Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет92/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

2. Сабақтың негізгі бөлімі. Негізгі бөлімінің мақсаты барынша маңызды, сол сабақтың оқу бағдарламасы мен жоспарында қарастырылған сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттері шешу болып табылады.
Негізгі бөлімнің басында жаңа қозғалыс әрекеттері немесе олардың элементтері үйретіледі. Бұрын меңгерілген дағдыларды бекіту және жетілдіру сабақтың негізгі бөлімінің ортасында және соңында өткізіледі. Жылдамдық, жылдамдық-күш сапаларын, қозғалыстың нәзік үйлесімділігін көрсетуді талап ететін жаттығуды сабақтың негізгі бөлімінің басында, ал күш және төзімділікпен байланысы бар жаттығулар соңында орындайды. Арнайы төзімділікті тәрбиелеу, егер ол жоспарланған болса, онда жалпы төзімділікті дамытудан бұрын орындалады. Сабақтың негізгі бөлімінің барлық жаттығуларының құрамы ағзаға жан-жақты әсер ететіндей болуы тиіс.
Көңіл күйдің тонусын сүйемелдеу және сабақта өтілген материалды бекіту үшін негізгі бөлімді қозғалыс-қимыл, ойындық үйренген қозғалыс кіретін жаттығулармен аяқтаған жөн.
Сабақтың негізгі бөлімінің созылу ұзақтығы сабақтың созылуына, көлеміне және жүктеме қарқынына, шұғылданушылардың жасына және жынысына т.б. байланысты. Мектептегі дене тәрбие сабағының созылу ұзақтығы әдетте 25-30 минутқа созылады.
3. Сабақтың қорытынды бөлімі. Сабақтың қорытынды бөлімінің мақсаты шұғылданушылар ағзасының қызмет ету белсенділігін төмендету және оны байсалды, тыныштық қалыпқа түсіру. Осы мақсатқа сәйкес бірқатар төмендегі әдістемелік міндеттер шешіледі:

  • жекелеген бұлшық ет топтарының артық күш салуы мен физиологиялық қозуы төмендейді (баяу жүгіру, байыппен жүру, терең тыныс алуға және босаңсуға жаттығулар, өзіне-өзі массаж жасау);

  • көңіл-күйі жағдайын реттеу (тынышталдыратын қозғалыс-қимыл ойындары, ойындық тапсырмалар, көңіл аудару жаттығулары);

  • шұғылданушылардың қызмет нәтижесін оқытушының бағалауымен сабақтың қорытындысын шығару (мұнда шұғылданушылардың келесі сабақтардағы саналы белсенділігін арттыруды және одан әрі арттыруды қарастыру қажет);

  • дененің әлсіз бөліктерін көтермелеу үшін дене жаттығуларымен өз бетімен шұғылдану үшін үй тапсырмасын беру. Сабақтың қорытынды бөлімінің ұзақтығы 3-5 минут.

Әр сабаққа қойылатын мақсат. Әрбір сабақтың алдында міндетті түрде нақтылы мақсат қойылуы тиіс. Дене тәрбиесінің әдістемесінде олардың бағытынан айқындалатын үш мақсатқа бөлу белгіленген: білім беру, сауықтыру және тәрбиелік. Педагогикалық міндеттерді мүмкін нақтылы, білім беру, яғни қозғалыс әдістерін меңгеру деңгейі көрсетілуі қажет шығар.
Білім беру міндеттері оқушыларды дене мәдениеті бойынша дене жаттығуларын орындау біліктілігі және дағдыларымен қаруландырады.
Дене тәрбиесі сабағын өткізудің ілімі мен практикасында міндеттерді нақтылаудың және тұжырымдаудың келесі тәртібі қолданылады.
Қозғалыс әрекетіне үйрету кезінде сабақтың мақсаты келесі бейнеде тұжырымдалады:
1/ қозғалыс әрекетімен таныстыруда: “әдіспен таныстыру...” (одан әрі меңгерілетін жаттығу немесе оның бөліктері көрсетіледі);
2/ қозғалыс әрекетін үйренуде : “Орындау әдісін үйрену ...”;
3/ қозғалыс әрекетін жетілдіруде: “Орындау әдісін жетілдіру...”
Сабақта бірінші қайсы бір қозғалыс әрекетінің әдісімен таныстыру, екінші үйрену, үшінші жетілдіру міндеттері шешіледі.
Сауықтыру міндеттері белгілі бір жастағы мүмкін болған дене дайындығы мен дене дамуын, дене тұлғасының қалыптасуын және шұғылданушылардың ағзасына жаттығулардың сауықтыру әсерлілігі үшін дене тәрбиесі сабағында барынша жақсы жағдай жасауды қамтамасыз етуді қарастырады.
Сауықтыру міндеттерін іске асыру келесі бейнеде тұжырымдалады: “жүру және жүгіру кезінде дене қалпын зорланбай еркін ұстауға қол жеткізу арқылы дұрыс дене сымбатын қалыптастыру”, “кросстық жүгіруді қолданып, жалпы төзімділікті дамыту” және т.б.
Дене сапаларын тәрбиелеу міндеттерін шешуде қысқа терминологиялық жазбамен төмендегіше тұжырамдау ұсынылады: “Қысқа қашықтыққа жүгіруде қозғалыс шапшаңдығын тәрбиелеу”, “жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді орындау кезінде жылдамдық-күш сапаларын тәрбиелеу” және т.б. Жоғарыда келтірілген мысалдар көрсеткендей, міндеттерді тұжырымдаудағы бірінші сөз – бұл “тәрбиелеу” одан әрі нақтылы дене сапасы, содан кейін міндетті түрде нақтылы міндетті шешуге жәрдемдесетін жаттығу көрсетіледі.
Тәрбиелік міндеттері оқушының жеке тұлғасының сапалары мен қабілеттерін тәрбиелеуде дене жаттығуларымен шұғылданудың пайдалы әсерін қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаның тәрбиелеу міндеттерін шешуде шұғылданушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу материалы мазмұнының ерекшелігіне (спецификасына) сәйкес тұжырымдау нақтыланады, мысалы: “Гимнастикалық ешкіден секіріп түсуде батылдыққа тәрбиелеу”, “5 км шаңғымен жарыста шыдамдылық сезімін тәрбиелеу” және т.б.
Шешетін міндеттеріне байланысты сабақтардың жіктелу (классификациялануы). Білім беру, сауықтыру немесе тәрбиелік міндеттерін шешуге басым бағытталған белгісіне қарай сабақтар төрт топқа жіктеледі.
1/ Құрастырылған (комбинированный) сабақтар. Бұларда дене тәрбиесінің барлық үш міндеті топтары (білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру) бірдей ұсынылған.
2/ Сауықтыру бағыты басым сабақтар екі вариантта өткізіледі: бірінші – дамыту (қалыптастыру) сабақтары, яғни ағзаның әртүрлі жүйелерін дамытуға қызмет ететін, екінші – қалпына келтіретін (реабилитациялық), яғни күшті және жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіреді.
3/ Тәрбиелеу бағыты басымырақ сабақтар нақтылы адамгершілік, өнегелілік немесе эстетикалық тәрбие міндеттеріне байланысты жіктеліп, бөлінеді (дифференцияланады).
4/ Білім беру бағыты басымырақ сабақтар дидактикалық бес түрге бөлінеді: кіріспе сабақ, жаңа материалды үйрену сабақтары, жетілдіру сабақтары, аралас (кешенді) сабақтар, бақылау (сынақ) сабақтары.
Кіріспе сабақтары оқу бағдарламасының жаңа тарауларын оқып, үйрену кезінде оқу жылының, тоқсанның басында өткізіледі. Бұл сабақта оқытушы балаларды алдағы кезеңдегі оқу процесі жұмыстарының негізгі міндеттері және мазмұнымен, сынақ талаптарымен, оқу нормативтерімен таныстырады.
Жаңа материалдарын оқытып, үйрету сабақтары. Олардың негізгі міндеттері оқушыларды жаңа қозғалыс әрекеттерімен және оларды бастапқы меңгеру жолдарымен таныстыру болып табылады.
Жетілдіру сабақтары оқу материалын тереңдетіп үйрету және бекіту үшін қолданылады.
Аралас, кешенді сабақтарда жоғарыда аталған сабақ түрлері үшін тән міндеттер мен элементтері мазмұндас болады. Мұндай сабақтарда оқытып, үйрету, дене сапаларын дамыту, шұғылданушылардың дене дайындығы деңгейін бақылау және т.б. бірге іске асырылуы мүмкін. Сабақтың бұл түрі дене тәрбиесіндегі іс тәжірибеде барынша кең қолданылады.
Бақылау сабақтары шұғылданушылардың үлгерімі мен дайындық деңгейін анықтауға, олардың білімді, біліктілік пен дағдыларды тақырып немесе тарау бағдарламасы бойынша меңгеруін тексеруге бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет