Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет15/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Ғылыми принципі. Ғылыми принцип педагогикалық процесті қазіргі кезендегі ғылыми білім деңгейіне сәйкес келетівдей етіп құруды міндеттейді. Дене тәрбиесінің кез келген қолданылатын құралдары, оқытып үйрету әдістері және сабақты ұйымдастыру түрлері бар принциптерге жауап беретіндей деңгейде болуы тиіс. Бұл принцип мұғалімнің өзінен ілімдік дайындығының мазмұнын үздіксіз жаңартып отыруды талап етеді. Сол себепті де ғылыми принципі оқу материалын игеру заңдылықтарына сүйенген оқу жүйесінің сапасын бағалау принципі есебінде қаралады.
Ғылыми принципін жүзеге асыра отырып, төмендегі мына ережелерді ескерген жөн:
-оқу материалын іріктеп алғанда ғылыми түсініктер мен дәлелдердің қазіргі жүйесінің бастауы есебінде пайдалану қажет. Ғылыми ақпарат, хабардың көлемінің өсуі, оның үнемі жаңарып отыратындығы еске алынуы жөн. Бұл мұғалімнен жаңа идеялар мен құбылыстарды бағалай білуді және оларды өз қызметінде пайдалануды, өзінің әрбір талаптарын тиісті заңдылықтармен негіздеуді талап етеді;
-ғылыми принципті артық қысқартулардан, басқаша түсіндіруден сақтау керек. Кез келген дидактикалық жүйе тиісті ғылыми жүйені дәл таныстыра алмайтындығы белгілі. Дидактикалық жүйеде ғылыми ақпарат педагогикалық заңдылықтарды ескере отырып, әрқашан да қайта жаңарып отырады. Алайда қайта өңдеуде дидактикалық жүйеде дәлелді түрде казіргі кезеңдегі ғылым деңгейі ескерілуге тиісті. Мұндай жағдай дене тәрбиесі мәселелерінің күрделілігін түсінуге, оқушыларды бірте-бірте, жан-жақты дайындауға мүмкіндік туғызады;
-педагогикалық және психофизиологиялық негізі бар оқыту әдісін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Бір әдістің әр түрлі әсер етуі мүмкіндігін есептей отырып, әрбір әдістің барлық сипаттамасын бағалай білу қажет;
-оқу жүйесіне зерттеу әдісін біртіндеп енгізу керек. Бұл екі бағытта жүзеге асырылады: біріншіден, мұғалімнің ғылыми тәжірибелік зерттеуі бақылауда, оқыту әдісін жетілдіру есебінде сынама жүйесінде қолданылады, екіншіден, балаларды талдау жасатып үйрету, ақыл-ойды дамыту есебінде үйренетін материалды салыстыра алу. Болашақта оқытып үйрету әдісі ғылыми әдістермен жақындасуы қажет; сөйлегенде тек ғылымда арнайы қабылданған түсіндірме сөздікті, (терминологияны) пайдаланған жөн. Бұның өзі балалардың ғылымды түсіну туралы дұрыс пайымдауларын туғызады, жеке дара және ұйымдасқан түрде өткізілетін жаттығу сабақтарында оқу материалын игеруді жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет