Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет99/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Бақылау сұрақтары:
1. Ересек тұрғындар арасындағы дене тәрбиесінің негізгі бағыттары.
2. Тұрғындардың ересектер контингентіне сипаттама.
3. Дене тәрбиесі ерекшелігін сипаттайтын әлеуметтік факторлар.
4. Ересектер дене тәрбиесінің негізгі бағыттарының мақсаты мен міңдеттері.

21 Лекция сабағының тақырыбы: Студент жастардың дене шынықтыруы.




Сабақтың мақсаты: Мамандық бойынша шұғылданушыларға студент жастардың дене шынықтыру процесін оқытып үйрету.
Жоспары:
1. Кәсіптік білім беру кұрылымындағы студенттердің дене шынықтыруының мазмұны мен кызметтері.
2. Оның мақсаты, міндеттері, түрлері мен мазмұны.
3. Оқу үрдісін ұйымдастыру және оку топтарын кұру әдістемесі.
4. ЖОО кафедрасы жұмысының және спортклубының құрылымы мен мазмұны.


Лекция мәтіні: Студенттердің дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт туралы Негізгі заңдарында дене мәдениеті жоғары оқу орындарында оқу пәні ретінде және жеке тұлғаны бүтіндей дамытудың маңызды құралы (компоненті) ретінде ұсынылған. Жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде және студенттерді оқу жылдарының барысында кәсіби дайындауда дене мәдениеті гуманитарлық білім берудің компонентінде міндетті бөлім болып, оның маңызы рухани және дене күштері арқылы дансаулық, дене және психикалық аман-саулық, дене жетілуі сияқты жалпы адам құндылықтарын қалыптастыруда көрінеді.
Дене мәдениеті өзінің білім беру және дамыту қызметтерін дене тәрбиесінің мақсатты бағыттағы педагогикалық процесінде барынша толық іске асырады.
Студенттер дене тәрбиесінің мақсаты жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Дене тәрбиесінің міндеттері Студенттердің дене тәрбиесі процесінде келесі негізгі міндеттер шешіледі:

  • жеке тұлға дамуында және оны кәсіби қызметке дайындауда дене мәдениетінің рөлін түсіну;

  • дене мәдениетінің ғылыми-практикалық негіздерін және салауатты өмір бейнесін білу;

  • дене мәдениетіне, салауатты өмір стилін қалыптастыру, өзінің денесін өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу, дене жаттығуларымен және спортпен тұрақты шұғылдануға қажеттілік сұраныс мотивациялық-құндылық қатынасты қалыптастыру;

  • денсаулықты сақтау және нығайту, психикалық сәттілік, психикалық дене қабілеттерін дамыту және жетілдіру, тұлғаның сапасы мен қасиеті дене мәдениетіндегі өзін-өзі қамтамасыз ететін біліктілік пен дағдылардың практикалық жүйесін меңгеру;

  • студенттің болашақ кәсіби мамандығына психикалық дене дайындығын анықтайтын жалпы және кәсіби-қолданбалы дене дайындығын қамтамасыз ету;

  • өмірлік және кәсіптік мақсаттарға жету үшін дене шынықтыру және спорттық қызметті шығармашылықпен пайдаланудың тәжірибесін алу.

Жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жоғары оқу орындары факультеттерінің оқу жоспарларында барлық бағыттағы және жалпы мәдениет дайындығы пәнінің арнайы жоғары кәсіби білім беру циклында “Дене мәдениеті” пәніне барлық оқу кезеңдеріне дене тәрбиесі жоғары оқу орындарына арналған оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес семестр сайын сынақ алынуымен міндетті түрде жылына 408 оқу сағаттарын бөлу қаралған.
Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасының мазмұныДене тәрбиесі студенттердің оқу жұмыстары режімінде оқу жоспарлары және бағдарламаларымен белгілі ережелерге бағындырылады және олар өңделіп, дайындалып Қ.Р. Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі. Дене тәрбиесінен мемлекеттік оқу бағдарламасы барлық жоғары оқу орындарының студенттері үшін дене мәдениетінен білім, қозғалыс біліктілігі мен дағдылары, дене сапаларын дамыту деңгейінің міндетті түрдегі орындайтын көлемін анықтайды.
Студенттердің дене тәрбиесінен бағдарламасы үш негізгі тараулардан тұрады: ілімдік, практикалық және бақылау.
Ілімдік тарау. Тараудың материалы студенттерге табиғи және әлеуметтік процестерді түсіну үшін қоғам мен жеке тұлға дене мәдениеті қызметін жүргізуде ғылыми-практикалық және арнайы білімді, олардың бейімді біліктілігі, жеке тұлға ретінде және кәсіби дамуы үшін шығармашылықпен пайдалану, жетілдіру, оқу, кәсіби және әлеуметтік мәдени қызметін орындау барысында салауатты өмір бейнесін қалыптастыруды ұйымдастыру болып табылады.
Ілімдік тарау ғылыми-практикалық білімнің және дене мәдениетіне қатынаста дүние танымдық жүйесін қалыптастырады.
Білім дене тәрбиесі кафедрасы оқытушыларының лектер бойынша лекция сабақтарында 26 сағат көлемінде оқытылады.
Лекциялық курс келесі тақырыптар бойынша оқытылады: “Студенттерді жалпы мәдени және кәсіби дайындаудағы дене мәдениеті”, “Дене мәдениетінің әлеуметтік-биологиялық негіздері”, “Студенттің салауатты өмір бейнесі негіздері”, “Оқу еңбегі мен интеллектуалдық қызметтегі психофизиологиялық негіздері”. “Жұмыс қабілеттілігін реттеудегі дене мәдениеті құралдары”, “Дене тәрбиесі жүйесіндегі жалпы және спорттық дайындық”, ”Дене жаттығуларымен өз бетінше шұғылдану әдістемесінің негіздері”, “Спорт. Спорт түрін немесе дене жаттығуларының сауықтыру жүйесін жеке таңдау”, “Таңдап алған спорт түрлерімен шұғылданудың немесе дене жаттығуларының сауықтыру жүйесінің ерекшеліктері”, “Дене жаттығуларымен және спортпен шұғылданушылардың өзін-өзі бақылауы”, ”Студенттердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығы”.
Бұдан басқа студенттер практикалық сабақтарда және ұсынылған әдебиеттерді өзбетінше оқып зерттеу жолымен білім алады және оны одан әрі тереңдетеді.
Практикалық тарау. Бұл тараудағы оқу материалы дене мәдениеті мен спорт құралдары және әдістерін меңгеруге, онда өздері жеке тәжірибе алуларына, яғни өздігінен, мақсатты бағытта және шығармашылықпен дене мәдениеті және спорт құралдарын пайдалануға қызметтік және қозғалыс қабілеттерінің деңгейін арттыруға, жеке тұлғаның қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаның практикалық тарауы оқу топтарындағы (12-15 адам) әдістемелік-практикалық және оқу-жаттығу сабақтарында іске асырылады.
Әдістемелік-практикалық сабақ дене мәдениеті және спорт құралдары арқылы оқу, кәсіби және өмірге қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін студенттердің меңгеруін қарастырады.
Бұл сабақтардағы студенттер қызметі іс жүзінде нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін әдістерді шығармашылықпен меңгеруге бағытталады. Әрбір әдістемелік-практикалық сабақ сәйкес келетін ілімдік тақырыпқа сәйкестендіріледі.
Бағдарламаға лекциялық курспен байланысы бар міндетті әдістемелік-практикалық сабақтардың келесі тізімі қарастырылады:

  • өмірде маңызды біліктілік пен дағдыларды (жүру, жүгіру, шаңғымен жүру, жүзу) тиімді және үнемді меңгерудің әдістемелері;

  • шаршауды, шалдығуды және дене мәдениеті құралдарын олардың бағытты түзетілуі үшін жұмыс қабілеттілігіне өзі баға берудің қарапайым әдістемелері;

  • дене тәрбиесінің сауықтыру, рекреациялық және қалпына келтіру бағытындағы жеке бағдарламасын құру әдістемесі;

  • өзіне-өзі массаж жасау әдістемесінің негіздері;

  • көзге арналған өңдеу (коррегирующий) гимнастикасының әдістемесі;

  • гигиеналық немесе жаттығу бағытындағы дене жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануды қөру және өткізу әдістемесі;

  • дене мүсіні мен дене бітімін түзету және бағалау әдістемесі;

  • денсаулық жағдайы мен дене дамуын (стандарты, бағдарламасы, формуласы және т.б.) өзін-өзі бақылау әдістері;

  • ағзаның қызметтік жағдайын (функциональдық сынау) өзін-өзі бақылау әдістері;

  • оқу-жаттығу сабағын өткізу әдістемесі;

  • таңдап алған спорт түрінен арнайы, дене және спорттық дайындығын өзін-өзі бақылау әдістері;

  • жекелеген дене сапаларын бағытты дамыту үшін дене мәдениеті құралдарын пайдалану және жеке жолын табу әдістемесі;

  • таңдап алған спорт түрінен өтетін жарысқа төрешілікті ұйымдастыру әдістемесінің негіздері;

  • дене мәдениеті және спортпен шұғылдану сабақтарында қолданылатын психологиялық сезім жағдайын реттеу әдістері;

  • спорттағы бұлшық ет ширықтыру (релаксациясы) құралдары мен әдістері;

  • кәсіби-қолданбалы дене дайындығының жекелеген элементтерін өздігінен меңгеру әдістемесі;

  • жасалынған жағдай мен еңбек сипаты ескеріліп өндірістік гимнастика өткізу әдістемесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет