Дене мәдениеті ілімі мен әдістемесінің оқытып,үйрету принциптері. Оқытып үйрету принциптерінің мазмұнын білу оқытушыға дене жаттығуларын үйрету жүйесінің заңдылықтарын көрсететін талаптарға сәйкес, оқытып үйретуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, оқу материалына оқушылардың саналы және белсенді қатысуын бағыттау, екіншіден, оқыту нәтижелілігін әділ бағалау, үшіншіден, оқытып үйретуді оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асыру, төртіншіден, педагогикалық жүйені қайталауымен, жүйелілікпен, біртіндеп және ретімен құрастыру.
Педагогикалық ғылымда принциптер деп педагогикалық жұмыс барысының заңдылықтарын ашып көрсететін аса маңызды бастапқы ережелерді, мұғалім және оқушы қызметін басқаратын принциптерді айтады. Принциптерде ғылыми фактілер мен көп ғасырлық педагогикалық іс-тәжірибенің біріккен жетістіктері жинақталып, іріктелген. Алайда принциптер ғылыми ақиқат пен іс-тәжірибенің ғана жемісі емес. Сонымен қатар олар бір талдауларды, осы дәлелді ақиқатгардың ашылуы және педагогикалық жұмыс барысында олардың тиісті жақтарын таратуды көрсетеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің сипаттамасында "принциптер" түсінігі, күрделі әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың жетекші заңдылықтарының өмір сүретіндігін ашып көрсету үшін қолданылады. Нақты педагогикалық жұмыс барысын жүзеге асыруда оларды басшылыққа алуға әрбір мұғалім міндетті. Мысалы, қазіргі кезеңдегі қоғамымыздың даму бағытындағы принциптерге сәйкес оқытудың кез келген саласы баланың жеке қасиеттерін қалыптастырумен бірге қатар жүруі қажет. Әскери және еңбек іс-тәжірибесіне байланысты принциптерге сәйкес дене жаттығуларымен шұғылданудың мазмұны оқушыны өмірге дайындаудың мына қажеттіліктерін ашып көрсетуі тиіс: жеке тұлғаны жан-жақты дамыту принципіне сәйкес кез келген қозғалыс-қимылына үйрету баланың адамгершілігіне, ақыл-ой және эстетикалық дамуына ықпал етуі тиіс, яғни сауықтыру бағытындағы принциптерге сәйкес әрбір педагогикалық қызмет барысын жоғарғы сауықтыру тиімділігіне бағыттаған жөн. Дене тәрбиесі жүйесіне тән бұл жалпы принциптер оқыту принциптерімен қоса жеке принциптер арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы, жекелік, дербес принципін жүзеге асырғанда баланың психофизиологиялық қызметіне жағымсыз әсер ететіндей қозғалыстар кимылын іріктеп, яғни тиімсізін алып тастауға мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі жүйесінің принциптерінен бөтен тек педагогикалық жүйе заңдылықтарын ғана көрсететін принциптер де болады. Дене тәрбиесінің ілімінде олар дене тәрбиесінің принциптері деп аталады (кейде әдістемелік принциптер деп аталуы да мүмкін).
Дене тәрбиесін педагогикалық жүйе ретінде сипаттайтын заңдылықтардың көп түрлілігіне байланысты, принциптер үш өзара байланысты мына топтарға бөлінеді: оқыту принциптері немесе арнаулы білім мен қозғалыс дағдыларының заңдылықтарын қалыптастыратын принциптер; дене мумкіншіліктерін тәрбиелейтін принциптер немесе күшті, шапшаңдықты т.б. арттыратын, сонымен бірге заңдылықтарды ашатын принциптер; дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде жеке тұлга ретінде баланы тәрбиелеу принциптері. Педагогиканың негізгі бір бұтағы бола отырып, дене тәрбиесінің ілімі жалпы педагогикалық принциптерді пайдаланады, бірақ оны оқытып үйрету материалдарының ерекшеліктерін есептей отырып жүзеге асырады. Бұл тарауда тек оқытып үйрету принциптері ғана қаралады.
Оқытып үйрету негізіндегі заңдылықтар өзінің қызмет ету мүмкіншіліктері бойынша бірыңғай емес. Осыған сәйкес оқыту принциптері өзара байланыстағы мына төрт топқа бөлінеді: қатынас принциптері, бағалау принциптері, сәйкестік принциптері және құрылым принциптері. Принцип топтарының атауы шартты болады, бірақ мұғалімдердің педагогикалық міндеттерді шешуде өздерінің игерген принциптерінің қызмет ету мүмкіншіліктерін қолданып бағыттауға арналған. Сонымен қатар принциптердің әрқайсысының атауы педагогикада және дене тәрбиесі ілімінде қалыптасқан сөз ұғымына (терминологияға) қайшылық келтірмейді.
Балалардың оқуға деген саналы түрде және белсенді көзқарасын қалыптастыру қажеттілігі саналылық және белсенділік принциптерінде қаралған. Қызметтік мүмкіншіліктерінің ұқсастығы негізінде оларды көзқарас принциптері тобына біріктірген жөн.
Оқу жүйесінің нәтижесін нақты бағалау қажеттілігі беріктік және ғылыми принциптерінде қарастырылған. Қызметтік мүмкіндіктерінің ұқсастығы негізінде сұрыптау, бағалау принциптері тобына бірігеді.
Баланы жеке, жыныстық және жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытып үйрету, жүргізу қажеттілігі жекелік, тиімділік және көрнекілік принциптерінде қарастырылған. Белгілі қызмет ету мүмкіншілігінің ұқсастығы негізінде оларды сәйкестік принциптері тобына біріктірген дұрыс.
Оқу материалының ең тиімді құрылымын жасау қажеттілігі қайталау, жүйелілік, реттілік және бірте-біртелік принциптерінде қарастырылған. Бұлар қызметтік мүмкіншіліктердің ұқсастық негізінде құрылым принциптерін құрайды.
Принциптер кеп түрлі, бірақ олар жеке тұлға есебінде балаға педагогикалық әсер етудің әр түрлі жақтарын белгілейді.
Кез келген жастағы адамдардың дене дайындығының әр түрлі деңгейінде және балаларды оқытып үйрету кезінде үйретуші жоғарыдағы айтылған принциптерді жүзеге асыруға міндетті. Алайда кейбір жағдайда оқытудың нақты міндеттері бір немесе өзге принциптердің маңызын арттыруы, сонымен қатар оны жүзеге асыру, әдістерінің түрін өзгертуі де мүмкін. Мысалы, жоғары деңгейде маманданған спортшыны даярлауда дербес, жекелей оқытып үйрету өте маңызды орын алады. Қарапайым қозғалыс-қимылдарына үйрету кезінде көрнекілік принципін жүзеге асыру, бейнелеп түсіндіру және көрсетумен шектелуі мүмкін. Ал өте күрделі қимылдарды меңгеруде кино қойылымға жүгінуге тура келеді.
Кейбір принциптерді жүзеге асыру, оқытып үйретудің белгілі бір ережелерін орындау арқылы жүзеге асырылады. Ереже, принциптердің жеке жақтарын аша отырып, бір немесе өзге принциптерді нақтылайды, тиісті принциптерден шыға отырып, ақырында оған бағынады. Жеке, дербестік принципі өзіне бірнеше ережелерді жатқызуы мүмкін. Сөйтіп, кез келген оқытып үйретуде оқу, үйрену арқылы үйренуде жеке, дербестік принципін жүзеге асыру мүмкіншіліктері туады, ал жеке ережелерді орындау нақты педагогикалық міндеттерге байланысты (принциптердің және ережелердің қатынастарына сәйкес мысалдар әр принциптің сипаттамасында келтірілген).