шамамен дамыту сипатында өзінің жеке оттегін максимальды пайдалануының (ОМП) 60-75% пайыз шегінде, ал 50 жастан асқан соң – ОМП 50% пайыз шегінде жүктемені көтермелейтіндей (Амосов Н, 1985) орындауы тиіс.
Бұл жүктемелердің екі түрін де тамыр соғуы жиілігіне қарай анықтауға болады, өйткені жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) мен оттегіні максимальды пайдалануының (ОМП) арасында линиялық тәуелділік анықталған. Белгілі бір дене жүктемесін орындауды қамтамасыз ететін оттегі (оттегісіз кеңістікте өмір сүре алмауы) шығынның деңгейін мына арнайы кестеден анықтауға болады.
Аэробты мүмкіндіктің әртүрлі деңгейіндегі шамамен тамыр соғуының жиілігі (минутына / тамыр соғуы).
(Schepazd,1971ж)

Аэробты мүмкіндік

Жасы




20-29 жас

30-39 жас

40-49 жас

50-59 жас

60-69 жас




Ер

әйел

ер

әйел

Ер

Әйел

ер

әйел

Ер

әйел

40

115

122

115

120

115

117

111

113

110

112

60

141

148

138

143

136

138

131

134

127

130

75

161

167

156

160

152

154

145

145

140

142

100

195

198

187

189

178

179

170

171

162

163

Бұл кестеде 20 жастан бастап 70 жасқа дейінгі жасына және жынысына қарамай оттегіні максимальды пайдаланудың (ОМП) кез келген мөлшерінде дене жүктемесінің деңгейін көрсетеді. Мысалы, ОМП 75% пайыз деңгейінде 25 жастағы ер адамның тамыр соғуы минутына 121 рет соғуға тең жиілікпен дене жүктемесін орындауы тиіс.


Жас және ересек жастағыларға аптасына кемінде үш рет қосымша сауықтыру және рекреативтік сипаттағы дене жаттығуларымен шұғылдану ұсынылады.
Шұғылданудың ұзақтығы жастарға 2 сағаттан және ересек жастағыларға 1,5 сағаттан аспауы тиіс.
Кез келген жастағы адамдардың белсенді шұғылдануы ағзаның өмірлік тонусын (жүйке жүйесі мен бұлшық еттердің физиологиялық күш қуаты) арттырады, әртүрлі тектегі, әсіресе жүрек-қантамыры және суықтаған ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі. Дене жаттығуларымен жүйелі шұғылданған ересек жастағы адамдар шұғылданбағандарға қарағанда 2-3 есе аз ауырады, ал дене дайындығы мен денсаулық жағдайы жағынан өзіне 10-15 жас кішілермен тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет