Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет125/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   147
Қозғалыс біліктілігі – бұл қозғалыс әрекетін орындауда тапсырылған қозғалыс үлгісін құруда шұғылданушының назарын елеулі шоғырландыру кезіндегі сәйкес келетін қозғалыс алғы шартына байланысты оның әдісі жайлы белгілі бір білім негізінде қозғалыс әрекетін орындау қабілеттілігі.
Қозғалыс біліктілігінің қалыптастыру процесінде сананың басты рөлімен қозғалыстың үйлесімді жолдарын іздеу пайда болады. Қозғалыс әрекетін көп рет қайталау нәтижесінде қозғалысты автоматты түрде орындауға біртіндеп әкеледі және қозғалыс біліктілігі оның кезінде қозғалыс автоматты түрде басқаратындай дәрежеде әдісті меңгерумен сипатталатын дағдыға айналады, ал бұл әрекет жоғары сенімділігімен айырмаланады.
Спорттық жаттығу процесінде қозғалыс біліктілігі жәрдемші қызмет атқарады.Ол мына екі жағдайда көрінуі мүмкін:
1) Барынша күрделі қозғалыс әрекеттерін алдағы уақытта үйрену үшін ұштастыру жаттығуларын меңгеру қажет болған жағдайда.
2) Сәйкес келетін қозғалыс әрекетінің әдістерін қарапайым меңгеруге қол жеткізу қажет болған жағдайда біліктілікті қалыптастыру қозғалыс дағдыларының алдағы қалыптасуының алғы шарты болып табылады.
Егер қажетті әсер ету жүйесі жиі, дәл берілсе және шамамен стереотипті,яғни көшірмесі болса қалыптасқан қазғалыс дағдылары тұрақты болады.


Спорттық дағдылардың тұрақтылығының негізгі ережелері мыналар:
1. Дағдыны тұрақтандыру оның бекітілетін ерекшелік белгілерінің көрінуі әрекетті қайталап орындау процесінде стандарттыға қарағанда жеңіл орындалады. Осыдан келіп келесі ереже шығады:басында әрекетті бүтіндей орындау дағдыларын бекітуді қозғалыс әдістерінің ең жақсы үйлесімді параметрлерінен ауытқуды туғызуға қабілетті қозғаушы күштерді мүмкіндігінше болдырмау жағын ұйымдастыру қажет және мұндай ауытқуды болдырмау үшін жүктеме мен демалысты реттеу, дағдыларды бекітіп, қалыптастыруға жәрдемдесетін сабақтың құрылымындағы жаттығуларды дұрыс бөлу, сыртқы орта жағдайын қалыптастыратын сәйкес техникалық құралдарын, тренажерларды, осы заманғы озық қондырғыларды пайдалану.
2. Тұрақтандырудың оңды сипатын қамтамасыз ету, яғни дағдыны тұрақтандыруға бағытталған барлық күш салу мәнін жоймау үшін қателік болмауы шарт. Сондықтан, жаттығудың тұрақтылығы салыстырмалы:оны қатесіз және қозғалыстың бекітілген параметрларінің дәлдігімен қайталау қажет. Тұрақтандыру кезеңінде және техникалық дайындықдың барлық сатыларында қабілетті дәл реттеуге және динамикалық параметрлерін анықтауға тәрбиелеуді үйлестіру, бүтіндей әрекеттердің ауыспалы сәттерін басқару қажет.
3. Жаттығудың үлкен циклының нақтылы сатысында жаттыққандығын дамытудың жалпы негізгі мақсатымен сәйкестендіріп көшірмеге(стереотип) айналдырмай оған қажетті тұрақтылық беретін жарыстық әрекеттердің дағдыларын бекіту мақсатқа лайықты болады.
4. Жарыстық әрекеттің қалыптасқан дағдыларын бекіту процесінде тұрақтандыруды қалыптастыратын жаттығулардың барлық параметрлері жаттығудың осы циклында белгіленген мақсатқа жетуге біртіндеп жақындауы тиіс.
Сонымен бірге, спортың жылдамдық-күш түрлерінде жылдамдық-күш сапалары біртіндеп барынша өсуі көрінетін жағдайда бірінші жоспарда дағдыларды тұрақтандыру проблемасы алға шығады. Мұнда зоналық қарқындылықты меңгеру әдісі қолданылады. Яғни, егер бірінші кезеңде жаттығулар негізіне ауырлықсыз 90 % аспайтын қарқындылықпен орындалса, тұрақтандыру кезеңінде бұл жаттығулардың елеулі бөлігінің қарқындылығы басында 90%-93%, ал содан кейін жарыстық әректке барынша жақындайды. Жылдамдық-күш қабілеттерінің аса көп көрінуін талап етпейтін спорт түрлерінде дағдыларды қалыптастырып, бекіту кезінде қозғалыс әдістерінің басты белгілерін тұрақтандыруды бірден қарқындылығы бойынша мақсатты деңгейдегі қолданыста қамтамасыз етуге болады.
Спорттық әдістің сенімділігі қалыптасқан дағдыларды сайыстың өзгермелі жағдайына сәйкестендіріп мүмкіндігіне қарай ,атап айтқанда дағдының вариативтілігіне қарай (өзгермелілігі) өзгертуге болады. Алайда дағдының тұрақтылығы мен динамикалығы тек (кереғар емес, сонымен бірге өзара себепші ьолады. Олардың байланысы әрекеттің берілген кинематикалық(дененің қозғалысын тексеретін механикалық бөлім) параметрлері оның әртүрлі жағдайда қолданылуы кезінде сол күйінше қалуы мүмкін.
Жарыстық әрекеттің әдістерінің мақсатқа лайық вариативтілігі олардың ақталған айнымалығымен сипатталады, яғни олар жарыс жағдайында бірдей және әрекеттің нәтижелілігін сақтауға жәрдемдеседі. Ол бекітілген қозғалыс формасынан ауытқуға әкеледі, бірақ жарыстық мақсатқа жетуге қажеттіліктен артық емес мөлшерде жіберіледі. Әртүрлі спорт түрлерінде оның вариативтілік дәрежі бірдей емес.
Спортшының бекітілген дағдыларды жетілдіру кезіндегі әдістік дайындығының негізгі міндеттерінің бірі спорт түрінің ерекшеліктеріне қарай сәйкес келетін вариативтілігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жаттығудың жекелеген формаларының, фазаларының жеклеген сипаттамасын бағытты түрлендіру жолымен іске асырылады. Түрлендірудің әртүрлі әдістерінің бастапқы негізгі жарыстық әрекеттің және жаттығудағы мақсатқа сәйкес жедел нұсқаулардың өзгеруінен, нәтижелілігіне тұрақты тапсырманы үйлестікпен берумен қортындыланады. Жарыстық жағдайдың барысында үздіксіз өзгеріске ұшырайтын стандартты емес әрекет құрамы бар спорт түрлері үшін (спорт ойындары, жеке сайыстар) бағытталған түрлендіру диапазоны барынша кең. Мысалы, футболда жарыстық әрекеттің тиімділігі жаттығуда қаншалықты шапшаңдыққа, тұрақтылыққа, доптың ұшу траекториясының биіктігіне, дәлдігіне, соққының ұзақтығына және т.б. мақсат ету кең ауқымда пайдаланылуына тәуелді болады.
Дағдылардың вариативтілігі және тұрақтылығымен қатар олардың сенімділігі де қажет. Ол психикалық орнықтылығымен, арнайы төзімділігімен, жоғары дәрежелі үйлестігіменен және спортшының басқа да қабілеттерімен анықталады. Спортшының жарыстағы әрекеті сенімділігі оның сыртқы және ішкі кедергі келтіретін қозғаушы күштерге қарамастан дағдыларын және қабілеттерін жетілдірудің кешенді нәтижесі болып табылады.
Кедергіге орнықтылыққа қалыптастырылған дағдыларды арттырудың негізгі жолдары мен жағдайлары мыналар болып табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет