Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Еңбек күні режіміндегі дене мәдениеті



бет96/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Еңбек күні режіміндегі дене мәдениеті. Дене мәдениеті тікелей еңбек процесінің ауқымында мақсатқа лайықты пайдаланудың ерекшеліктері нақтылы еңбектің мазмұнымен және ол іске асатын жағдайларымен анықталады. Сондықтан тікелей еңбек процесінде еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін дене мәдениетінің әдістері мен формаларын, керекті құралдарын пайдаланған дұрыс.
Еңбек процесінің ауқымында дене мәдениетінің өндірістік гимнастикасы басты бейнеде мына негізгі үш формада ұсынылады:
1) кіріспе гимнастика; 2) денешынықтыру үзілістері; 3) денешынықтыру минуттары. Олардың мәнін және айырмаланатын ерекшеліктерін ұғу үшін адамның еңбек күні барысындағы жұмыс қабілеттілігінің динамикасына қарау керек, яғни бұл өндірістік гимнастика формаларының тікелей мәні бәрінен бұрын жұмыс қабілеттілігінің динамикасын жедел тиімді басқаруға, жұмысшылардың денсаулығына зиян келмейтіндей барынша жоғары еңбек өнімділігінің жәрдемімен қортындыланады.
Адамның жұмыс қабілеттілігі жұмыс күні барысында бірқатар заңдылықтағы бір ізді өзгерістерге төзіп, шыдайды. Әдетте жеткілікті дәрежедегі қарқынды еңбек қызметі кезінде, елеулі қарқынмен және жұмыс күнінің жалғасуында жұмыс қабілеттілігі көрсеткіштері бас кезінде өседі, содан кейін қалыпқа түседі де, соңында төмендейді. Осы еңбек қызметі барысында үш кезеңнің кезектесуі байқалады:

  • жаттығу, жетілдіру, дағдылану (врабатывания) кезеңі (шамамен 1-2 сағат жұмыс). Бұл кезеңде ағзаның әртүрлі жүйелерінде сәйкестіктегі үйлесімді күйге келтіру жүреді, жекелеген жағдайда адамның көңіл аударуы ұйыстырылады, қажетті жұмыс операцияларының қарқыны, ырғағы және дәлдігі қалыпқа түседі. (5 сурет).




Жұмыс уақыты

а¹-алғашқы дағдылану кезеңі; ә¹- жоғары деңгейдегі жұмыс қабілеттілігін тұрақты көрсету кезеңі; б¹- жедел (оперативті) жұмыс қабілеттілігі деңгейінің бірінші салыстырмалы түрде төмендеу кезеңі; а²- қайталап дағдылану кезеңі; ә² – тұрақты жұмыс қабілеттілігін көрсетудің екінші кезеңі; б²- оперативті жұмыс қабілеттілігі деңгейінің төмендеуінің ұлғаюы кезеңі; -s соңғы қатты жұмыс екпінінің ерекше қабілеті (феномені).



  • қалыпқа келу кезеңі (орташа созылуы 4-5 сағат). Бұл кезеңде тұрақты, көтеріңкі жұмыс қабілеттілігі байқалады.

  • Жұмыс қабілеттілігінің төмендеу кезеңі (шаршау,шалдығу кезеңі). Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуінің күшеюімен сипатталады. Мұндай өзгеріс бір ауысымда (сменада) екі рет қайталанады – түскі үзіліске дейін және түскі үзілістен соң (- сурет) түстен кейін тағыда қосымша қалпына түсу уақыты талап етіледі, өйткені ол таңертеңгі дағдыланып, қалыпқа келуге қарағанда елеулі қысқа. Шаршау кезеңі түскі үзілістен кейін өте күшті байқалады, өйткені шаршаудың өзі түстен ертерек басталады, яғни салыстырмалы түрдегі жұмыс қабілеттілігінің жағдайының фазасы барынша қысқа (- сурет)

Жұмыс қабілеттілігі төмендеу жағдайында кейде жұмыс күнінің соңында уақытша артуы мүмкін. Бұл құбылыс “соңғы серпіліс” деген атау алды. Бұл аяқталайын деп тұрған жұмыс сәтіндегі жұмыс істейтін жүйелерді жұмылдыру күші ретіндегі өзіне тән бейнедегі психологиялық реакция тұрінде пайда болады.
Жұмыс ауысымы (смена) барысындағы жұмыс қабілеттілігінің динамикасы тек ішкі қозғаушы күштерге (ағзаның әртүрлі органдары мен жүйелерінің жағдайы) ғана емес, сонымен бірге сыртқы факторларға, өндірістік қызмет сипатына, психикалық жүктемеге, гигиеналық жағдайға, жұмысшы біліктілігімен оның жасына, жынысына, еңбек өтіліне (стаж) және дене мәдениетін бағытына қарай пайдаланудағы (өндірістік гимнастика) ағзаның күш мүмкіндігі жағдайына да байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет