Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет91/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

1. Сабақтың дайындық бөлімі. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты- шұғылданушыларды сабақтың негізгі бөліміндегі жаттығуларды орындауға дайындау. Осыдан келіп дайындық бөлімінде келесі әдістемелік міндеттер шешіледі:

  • Шұғылданушылардың бірінші бастауын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

  • Шұғылданушылардың көңіл-күйі жағдайын арттыру және назарын белсенділендіру;

  • ағзаның бұлшық ет белсенділігіне жалпы қызметтік дайындығын қамтамасыз ету (күрделі емес дене жаттығуларын орындау);

  • сабақтың негізгі бөліміндегі алғашқы жаттығу түріне арнайы дайындығын қамтамасыз ету (ұштастыру және дайындық жаттығуларын орындау);

Сабақтың дайындық бөліміне шұғылданушылардың ықыласын және көңіл-күйі жағдайын жандандыру үшін 2-3 минуттық ойын тапсырмаларын (“сынып тік тұрыңдар !”, “Керісінше жаса”, “Біз естімейміз“, “Біз көрмейміз” және т.б.), сонымен бірге орташа қарқында саптық жаттығуларды, жүру, жүгіру, түрлерін, қозғалыстағы жаттығуларды, затсыз, затпен және ауырлықтармен жалпы дамыту жаттығуларының кешенін, гимнастикалық швед қабырғасы мен гимнастикалық ұзын орындықтағы (скамейкада) жаттығуларды орындатады. Сабақтың дайындық бөліміне шұғылданушылардың жұмыс қабілеттілігін төмендететін болғандықтан жоғары қарқынмен орындалатын жаттығуларды ендірмейді. Қыздырынуға арналған жаттығу құралдары кешеніне жүктемені біртіндеп өсіріп негізгі бұлшық ет топтарына кезекпен әсер ететін жаттығуларды кіргізеді.
Сол сыныппен немесе сол топпен сабақты өткізу барысында дайындық бөлімінің жаттығуларын барлық уақытта оның мазмұнына жаңалықтарды кіргізіп түрлендіріп өткізу қажет. Сабақты түрлендіріп өткізу барысында әрбір сабақта бірнеше жалпы дамыту жаттығуларын өңдеп, жаңартып отыру қажет, шұғылданушының бастапқы қалпын өзгерту (тұрып, отырып, жүрелеп тізеге отырып, жатып); жаттығуды басымырақ үлкен амплитудамен және әртүрлі бағытта және әртүрлі тұрғыда, тапсырма бойынша санақпен және өздігінен санамай орындау; тығыздалған доппен, гимнастикалық таяқпен, келтекпен және жаттығуларды қолдану.
Мына төмендагі тәртіппен жалпы дамыту жаттығуларын орындау ұсынылады : жүру, жүгіру, қол және иыққа арналған жаттығулар, кеудеге арналған жаттығулар, аяққа арналған жаттығулар, секірулер, тыныс алу жаттығулары мен босаңсыту жаттығулары.
Дайындық бөлімінің жалпы ұзақтығы сабақтың жалпы ұзақтығының 10-20% құрайды және сабақтың созылу ұзақтығына, оқу материалының түріне, қоршаған ортаның температурасына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет