Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Денсаулығы нашар оқушылардың дене тәрбиесі



бет70/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   147
Денсаулығы нашар оқушылардың дене тәрбиесі Оқушыларды денсаулық жағдайы мен дене дайындығына қарай келесі үш медициналық топқа бөледі: негізгі, дайындық және арнайы.
Медициналық дайындық топтарындағы оқушылар денсаулығының қалыпты жағдайдан ауытқуына және жеткіліксіз дене дайындығына байланысты сабақта негізгі топтармен бірге шұғылданады және бірегей бағдарламаны игереді. Егер, сабақта оқушыларды оқу топтарына бөлсе, онда олардың бір тобын осы контингенттен құраған дұрыс. Жоғары жүктемемен байланысты қозғалыс әрекетін үйрену кезінде олардан бағдарлама бойынша жаттығуларды орындауды талап ету төменірек болады. Жаттығудың мөлшер өлшемін көрсету немесе бір жаттығуларды екіншісімен ауыстыру тікелей сабақ барысында да, мұғалім алдын-ала дайындаған тапсырма-карточка түрінде де беріледі. Бұл топтағы оқушыларға, сонымен бірге жалпы дене дайындығы секцияларында қосымша сабақ өткізу ұсынылады.
Арнайы медициналық топқа денсаулықтары қалыпты жағдайдан ауытқуы едәуір оқушылар кіреді, яғни оларды дене тәрбиесі сабағының жалпы бағдарламасынан босатуды талап етеді. Олар үшін бағдарлама жалпы бағдарлама негізінде, бірақ кейбір шегіністермен және қосымшалармен жасалынған. Мұнда ерекше назар денсаулықты нығайтуға, шынығуға, дене және ақыл-ой жұмыс қабілетінің артуына, ауруына байланысты әлсіреген ағзаның физиологиялық белсенділігіне аударылады. Бір уақытта біліктілікті және әдістер мен дағдыларды меңгеру міндеттері шешіледі.
Бағдарламаға ілімдік мәліметтер, гимнастикалық жаттығулар, қозғалыс-қимыл және спорт ойындары, жеңіл атлетика, шаңғы немесе кросстық дайындық элементтері кіреді. Ілімдік мәліметтерде гигиена, жаттығудың ағзаға әсері, дәрігерлік бақылау, денсаулықты жақсартуға арналған дене дайындығы құралдарын оқушылардың саналы түрде қолдануына күшейтілген назар аударылады. Бағдарламада төмендегі мына гимнастикалық жаттығулар үлкен орын алады: сапқа тұрғызу және қайта тұрғызу, спорт құралдарынсыз және әртүрлі спорт құрал жабдықтарымен гимнастикалық қабырғаны, орындықты пайдаланып, тепе-теңдікке арналған жаттығулар, би жаттығулары, аралас және қарапайым тартылып және қолды тіреп орындалатын жаттығулар, секірулер. Жеңіл атлетика, баскетбол, шаңғы және кросстық дайындықтарының тәсілдік әдістері елеулі шектелген. Дене тұлғасын дұрыс қалыптастыратын жаттығуларға ерекше мән беріледі және әсіресе тыныс алу жаттығулары ерекше маңызды. Мұнда тыныс алудың әртүрлі типтерін тыңғылықты үйрету қамтамасыз етіледі.
Әртүрлі тыныс алу жаттығуларының түрлерін оқытып, үйрету тыңғылықты қамтамасыз етіледі (көкірекпен, ішпен, аралас). Терең ырғақты, қозғалыста тыныс алумен дұрыс үйлестікті қамтамасыз ету үшін арнайы тыныс алуды жаттығулары беріледі. Кез келген жаттығулардың әдісін үйрену үшін тыныс алуды тыңғылықты бақылау іске асырылады. Тыныс алуда зорлануға, тынысты ұзақ уақытқа ұстауға болмайды, яғни тыныс алу ырғағы бұзылған жағдайда қалпына келтіру жаттығулары өткізіледі. Жылдамдық, күш сипатындағы және төзімділікке берілетін жаттығуларға барынша шектеу қойылады. Жүгіруде, шаңғымен сырғанауда шалт, тез жылдамдықты үдету шектеледі. Секірулердің екпінмен келу қашықтығы қысқартылады. Жаттығуларды орындау әдістерін меңгеру кезінде қозғалыстың үйлесімділігіне, ырғақтылығына бірінші кезекте назар аударылады. Мұғалім балалардың төмен қызметтік мүмкіндіктерін ескеруі және үнемі олардың жүктемеге әсерін (реакциясын) бақылауы тиіс. Арнайы медициналық топтағы оқушылармен шұғылдану сабағында әртүрлі диагнозы бар және жүктемеге әртүрлі бейімделетін әрбір оқушыға ерекше сезімталдықпен, сақтық қарым-қатынаста маңыз беру қажет. Арнайы медицина тобы оқушыларын күн режіміндегі белсенді демалыс түрлеріне (денешынықтыру минуттары, үзілістегі ойындар, серуендеу), сонымен бірге сыныптан тыс шамалары келетін көпшілік-бұқаралық спорт шаралары түрлеріне тарту қажет. Бұл топпен дене тәрбие сабағын оқу сағаттарының кестесінен тыс уақытта, арнайы дайындықтан өткен мұғалім жүргізеді. Сабақ жүргізу үшін 12-15 оқушыны құрайтын топ жабдықталып, оған жасы жағынан шамалас сыныптардың оқушылары біріктіріледі. Олардың бұл топтарда дене тәрбие сабағына қатысуы міндетті. Мұндағы әрбір оқушыға дәрігердің қойған диагнозын, кеңесін дене тәрбие пәні мұғалімі жақсы білуі тиіс.
Денсаулығы нашар, әлсіз оқушылар жүйелі түрде медициналық тексеруден өтіп тұруы тиіс. Арнайы медициналық топтағы оқушыларды дайындық тобына, ал дайындық тобындағыларды негізгі топтағыларға өткізуге барлық жағдайлар жасалған болуы тиіс.
Оқу материалын әр сабаққа бөлу және жекелеген бөлімдерін құрастыруда оның мазмұны оқу-тәрбие процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі оқу жүйесінің міндеттеріне сәйкес іске асырылады.
Жылдық жоспар- жоспарлаудың барынша жалпы құжаты болып табылып, онда оқу бағдарламасының тоқсандарға, сериясымен және жекелеген әр сабаққа негізгі мазмұны жүйелендіріледі; оқу жұмыстарының оқу жылы циклының жекелеген бөлек кезеңдерінде сапасын айқындау үшін бақылау тапсырмалары бөлінеді; оқытылып, үйретілетін материалдың қайталау циклділігі бүтіндей оқу жылының барысында шұғылданушыларға оның сауықтыру және педагогикалық әсерінің жан-жақтылығының қамтамасыз етілуі есепке алынып анықталады.
Жылдық жоспарлаудың мақсатты ақталған формасы - жоспар кесте. Ол екі варианттың бірімен жасалуы мүмкін: әр сабаққа оқу бағдарламасының мазмұнын құрайтын жаттығу түрлерін бөлу немесе оқу жылының барысында шешілетін оқу міндеттерін бөліп орналастыру. Бұл жоспарлау құжатының мақсатты міндеті бағдарламалық материалдың мазмұнын оқу жұмысының жылдық циклының жекелеген уақыт бірліктерінде және олардағы жекелеген жаттығу түрлерінің ара қатынасының бөліну тәртібін көрсету болғандықтан бірінші вариант тиімді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет