Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары



бет10/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық міндеттер негізгі мына үш бағытқа бөліп қарауды қажет етеді: жалпы дене тәрбиесі, кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі және спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.
Жалпы дене тәрбиесі денсаулықты нығайтуға және оқу, еңбек қызметінде жұмыс қабілеттілігін сақтауға бағытталған. Осыған байланысты дене тәрбиесінің мазмұны күш, шапшаңдық, шыдамдылық, ептілік, икемділік және буындардағы қозғалысты белгілі дәрежеде дамытатын өмірлік қажетті қозғалыс дағдыларын игеруге бағытталған. Жалпы дене тәрбиесі қалыпты өмір сүру үшін кез келген кәсіптік және спорттық қызметке мамандану үшін адамдарға қажетті дене дайындығының міндетті деңгейін қамтиды. Ал бұл жағдайлар мектеп жасына дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесі сабақтарында, жалпы дене шынықтыру үйірмелерінде, денсаулық топтарында т.б. жүзеге асырылады.
Кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі адамдардың еңбек және әскери қызметіне қажетті дайындығының сипаты мен деңгейін қамтамасыз етуге арналған (бұл мағынада жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімінің арнаулы дайындығы, ғарышкердің арнаулы дене дайындығы және т.б. деп ұғу керек). Адамның таңдап алған мамандығына немесе оны әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің дене шынықтыру дайындығы деп атайды, ал мұндай дайындықтың нәтижесінде белгілі бір дәрежеде тандап алған мамандығын игеруге және тиімді еңбек етуге дене дайын болса, дененің арнайы қызметке дайын болғандығы деп білеміз.
Дене дайындығы мен дененің шыныққандығы кәсіптік қызметтің нақты талаптарына байланысты болып келеді. Сондықтан да дене жаттығулары еңбек дағдыларын қалыптастыруға немесе болашақ еңбек қызметінің шарттарына сәйкес келетіндей етіп алынады. Адамды еңбек етуге дайындау үшін дене тәрбиесінің пайдалану мүмкіншілігі еңбек пен дене тәрбиесінің алдына қоятын талаптардың ұқсастығы негіз болған.
Кәсіптік бағыты бар дене тәрбиесі адамның таңдап алған мамандығын табысты меңгеруге және осы салада жоғары шеберлікке жетуге, сонымен бірге әскер қатарында қызмет етуге дайындық қабілетін дамытуға, оның денсаулығын жақсарту арқылы еңбек қызметіне дайындауға көмектеседі.

  1. Еңбек қызметінде де, дене тәрбиесінде де қозғалыс дағдылары жеке тұлғаның белсенділігіне байланысты.

  1. Жоғарыда аталған екі қызметте де адам ұжымда әрекет етеді. Еңбек және спорт ұжымдарының қызметінде көп ұқсастық бар:

- адамдардың өзара қарым-қатынасы және қызметінің тәртібі, ұжым мүшелерінің құқықтары, мақсаттары мен міндеттерінің болуы.

  1. Адамды қозғалыс дағдыларына үйрету және тәрбиелеу еңбек қызметінде де, дене тәрбиесі жүйесінде де бірыңғай заңдылықтар негізінде жүзеге асырылады: таным ілімі, уақытша шартты байланыстар құрылым ілімі, ақпараттандыру (информация) ілімі, қозғалыс еркіндігі ілімі.

  2. Еңбек қызметіндегі шеберлікті игеру және дене тәрбиесіндегі табыстарға жету мына жағдайларға тәуелді:

- таңдап алған қызметке саналы және белсенді көзқарас, өз жұмысының нәтижесіне канағаттану, қарым-қатынас сипаты, ұжымда өз орнын біле білу, денсаулық жағдайы, дене және ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі, тәжірибелілік, мүмкіншіліктерді дамыту деңгейі.
Кейбір жағдайларда жағымды ауысу механизмі бойынша дене тәрбиесінің нәтижесі оқуда табыстарға жетуге тиімді әсер етуі мүмкін. Еңбек қызметіне дене шынықтыру жаттығуларының тиімді әсер етуі дағды бойынша да, жеке адамның өзіне тән қасиеттері бойынша да болуы мүмкін.
Еңбек қызметіндегі белгілі бір қабілеттілікті көрсетуде дене жаттығуларымен шұғылданудың жағымсыз әсері басқа қабілеттілікті дамытумен өтеледі. Мысалы, футбол, бокс, ауыр атлетикамен айналысудың тиімсіз әсері, оқытудың бастапқы кезеңінде күштің көп түсуі және тепе-теңдік емес жағдайында жоғарғы жұмыс қабілеггілігіне, сезім тұрақтылығы және өзінің ерік-жігер күшіне сенімділіктің арту есебінен өтеледі. Тіпті, спорттың қай түрімен шұғылданбасын, адам ақырында 15-20 пайыз шапшаңдық көрсетеді, сонымен бірге жердегі жол қатынасы (транспорт) құралдарын жүргізуді меңгеруде, ұшақты ұшыру әдістерін игеруде спортпен белсенді түрде айналыспайтындарға қарағанда тез арада жоғары көрсеткіштерге жетеді.
Еңбек қызметінде дене жаттығуларымен шүғылдану негізінде үлкен тиімділікке жету үшін:
а) жаттығуларды ауыстыру құбылысы және оның түрлерімен, дене жаттығуларымен шұғылдану барысында кәсіби маңызды қабілеттілікті дамыту мүмкіншіліктерімен таныстыру, оларда кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесіне белсенді және саналы көзқарасты қалыптастыру керек;
ә) қозғалыс құрылымы физиологиялық және психологиялық қамтылу жағынан, кәсіптік қозғалыс-қимылының құрылымы жағынан өте жақын болатындай жаттығулар таңдап алынуы қажет;
б) арнаулы жаттығуларды үйрету арқылы еңбектегі қозғалыс- қимылдарды сенімді түрде орындау;
в)мүмкіндігінше дене жаттығуларының үлкен қорын (арсеналын), барынша пайдалану керек.
Дене жаттығуларын мамандықты игеруге көмек ретінде тиімді пайдалану үшін басты жағдайларының бірі - болашақ еңбеккерлердің кәсіби және жалпы қабілеттіліктерін болжау және дамыту, уақтылы зерттеу болып табылады. Әрбір адамның қабілетін анықтауда және дамытуда негізгі құрал ретінде дене жаттығуларын анықтағанымыз жөн болады. Оларды қолдану тиімділігі төмендегі жағдайларға негізделеді:
- дене жаттығулары психомоторлы құрылымы жағынан таңдап алынған кәсіби қызметке жақын болуы шарт;

  • адам ағзасының кез келген қызметіне (функциясына) жаттығулар іріктеліп алынған және қайталану арқылы әсер ететін болуы керек. Тек осы жағдайда ғана жаттығуды орындаудағы реакция кәсіби қабілеттіліктің жағдайына айқын көрсеткіш бола алады;

  • бақылау есебінде қолданылатын дене жаттығуларының сынамалары стандарттық талаптарға толық сәйкес келуі қажет.

Спорттық бағыты бар дене тәрбиесі дене шынықтыру жаттығуларын таңдап алған спорт түрінен мамандануды және одан ең жоғары табысқа жетуді қамтамасыз етеді. Спорттың белгілі бір түрінен жоғары табысқа жетуге бағытталған дене тәрбиесін "спорттық жаттықтыру" деп атайды. Спорттық жаттықтырумен бірге спорттан бағыт-бағдар беру барысы спорттық дайындық деген ұғымды білдіреді. Спорттық жаттықтыру кезінде таңдап алған спорт түрінен жоғары табыстарға жету үшін әр түрлі әдіс-тәсілдермен спортшының денсаулығын нығайтып, тұлғасының қызмет ету мүмкіншілігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажет. Олай болған жағдайда, спорттық жаттықтыру барысы да, дене шынықтыру дайындығы да мамандандырылған сипатқа ие болады, себебі олардың мақсат, мазмұны спорттың нақты бір түрінің талаптарымен байланысады.
Жоғарыда талданып, талқыланған үш бағыт та жалпы дене тәрбиесі жүйесінің алдына қойылатын міндеттер мен қағидаларға бағынышты. Кейбір жағдайларда әрбір бағыттың жекелеген міндеттерді шешуде айырмашылықтары болуы мүмкін. Мысалы, спорттық жаттығу кезеңінде шыңдалатын спорттық шеберлік адамды еңбек және әскери қызметке дайындыққа, сауықтыру, білімділік пен тәрбиелік міндеттерді қоса шешуге тәрбиелейді.
Дене тәрбиесінің іс-тәжірибесінде осы аталған үш бағыт бір-бірімен тығыз байланысып кетеді. Оған мынадай жағдай дәлел болмақ: жоғары оқу орнында оқып жүрген студент жалпы білім беретін орта мектепте дене тәрбиесінен тәлім тәрбие алатындығы сөзсіз, осыған қосымша институт, университет қабырғасында кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі курсын тамамдап, спорттық дайындықпен айналысуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет