Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі. Жүктемені мөлшерлеп бөлу (дозировка) - бұл оның көлемін және қарқынын бағытты реттеу деген ұғым. Мөлшерлеп бөлу мәселесі дене жаттығуларындағы жүктемені белгілеу бойынша ұсыныстармен шектелмейді. Шұғылданушыларға әсер ету күші тек жаттығулардың сипатына ғана емес, сонымен бірге оқу жұмысының мына элементтерімен де байланысты: түсіндіру, жаттығуларды көрсету, оқушыларды ұйымдастыру және т.б.
Әрбір нақтылы жағдайда оқытушы сабақта жүктеменің мүмкін болған үлкен көлемін қамтамасыз етуге ұмтылады (оның педагогикалық ақталғандығы жағдайы ескеріліп). Жүктеменің көлемінің көбеюі сабақтың барынша ұтымды жалпы тығыздығы нәтижесінде іске асады.
Сабақтың жалпы тығыздығы деп педагогикалық ақталған уақыттың барлық сабақтың ұзақтығына қатынасын айтады.
Педагогикалық ақталған уақытқа келесі қызмет түрлері немесе сабақ бөліктері жатады: оқытушылардың түсіндіргені, көрсеткені, оқытушының нұсқауын ұғыну және түйсікпен қабылдау, өз жолдастарының әрекетін ұйымшылдықпен талдау; дене жаттығуларын орындау және одан кейінгі қажетті демалыс; жәрдемші әрекеттер қайта сапқа тұрғызу; спорт қондырғыларын орнату, секіру шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.
Оку уақытының ақталмаған шығынына ұйымдастырудағы қойылған оқу-тәрбие міндеттерін шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып қалу жатады: сабаққа кешігіп келу және оны ерте аяқтау, тәртіп бұзуға байланысты сабақ үстіндегі үзілістер, спорт құрал-саймандарының жарамай қалуы, мұғалімнің кетіп қалуы.
Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы педагогикалық ақталған қызмет түрлері маңызды емес. Мысалы, амалсыз демалыс және жәрдемші әрекеттің аз мәні болады, ал сол бір уақытта оқушылардың өз жолдастарының әрекеттерін зерттеп және сын көзбен талдауы педагогикалық тұрғыдан сабақтың өте маңызды сәттеріне жатады (егер бұл оқытушының арнайы ұйымдастыруымен және оның тікелей қатысуымен өтсе). Мүмкіндігінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші әрекеттерді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.
Бұл үшін әр түрлі әдістер қолданылады: алдын ала оқушылардың жүретін барынша қысқа жолдарын белгілейді; артық сапқа тұрғызу және қайта тұрғызудан қашу; спорт қондырғыларын орнату және жинауды шұғылданушылардың ішінен арнайы кезекші тағайындап жарыс тәртібімен өткізеді.
Осы тәртіппен оқытушы түсіндіруге, өз бетінше жұмысқа және тікелей жаттығуды орындауға мүмкіндігінше көп уақыт бөледі. Сабақтың жалпы тығыздығына қолайлы келудің тәсілі осылай жасалады. Жаттығуды орындауға жұмсалған уақыт моторлы тығыздық ұғымымен байланысты, яғни жаттығуды орындауға кеткен уақыттың сабақтың жалпы уақытына қатынасы.