Бақылау сұрақтары: 1.Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері.
2.Мектеп жасындағы балаларға дене шынықтырудың әлеуметтік-педагогикалық маңызы, бағыты мен міндеттері.
№14 Лекция сабағының тақырыбы : Мектеп жасындағы дене шынықтырудың жоспарлары мен бақылауы.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге мектеп жасындағы балалар дене шынықтыруының жоспарлау және бақылау жұмыстарын оқытып үйрету.
Жоспары: 1. Мектеп жасындағы дене шынықтыруды жоспарлау және бақылау
2. Жұмысты жоспарлаудағы басты бағыттар.
3. «Оқушылардың дене тәрбиесі» бағдарламасының сипаттаасы.
4. «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үрдісін жоспарлаудағы бірізділік.
Лекция мәтіні:Дене шынықтыру пәнінен мектеп бағдарламасы. Мектепте денешынықтыру пәні негізгі оқу пәнінің бірі ретінде оқытылады. Оқу жоспарындағы басқа пәндер сияқты денешынықтыру пәнінің де жалпы білім беру бағыты бар және оны оқыту міндетті болып табылады. Денешынықтыру пәнінен аптасына екі немесе үш рет сабақ өткізіліп, бір оқу жылына әрбір сыныпқа 70-105 жүктеме сағатты құрайды. Пәннің тақырыптық мазмұны және оқушыларға қойылатын талаптары Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламамен айқындалады.
Бағдарламаның құрылымы. Дене шынықтыру пәнінен мектеп бағдарламасы үш өзара байланыстағы бірақ бөлек жасалған бөлімдерден тұрады. Орта мектептің І-ІІІ (мектептің бастауыш сыныптарына сабақ беретін мұғалімдер үшін басқа пәндермен бірге жасалған бағдарлама), ІV-VІІІ және ІХ-ХІ сыныптары үшін бағдарлама.
Бағдарламаның түсіндірмелік жазбасында пәнді оқытудың басқа мақсаттарымен бірге сыныпта өтілетін сабақ кезінде іске асырылатын міндеттері көрсетілген және оқу материалын жоспарлауға және оның меңгерілуін бақылауға байланысты кейбір жалпы ұсыныстар беріледі. Әрбір сыныпқа арналған бағдарламалық материал тараулар бойынша мазмұндалады. І-ІІ сыныптарда бағдарламалық материал төртеу: ілімдік міліметтер, гимнастика, қозғалыс-қимыл ойындары, шаңғы дайындығы (республиканың оңтүстік аймақтарында кросстық дайындық). Одан әрі оларға мыналар қосылады: ІІІ - сыныпта - жеңіл атлетика, ІV - сыныптан - суға жүзу (келесі сыныптарда бұл тарау қосымша сабақ болып саналып, мектеп спорт ғимараттарының спорт базасының жағдайына қарай оқытылып, үйретіледі); V - сыныптан - "қол добы", немесе "баскетбол" (мектеп дене мәдениеті ұжымының таңдауы бойынша); VІІ - сыныптан бастап балалар үшін күрес түрі, ал қыздар үшін "көркем гимнастика"; ІХ-ХІ сыныптарда екінші міндетті түрдегі ойын - "Волейбол" өткізіліп, барлық оқу материалы талаптары жасөспірім боз балалар мен қыздар үшін бөлек мазмұндалады. "Шаңғы дайындығы" тарауы қарсыз (оңтүстік) аймақтарда "Кросстық дайындықпен" алмастырылады. ІV-ХІ сыныптардағы ілімдік мәліметтерден басқа әрбір тарауда оқу материалы келесі ретпен мазмұндалады: а/ ілімдік мәлімет (осы тарау бойынша); ә/ дағдылар мен біліктілік (мұнда материал жаттығу түрлері бойынша жасақталады, мысалы жеңіл атлетика тарауында - жүгіру, секіру, лақтыру); б/ қозғалыс сапаларын дамытуға арналған материал (сол тараудағы типтес жаттығулар); в/ оқушыларға қойылатын талаптар-білуге және меңгеруге тиіс басты көрсеткіштер. І-ІІІ сынып оқушыларына арналған бағдарламаны құру барынша қарапайым: мұнда ілімдік мәлімет (әрбір тарауда) және қозғалыс сапаларын дамытуға арналған арнайы бөлек материалдар жоқ.
Денешынықтыру пәні бағдарламасының құрылымы күрделі және өзгеше оқу жұмысын табысты іске асыру үшін мұғалім бағдарламалық материалды жақсы біліп қана қоймай, сонымен бірге оны талдауы, сабақта іске асырылатын міндетке қажетті жаттығуларды таңдай білуі тиіс.
Бағдарламалар тарауларының мазмұны Ілімдік мәліметтер тарауының мазмұны негізгі үш тақырыпқа топтастырылуы тиіс: гигиена – жалпы дене жаттығулары, Қазақстандағы дене мәдениеті және дене жаттығуларымен өзбетінше шұғылдана білуге қажетті мәліметтер. Әрбір сыныпта оқушылар өз жасындағылар үшін күн тәртібі туралы білімді алуы, шынығу процедурасы, сонымен бірге мыналарды білуі тиіс: І және ІІ сыныптарда дене жаттығуларымен шұғылдануға арналған киімді және одан кейінгі гигиеналық процедураларды, дене тұлғасы пішіні, дұрыс тыныс алу және таңертеңгілік гигиеналық гимнастика туралы; ІІІ-ІV сыныптарда - белсенді демалыс түрлері туралы; V-VІ сыныптарда- балалардың дене құрылысына дене жаттығуларының әсері және тамақтану күн тәртібі туралы (жас жеткіншектердің қарқынды өсуінің басталуымен байланысты); ІХ-ХІ сыныптарда - жарақат алған жағдайда бірінші көмек көрсету жайлы, зиянды дағдылардың (темекі, алькоголді ішімдіктер) денсаулыққа әсері туралы. Сыныптан сыныпқа өткен сайын дене тәрбиесінің адам ағзасына жан-жақты әсері мен оның маңызы туралы балалардың ұғымы кеңейе түседі. Орта және жоғары сыныптарда спорт жайлы, оның қоғамдық - саяси мәні туралы мәліметтер кіреді. ІХ-ХІ сыныптарда “Дене тәрбиесінің осы заманғы кеңестік жүйесі”, “Денешынықтыру және әскердегі қызмет” тақырыптары жан-жақты оқытылады. Өз бетінше дайындық жайлы білім мен біліктілік дағдыларын меңгеруге лайықты есептелген мәлімет Президент тест талаптарынан сынақ тапсырумен тығыз байланысты. VІІІ сыныптан бастап әдістемелік білімнің рөлі арта бастайды, оқушылар өз бетінше шұғылдану кезінде өзін-өзі бақылау ережелерімен танысады. ІV сыныпта ілімдік мәлімет бағдарламаның әрбір практикалық тарауында болады. Олар жоғарыда айтылған үш тақырыппен топтастырылып, сонымен бірге әрбір жаттығу түрінің ерекшелігіне қарай қауіпсіздік және ойын ережелерімен жарыстағы төрешілік, спорт қондырғылары, спорт құрал - саймандарының күтімі, сабақ өтілетін орынды дайындау және т.б. туралы қосымша міліметтермен толықтырылады. Ілімдік мәліметтің кешенін түгелдей бір уақытта оқытып үйретуге болады. Мысалы, жеңіл атлетикадан дене тәрбиесі сабағында өзбеттерінше қыздырынуға арналған жаттығуларды таңдау ережесін мазмұндау, өзін-өзі бақылауға арналған мәліметтерді айтып, жеткізу және нақтылы жеңіл атлетикалық жаттығуларды үйрену кезіндегі қыздырыну кешенін құрастырып жасауға тапсырма беру; Бағдарлама ережесі бойынша ілімдік мәліметтерді оқушыларға айтып жеткізуге арнайы сабақ сағаты бөлінбейді. Дегенмен, оқу жылында жаңа практикалық тарауды бастар алдында қажетті жағдайда 1-2 сабақ берілуі мүмкін. “Дағдылар және меңгеру” тақырыбы бойынша практикалық материалдың мазмұны денешынықтыру жаттығуларының түрлері бойынша топтастырылады.
“Гимнастика” тарауы оқушылардың жалпы дене дайындығының негізін құрайды. Майда сыныптарда гимнастиканың қозғалыс жүйесін құру, жасау үшін, яғни қозғалыс әрекеттерінің берік негізі мен ережелерін оқытып, үйретуде ерекше маңызы бар. Гимнастиканың ерекшеліктеріне сәйкес тарау материалдардың әрбір сабақтағы әртүрлілігімен сипатталады. Гимнастиканы оқып, үйрену жекелеген әдістерді меңгерумен шектелмейді. Жаттығу элементтерін дәл орындау барысында күрделіленген қозғалыс әрекетін қосуды дамыту қабілетін үйлестіреді.
Қозғалыс тәжірибесін жинақтай келе гимнастикалық жаттығуларды әртүрлі варианттарда, кедергілер жолағы түріндегі комбинацияларда қолдана бастауға болады (комбинация стандартты, мысалы тек Президент тесті жаттығуларынан тұруы). Тарауға келесі жаттығулар түрі кіреді:
Сапқа тұрғызу және қайта тұрғызу. Мұнда жаттығулар бір орында және қозғалыста саптағы әдістерді меңгеруге лайықталып әсіресе майда сынып оқушыларына есептелген. Мұнда жаттығулар кеңістікте бағдарлауды дамыту, ұйымшылдықты тәрбиелеу, ұйымшылдық әрекеттерге баулу, сонымен бірге тұлға пішінін жетілдіру, терең ырғақпен тыныс алуға әсер етуге есептелген. Орын ауыстыруға байланысты жаттығулар жүру және жүгіруді жетілдіруге жәрдемдеседі.
ІV сыныптан бастап саптағы дайындыққа байланысты ұғымдар, терминдер қаралады (“Фланг”, “Интервал” және т.б.).
Орта сыныптарда қозғалыста бұрылу әдістері, күрделі саптан - сапқа ауыстыру, сапта жазылу-жиналу, қозғалыс қарқынын өзгерту оқытылып, үйретіледі. Саптағы бұйрықтар мен оның орындалуы Қ.Р. қарулы күштерінің саптық жарғысына жақындайды, ал ІХ-ХІ сыныптарда соған сәйкес дәл келеді. Қол, аяқ, дене, бастың қозғалысы мен негізгі қалпы түріндегі жалпы дамыту жаттығулары (Ж.Д.Ж.) тірек-қозғалыс аппаратының қозғалыс үйлесімділігін дамыту үшін және қатаң мөлшермен таңдап алып әсер ету жолымен оны бекітуге арналған. І-ІІІ сыныптарда тапсырылған қозғалыс параметрлерін дәл орындау талаптары басты сауықтыру әсері болып табылады. Жалпы дамыту жаттығулары затпен, спорттық құралмен және онсыз орындалады. Біртіндеп қозғалыстарды үйлестіру күрделіленеді, мысалы ІІІ-сыныпта 16 санды кешенді жаттығулар үйретіледі. Жалпы дамыту жаттығулары спорт құралдарымен және онсыз орындалады. І-ІІІ сыныптарда бағдарламаға әртүрлі өлшемдегі доппен, таяқпен, жалаушалармен жаттығулар орындалады. Бұл жаттығулар затпен, спорт қондырғысымен амал-айла әрекетін жасай білуді дамытады. ІV сыныптан бастап гигиеналық гимнастика тектес жалпы дамыту жаттығуларының кешенін (комплексін) содан соң қыздырыну сияқты және күшті, иілгіштікті дамытуға бағытталған жаттығулар кешенін қолдану ұсынылады. Гимнастикалық орындықтармен, швед қабырғаларымен жаттығулар пайдаланылады, ауырлықпен, жаңа заттармен жаттығулар ендіріледі. Атап айтқанда тығыздалған доп, балалар үшін гантелдер, қыздарға гимнастикалық - сақина. Бұл бағытта жұмыс жүргізу үйлесімділікті, дәлдікті, белгілі жаттығу түрін орындау кезіндегі күш салудың сәйкестігін жетілдіруді жалғастыру болып табылады. Дене мүсінін қалыптастыруға арналған жаттығулар дене тұлғасының қалпын дұрыс бұлшық ет сезінуін жасау үшін қолданылады. І-ІІІ сыныптарда орындалатын акробатикалық жаттығулар сезім органдарының орнықтылығына және әбжілдікті дамытуға бағытталған. Олар әртүрлі аунап түсу, айналып түсу, домалау түрінде біртіндеп бастапқы және соңғы қалпын күрделілендіру түрінде орындалады. ІV-VІІІ сыныптарда жаурында, баспен және қолмен тұру, сол сияқты артқа аунау (ІV сыныпта), жанымен айналып түсу (V сыныпта) үйретіледі. Қыздар мен балалар үшін оқу материалы біртіндеп иілгіштікті (көпір) біреулер үшін тепе-теңдікті, ал басқа біреулер үшін күшті (қолмен тұру) басым талап ететін элементтер барынша көп дифференцияланады. Үйренген элементтер комбинацияда үйлестіріледі.
Президент тесті кешенінен комбинация оқушылардың сол жаттығу түрлерінен дайындығын анықтайды.
Би жаттығулары биге дайындық, яғни ырғақтылықты және әсемдікті дамытуды, сонымен бірге шоқырақтап билеу адымымен, полька, вальс және олардың үйлестігін қамтамасыз етеді. Төменгі сыныптарда бұл балалар мен жасөспірімдердің билері мен ұлттық билер, орта сыныптарда бұлармен бірге қозғалыс мәдениеті мен серігінің (партнер) көңіл-күйін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Өрмелеу және асып түсу қолданбалы дағдыларды қалыптастыру міндетін шешеді. Төменгі сыныптарда- гимнастикалық швед қабырғасына, сатыға, өрге өрмелеу, биік емес қабырғадан, бөренеден асып түсу.
Орта сыныптарда - әртүрлі әдістермен күш жүктемелерін арттыру арқылы арқанға және сырғауылға өрмелеу (аяқтың жәрдемінсіз жылдамдыққа).
Бұл жаттығулардың бағалылығы олардың тікелей қолданбалылығында ғана емес, үйлесімділікті, күшті, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуді дамыту мүмкіндігінде жатыр. VІІ сыныптан бастап қыздардың салыстырмалы күшінің көрсеткіштері төмендеуіне байланысты өрмелеу алынып тасталады.
Асып түсу төменгі сыныптарда үйретіледі, ал кейінірек әртүрлі кедергілер жолақтары кіреді. Қолданбалы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған жаттығулар үйлестікті дамытуға және дене тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, оның бұзылуының алдын алу үшін пайдаланылады.
Тепе-теңдік гимнастиканың маңызды қолданбалы түрлерінің бірі. Жаттығулар күрделілігінің біртіндеп артуы сыныптан сыныпқа өткен кезде үш бағытта жүреді: тіректің азаюы, оның артуы және осы тіректе жаттығудың күрделіленуі едендегі қалыптағы жаттығудан орындықтағы, содан кейін бөренедегі жаттығуларға денені күрделі теңеру. Олардың арасында заттан аттап өту, затты алып өту, жүгіру, биіктегі тіректен тарау тектес қолданбалы жаттығуларды, сол сияқты дәл, сұлу форманы талап ететін жаттығу - бір аяқта денені қалыпты жағдайда ұстау, тепе-теңдіктегі жаттығулардың ерекше бағалылығы сезім органдарының қалыптылығы мен ерік сапаларының біртіндеп дамуы, яғни қорқынышты басу. І-ІІ сыныптарда жүру, жүгіру, секіру және лақтыру гимнастика тарауларына енген, яғни бұл өте қажетті табиғи әрекеттің жалпы білім беру маңызын көрсетеді. Басты міндет- ұтымды әдіс негіздерін меңгеру болып табылады.
Оқытып, үйрету барынша маңызды соңғы қозғалыс формасын меңгеруді ғана болжалдамайды (мысалы, тура жүгіріп келіп аяқты бүгіп секіру), сонымен бірге қозғалыс тәжірибесін жан-жақты байыту, қозғалыс әрекетінің мүмкін болатын вариантын жетілдіру (мысалы, бір орында, жіппен тереңге, айналып әртүрлі биіктікке секіру).
Тартылу және тіреу жаттығулары. ІІІ-ІV сыныптарда жаттығуларды аралас дұрыс орындау негіздері құрылады, содан соң қарапайым белтемірге тартылудың әртүрлі варианттары орындалады. Одан әрі Ү-ХІ сыныптарда бағдарламаға әртүрлі тартылу, көтерілу, аунап түсу, жай және секіріп жерге түсу кіргізілген. Балалар мен жасөспірімдер үшін күрделі жағдайда күш қуатының артуымен қолды тіреп (бел темірге, жарыспалы сырғақ) тұрып орындалатын жаттығулар ұсынылады (жоғары сыныптарда- биік белтемір), қыздар үшін – басымырақ аралас тартылу мен тіреп орындалатын жаттығулар (әртүрлі биіктіктегі жарыспалы сырықтар).
Қолды тіреп секірулер (опорные прыжки) ІІІ-ІV сыныптарда кедергіге секіріп міну және секіріп түсу үйретіледі. Бұл секіру түрінің сипатына арналған көпіршеден (мостик) екі аяқпен серпілу және жерге аяқты жұмсақ басып түсуді жақсы меңгеру маңызды.
V-VІІІ сыныптарда барынша әдеттегі мына секіру түрлерін меңгеріп алу жүреді: аяқтың басын алшақ ұстап тізені бүгіп, жанымен (әсіресе ІХ-ХІ сыныптарда) бір уақытта секіруді орындау жағдайының күрделіленуіне баса назар аударылады: әртүрлі спорт қондырғыларын қолдану, олардың биіктіктерін арттыру, спорт қондырғысынан секіру көпіршесін алшақтату, секірулердің жүйелілігін үйлестіру.
“Гимнастика” тарауын үйреніп, білу күрделі спорт қондырғыларымен байланысты. Мектеп дене тәрбие сабағы үшін аса қымбат тұрмайтын бір уақытта бірнеше оқушылардың жаттығуларды орындай алуына бейімделген балалардың спорт қондырғыларын алған дұрыс. ҮІІ-ХІ сыныптардың бағдарламасына екі тарау кіргізіледі, өйткені бұл сыныптарда балалар мен қыздар оқу материалын бөлек оқып, үйренеді.
Грек-рим күресі (балалар) мен көркем гимнастика“Көркем гимнастика” тарауында спорт қондырғысымен және онсыз жаттығулар оқытылып, үйретіледі. Спорт қондырғысынсыз жаттығулар көркем гимнастикаға сәйкес келетін жүру мен жүгіру (өткір, домалатқыш, жоғары), секіру (астынан қағу, адыммен, аяқты ауыстырып) және тепе-теңдікке арналған жаттығулар түрлері ұсынылған. Доппен және секіргіш жіппен (резина) VІІ сыныпта, лентамен және гимнастикалық сақинамен ІХ-ХІ сыныптарда орындалатын жаттығулар сермеу, шеңбер жасаумен, “жылан” сияқты лентамен “спирал” жасауды және т.б. меңгеруге мүмкіндік туғызады. Осы әдістердің комбинациясы би адымдарымен үйлестікте, әсіресе музыкалық сүйемелдеу арқылы эмоциялық мәнерлілікке, ырғақ сезімін көрсетуге жәрдемдеседі және қыздардың өнегелілік тәрбие құралы болып табылады. Х сыныпта топпен немесе жеке 32 санды жаттығу комбинациясын орындау талап етіледі.