Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет130/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   147
Алдын-ала дайындық сатысы кіші мектеп жасындағыларды қамтиды және спорттық маманданудың басталуымен келесі сатыға өтеді. Бұл сатыдағы жаттығу сабақтарында келесі міндеттер шешіледі:
1/ дене мәдениеті және спорт саласындағы білімді мүмкіндігінше меңгеру;
2/ жекелеген спорт түрлерінен қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының қажетті негізгі қорын қалыптастыру, оларды бекіту және жетілдіру;
3/ өсіп келе жатқан ағзаның қалыптасуына, денсаулықтың нығаюына, дене сапаларын, әсіресе жылдамдық, жылдамдық-күш қабілеттерін, жалпы төзімділікті басымырақ тәрбиелеуге әсер ету.
Балаларды дайындау құралдардың, әдістердің және ұйымдастыру формаларының әртүрлілігімен, әртүрлі спорт түрлерінің, қимыл-қозғалыс және спорттық ойындардың элеметтерін кең ауқымда пайдаланумен сипатталады. Ойын әдісі жаттығуларды жақсы көңіл күймен және зорланусыз орындауға, жәрдемдесу балалардың оқу тапсырмаларын қайталау кезінде қызығушылығын арттырады. Бұл сатыда бір тектес, бір қалыпты оқу материалын қолдану ұйғарылған үлкен дене және психикалық жүктемемен жаттығу сабақтары өткізілмеуі тиіс.
Бастапқы спорттық мамандану сатысы. Бұл сатыда негізгі міндеттері шұғылданушылардың жан-жақты дене дайындығы олардың үйлесімді спорттық әдісті одан әрі меңгеруі, әрбір спорт түрі үшін үйлесімді жаста барынша жоғары нәтижеге жету үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Маманданудың көпсатылық мүлде тар бағытқа жатпайтын сипаты бар. Таңдап алған спорт түрінің әдіс негіздерін және басқа дене жаттығуларын меңгерумен қатар таңдаған спорт түрінде дұрыс мамандану үшін қажетті маңызы бар дене сапалары мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды дамытуға ерекше назар аударылады.
Аз шамадағы арнайы жаттығулар көлеміндегі жан-жақты дайындық келесі тар мамандық ауқымындағы спорттық жетілдіру жаттығуларына қарағанда көбірек келешектігі бар.
Бастапқы мамандану жылдамдығы жүктеме динамикасының басымырақ негізгі мақсаты жаттығудың жалпы қарқындылығы көлемінің шамасы өсуі кезінде артуы тиіс. Жаттығу қарқыны өскенімен жалпы көлемінің артуына қарағанда оның арту дәрежесін барынша тар көлемде нормаға келтіру қажет.
Жүктеменің күштену шамасын сақтауда ағзаның қарқынды өсу және жетілу кезінде табиғи пластикалық, қуаттық және реттеуші процестердің тез өсуіне сәйкес өзінен өзі ағзаға күштену түсіретін болғандықтан ерекше ұқыптылық қажет. Жаттығудың үлкен циклдары кең ауқымдағы дайындық кезеңдерімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет