Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет48/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Бақылау сұрақтары

  1. Жеке тұлғаның бағдарлық қалыптасуының қозғаушы күштері мен шарттарын
    атаңыз.

  2. Дене тәрбиесі саласындағы интеллектуалдық, адамгершілік, еңбек және
    эстетикалық тәрбиелерінің міндеттері, мақсатгары, әдіс-тәсілдері мен түрлерінің
    ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

  1. Дене шынықтыру ұжымының тәрбиелік маңызы неде?

  1. Дене тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиенің өзара байланыстылығының мәнін
    түсіндіріңіз.

  1. Дене тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің өзара байланысын атаңыз.

  1. Спортпен шұғылдану барысында жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінің жалпы
    тәрбие жүйесіндегі рөлін сипаттаңыз.

10 Лекция сабағының тақырыбы: Сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздері.


Сабақтың мақсаты: Студенттерге сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздерін оқытып үйрету.
Жоспары:
1.Сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздері.
2. Сабақтарды құру түрлерінің жалпы сипаттамасы.
3. Сабақ құрылымының негіздері: Оқу сабақтарының сабақтағы және сабақтан тыс түрлерінің сипаттамасы.


Лекция мәтіні: Сабақты құру үлгісінің жалпы ерекшеліктері және әр түрлілігіДене жаттығулары сабағы дене тәрбиесі жүйесінің бөлігі болып саналады, яғни оларда іс жүзінде құралдары мен әдістері пайдаланьшады, сонымен бірге соңғы нәтижеде оның міндеттерінің негізін құрайтын дене тәрбиесінің принциптері жүзеге асады. Дене жаттығуларымен шұғылдану барынша әр түрлі - серуендеу, таңертеңгілік дене шынықтыру, спорттық сайыстар, суға шомылу, туристік жорықтар, дене тәрбиесі сабақтары және т.б. Дегенмен, олардың барлығында кейбір сәйкес жалпы заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтарды білу әрбір жекелеген жағдайда жете түсініп, барынша тиімділікпен дене жаттығуларының шұғылданушылардың ағзасына әсер етуін іске асыруға жағдай жасайды.
Дене жаттығуларының шұғылдану үлгілері мен мазмұнының өзара байланысының диалектикалық сипаты педагогикалык қатынаста өте маңызды болып табылады.
Шұғылданудың негізгі мазмұнын адамның денесін жетілдіруте бағытталған белсенді қозғалыс қызметі құрайды. Кез келген сабақтағы шұғылданушылардың қызметі қатынастық дербес элементтер қатарынан тұрады: дене жаттығуларының өзі, оны орындауға дайындық, белсенді демалыс және т.б. Өзара байланыс тәсілі немесе мазмұн элементтерінің құрылымы, дене жаттығуларымен шұғылдану үлгісін құрайды. Оған мыналар жатады: жаттығуды орындау тәртібі, шұғылданушылардың өзара байланыс сипаты, олардың ұйымдасуы және т.б.
Әрбір жекелеген жағдайда сабақтың шұғылдану үлгісі оны сапалы өткізудің негізгі педагогикалық ережесінің бірі болып табылып, мазмұнына сәйкес келуі тиіс. Егер сабақтың мазмұны дене сапаларын дамытуға бағытталған болса, онда жүктеме мен демалыстың қатаң жүйелілігін сипаттайтын жаттығуды орындаудың белгілі бір тәртібі қажет. Сабақтың нәтижесі оқушылардың ұйымшылдығына, сабақты өткізу уақытына, жаттығуды өткізу орнына және сабақ бөліктерінің басқа үлгілерін ұтымды пайдалануға байланысты. Атап айтқанда, сабақтың түрінің мазмұнына белсенді әсер етеді. Онымен бірге болып, шұғылданушылардың қызметіне тиісті табысты қамтамасыз етеді, ал кері жағдайда шұғылдану нәтижесі төмен болады. Үнемі сабақтың бір үлгісін пайдалану шұғылданушылардың дене дайындығының жетілуін тежейді. Сабақтың ескі үлгісін жойып және оны жаңасымен ауыстыру немесе керісінше, дене тәрбиесінің міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік жасайды.
Дене жаттығуларымен шұғылданудың әр түрлілігі мазмұндық және үлгілік қатынас тұрғыларында көрінеді.
Бұл нақты іс-тәжірибеде сабақты өткізу жолдарын кең ауқымда педагогикалық жұмыста шыдауға болмайтын әдістемелік дайын үлгіге еліктеуден қашып, әр түрлі әдістермен өткізуге мүмкіндік береді. Сабақ үлгілерінің оның нәтижесіне белсенді әсер етуі, оған барынша байыпты қатынастың қажеттілігін көрсетеді. Мұнымен дене тәрбиесінің ілімінде дене жаттығуларымен сабақтарды құрастыру мәселелеріне барлық уақытта үлкен маңыз берілгендігі түсіндіріледі. Жаңа уақыттағы (ХҮПІ-ХІХ ғ.) әр түрлі дене тәрбие жүйесінің негіздерінің ең басынан бастап осылай болды. Мысалы, неміс мектептік гимнастикасының авторы А.Шписс келесі сабақ құрылымын ұсынды: 1. Реттік жаттығулар. 2. Еркін жаттығулар. 3. Қондырғылардағы (снаряд) жаттығулар: а) қозғалмалы, б) қозғалмайтын. 4) Халықтық жаттығулар. 5) Ойындар. Мұнда әрбір жаттығу бөлімдерінің негізіне қозғалыс үлгілері алынған. Сонымен сабақты ұйымдастырудың формальді амалдары өмірге келді. Кешірек ол сокольдік гимнастикада және басқа да дене тәрбиесі жүйелерінде (Н.Буканың УМСА сабағында) дамытылды. Швед гимнастикасының негізін қалаушы П.Линг дененің негізгі бұлшық ет топтарын жүйелілікпен жұмысқа қосудың алдын ала қарастырылған жаттығу құрылымын өңдеп жасады. Мұнда әрбір жаттығуды мөлшер өлшемі (дозировка) және жаттығулардың бірізді жүйелілігі тамыр соғуының классикалық динамикасын қамтамасыз етуге тиі. Осылай сабақ әдістемесіндегі екінші бағыт - гигиеналық пайда болды. Екі бағытта да сабақты дұрыс, ұтымды ұйымдастырудың тек жекелеген жақтары ескерілді.
Кейінірек сабақты құрудың әр түрлі принциптерін қатар қолдану әрекеттерін байқап көрулер болды (Ж.Домени және т.б.), мысалы, Францияда келесі үлгі ұсынылды:

  1. Дайындық бөлімі: а) жүру, ә) қолға арналған жаттығулар, б) аяққаарналған жаттығулар, в) кеудеге арналған жаттығулар, г) күрделіқұрастырылған жаттығулар, д) симметриялық емес жаттығулар, е) тыныс алу жаттығулары.

  1. Негізгі бөлім: а) жүру, ә) өрмелеу, тепе-теңдік, тіреу, б) секірулер, в) ауырлықты көтеру және алып жүру, г) жүгіру, д) затты тастау және онымен жауынглерлік жасау, қорғану және шабуылдау.

  1. Қорытынды бөлім: а) жай жүру, ә) тыныс алу жаттығулары, ән айтып жүру, б) төбесінен су құю және ысқылау.

Мұнда дайындық және қорытынды бөлімдерінде гигиеналық бағыт бар да, ал негізгі бөлімінде бірінші жоспарға жаттығу түрлері алға шығады.
Бұлай келуде дене жаттығуларының ағзаға әсер етуінің бірлігі көп мөлшерде ескеріледі. Келесі қадам кеңестік дене тәрбиесі ілімімен жасалды. 1933 жылы гимнастикалық конференцияда сабақтың келесі үлгісі бекітіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет