Сыныптан тыс сабақ түрлері:
1/ Топпен өткізілетін сабақ - бұл бір немесе бірнеше сынып оқушыларынан құралған үйірме тобы немесе Президент тестін тапсыруға дайындалатын жалпы дене дайындығы тобы (Ж.Д.Д.) немесе жекелеген спорт түрінен дайындық тобы.
2/ Дене мәдениеті үйірмесі І-ІІІ сынып оқушыларымен сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақ түрі. Мұнда әр топ 20-30 оқушыдан жасақталып аптасына, 1-2 рет өткізіледі. Өткізу уақыты-60 мин. Сабақтың мақсаты мен міндеті: а/ бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс режімінің белсенділігін арттыру; б/ дене тәрбиесі бойынша оқушылардың мағлұматын кеңейту; в/ дене жаттығуларымен шұғылдануға жас балаларды қызықтыру.
Бақылау сұрақтары:
1.Дене шынықтыру бойынша сыныптан тыс жұмыстар сыныптан тыс жұмыстардын міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері.
2.Мектептің оқу және мектептен тыс жұмыстардың міңдеттері мен мен маңызы, ұйымдастыру түрлері.
3.Мектептің оқу және ұзартылған күн тәртібіндегі дене шынықтыру- сауықтыру шаралары
№19 Лекция сабағының тақырыбы: Оқушылардың дене шынықтыру бойынша мектептен тыс жұмыстар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге оқушылардың дене шынықтыру бойынша мектептен тыс жұмыстарын жүргізуді оқытып үйрету.
Жоспары:
1. Мектептен тыс жұмыстардың міндеттері мен мазмұны.
2.Дене шынықтыру ұжымы (спорт клубы). Жүйелі түрде және ауық-ауық жүргізілетін жұмыс түрлеріне сипаттама
Лекция мәтіні: Мектептен тыс мекемелер жүйесінде дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері. Біздің Егеменді елімізде оқушылар арасында олардың сабақтан бос уақытында дене мәдениеті және спортты дамытуға бейімделген әртүрлі типтегі мектептен тыс мекемелердің кең ауқымдағы жүйесі қызмет атқарады. Мектептен тыс спорттық, тәрбиелеу - сауықтыру және мәдени – сауықтыру мекемелер мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын өз салаларында жүргізеді.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (Б.Ж.С.М.) немесе мамандандырылған Олимпиада ізбасарларын дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (О.І.Д.Б.Ж.С.М.) таңдап алған спорт түрімен жүйелі шұғылдану.
Денешынықтыру - сауықтыру орталықтарындағы шұғылдану сабақтары.
Жазғы және қысқы сауықтыру лагерьлеріндегі дене мәдениеті шаралары. Лагерьдегі дене мәдениетін бағытты пайдаланудың негізгі міндеттері оқушылардың белсенді демалысын, дене дайындығы мен олардың денсаулығын нығайту болып табылады. Әсіресе жүзуді, шаңғымен әртүрлі әдістерді қолданып қозғала білуді үйретуге, сол сияқты оқушылардың саяхат жорықтарға (туризмге) және әртүрлі спорт түрлерінен спорттық жетілуіне ерекше назар аударылады. Жұмыстың негізгі түрі мен мазмұны мыналар: таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; денешынықтыру-сауықтыру шаралары (серуендеу, су, күн және ауа процедуралары); жалпы лагерьлық спорт үйірмелеріндегі шұғылдану сабақтары; суға жүзуден күнделікті шұғылдану сабақтары; спорттық жарыстар, спартакиадалар.
Мәдениет және демалыс парктеріндегі, балаларға арналып жабдықталған алаңдардағы, шаңғы базаларындағы, қайық бекеттеріндегі және басқа көпшілік демалатын орындардағы әртүрлі денешынықтыру-сауықтыру шаралары.
Денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, спорттық көңіл көтерулер мен тұрғылықты жерлердегі немесе денешынықтыру - сауықтыру клубтарындағы (Д.С.К.) жарыстар.
Туристік лагерьлердегі оқу - жаттығу және көпшілік - сауықтырудың шұғылдану сабақтары (туристік - саяхат базаларында).
Дене тәрбиесін ұйымдастырудың әртүрлі формалары мектептен тыс мекемелердегі жоғары біліктілігі бар дене мәдениеті мен спорт мамандарын, денешынықтыру- спорттық базасын арнайы жабдықталған оқу материалдарымен қамтамасыздандыруда мектептен тыс спорттық және мәдени - сауықтыру мекемелерінде денешынықтыру және спорттық шұғылдану сабақтарының түрлері мен формаларының кең ауқымда пайдаланылуы есебінен өскелең ұрпақтың жеке денешынықтыру және спорттық мүдделері мен мұқтаждығын барынша толық қанағаттандыру үшін жағдай жасайды.
Мектептен тыс уақытта отбасындағы барынша көп таралған дене тәрбиесінің түрлеріне мыналар жатады:
Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика (денешынықтыру);
Үй тапсырмаларын орындау кезіндегі денешынықтыру минуттары (үзіліс). Бастауыш сыныптарда оқитын кіші жастағы мектеп оқушыларымен үзіліссіз 30-35 минуттан, ал орта және жоғары сынып оқушыларымен 40-45 минуттық үй тапсырмаларын орындау жұмысынан кейін орындалады;
Отбасы жағдайында әртүрлі дене жаттығуларымен жеке (дербес) шұғылдану:
күштік (атлетикалық), гимнастика;
сауықтыру аэробикасы (би аэробика, шейпинг);
стретчинг, калланетика және т.б.;
Сабақтан және үй тапсырмасын орындаудан бос уақытта таза ауадағы белсенді демалыс. Оған серуендеу, велосипед айдау, шаңғымен сырғанау және әртүрлі ойындар. Күн режіміндегі бұл белсенді демалыстың жиынтық уақыты 1,5 сағаттан 3 сағатқа дейін;
Ата-аналарымен бірге әртүрлі жарыстар мен конкурстарға (“Папам, мамам, мен – спорттық отбасымыз”) және сұрақ, жауап сайыстарына (викториналарға) бірге қатысу;
Демалыс күндері мен демалыс кезеңдері және уақыттарындағы отбасымен бірге жорықтар (жаяу, шаңғымен, велосипедпен, суда қайықпен);
Қыздырынудан кейін немесе ұйықтар алдында өздігінен дене жаттығуларымен шұғылдану.
Мектептен және сыныптан тыс уақытта оқушылардың дене жаттығуларымен шұғылданудың негізгі формасы ретінде дене тәрбиесі сабағының басты рөлі онда дене мәдениетінің стратегиялық міндеттерін шешу үшін оқушыларды өмір өткелдерінің күрделі қызметіне (еңбек қызметі, әскери борыш және т.б.) бағытты және тиімді дайындау, сонымен бірге жан-жақты, үйлесімділікте дамытудың барлық мүмкіндіктері бағдарланған. Оқушылардың барлық басқа дене тәрбиесі формалары қатынасында дене тәрбиесі сабағының келесі артықшылықтары бар: 1/ оқушылардың дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдануын ұйымдастырудың барынша бұқаралық түрі болып табылады; 2/ ұзақ уақыт мерзіміне есептелінген, ғылыми дәйектелген бағдарлама негізінде жүргізіледі; 3/ оқушылардың жасы, жыныстық және жеке ерекшеліктері ескеріліп дене тәрбиесі және спорт маманының (педагогының) басшылығымен іске асырылады; 4/ оқушылардың бағытты дамуы мен дене дайындығын, сонымен бірге, олардың дене қабілеті мүмкіндігін жақсартады (оптимизациялайды).
Достарыңызбен бөлісу: |