Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Ғылыми ұйымдастыру еңбегіндегі дене мәдениеті



бет94/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   147
Ғылыми ұйымдастыру еңбегіндегі дене мәдениеті. Дене мәдениетін ғылыми ұйымдастыру еңбігіне (Ғ¦Е) ендіру айтарлықтай қажеттілік болып табылады. Ғылыми ұйымдастыру еңбегі, ғылым жетістіктері мен озық тәжірибелерді тұрақты пайдалануды негізге алып еңбек процесінде еңбек өнімділігін арттыру мақсатында адамдар мен техниканың өзара келісімді әрекетін үйлесімді қарастырады. Дене мәдениетін ғылыми ұйымдастыру еңбегіне ендірудің айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық маңызы бар. Бұл дене мәдениетінің жоғары жұмыс қабілеттілігіне, жақсы дене дайындығына және денсаулықты нығайтуға жетудің ажыратылмайтын қозғаушы күші ретіндегі барлық қызметімен айқындалады. Ғылыми ұйымдастыру жүйесіне дене мәдениетін ендірудің қоғамдағы басты мақсаты еңбекшілердің денсаулықтарын нығайту және денелерінің жан-жақты үйлесімді дамуы базасында еңбек өнімділігін арттыруға жәрдемдесу болып табылады.
Бұл мақсат еңбек қызметі процесінде дене мәдениеті құралдарымен іске асырылатын келесі спецификалық міндеттерде нақтыланады:

  1. Кәсіпке оқытып үйрету кезеңінде (кәсіптік білім беру коледждерінде, училищелерде, жоғары оқу орындарында) таңдап алған еңбек қызметіне қажетті кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы деңгейін қамтамасыз ету (яғни таңдаған мамандығына сәйкес спецификалық дене сапалары деңгейін арттыру және қажетті кәсіби қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру).

  2. Тікелей еңбек қызметі процесінде (яғни жұмыс күні барысында) үйлесімді қозғалысқа мүмкіндік туғызу (қалыптастыруды жетілдіру, жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау және оның төмендеу қарқынын азайту).

  3. Жұмыстан кейінгі уақытта арнайы бағытталған белсенді демалысты пайдалану жолымен жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге жәрдемдесу, сонымен бірге еңбектің қолайсыз жағдайына байланысты туындаған ағзадағы кереғар өзгерістерді жою.

Жоғарыда айтылған міндеттерді табысты шешудің нәтижесінде адамның денсаулығы жақсарады, оның ұзақ жылдарға шығармашылық қабілеті және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділігі артады.
Бұл міндеттер мыналарға байланысты нақтыланады:

  • еңбектің мазмұны мен сипатына қарай (ақыл-ой немесе дене еңбегі, жұмыстық күш салудың ұзақтығы және күштенуі).

  • өндірістік жағдайдың ерекшеліктеріне (технологиялық, гигиеналық және т.б.);

  • еңбек қызметіндегі және оның жағдайларындағы қойылатын талаптарға ағзаның жауап беру реакциясы (ағзаның негізгі жүйелеріндегі қызметтік өзгерістер сипаты, шаршап шалдығу дәрежесі және т.б.).

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒ¦) жүйесінде дене мәдениетін бағытты пайдалану формалары мен міндеттерін нақтылау кезінде, сонымен бірге еңбекшілердің жас және жыныстық ерекшеліктері, дене дайындығы деңгейі, денсаулық жағдайы ескеріледі. Е.Ғ.¦. жүйесінде дене мәдениетін мақсатқа лайықты пайдаланудың үш өрісін (сферасын) бөліп көрсетеді: 1) еңбек процесі ауқымында; 2) еңбек процесімен тікелей байланыста (өндірісте), бірақ одан тыс өзінің шегінде; 3) өндірістен тыс, бірақ оның талаптарына сәйкес байланыспен (кәсіптік-қолданбалы дайындық жүйесінде, сонымен бірге дене шынықтыру қалпына келтіру шараларында).
Дене мәдениетін еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесіне (ЕҒ¦) ұйымдасқан түрде ендіру нәтижесінде еңбек өнімділігінің елеулі артатындығын, ауруына байланысты жұмыстан қалушылықтың азайуы, көп жылдық еңбек ету қабілетінің артатындығын көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет