Бақылау сұрақтары:
Оқушылардың дене тәрбиесі бойынша мектептен тыс жұмыстар.
Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың міндеттері мен мазмұны.
Дене шынықтыру ұжымы (спорт клубы). Жүйелі түрде және ауық-ауық жүргізілетін жұмыс түрлеріне сипаттама
№20 Лекция сабағының тақырыбы: Ересек тұрғындар арасындағы дене шынықтыруының негізгі бағыттары.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге ересек тұрғындар арасындағы дене шынықтырының негізгі бағыттары бойынша мағлұмат беру.
Жоспары:
Ересек тұрғындар арасындағы дене шынықтыруының негізгі бағыттары.
Тұрғындардың ересектер контингентіне сипаттама.
Дене тәрбиесі ерекшелігін сипаттайтын әлеуметтік факторлар.
Ересектердің дене тәрбиесінің негізгі бағыттарының мақсаты мен міңдеттері.
Лекция мәтіні: Еңбек қызметімен шұғылданатын ересек тұрғындардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы және міндеттері Адамдар жалпы және кәсіби білім алғаннан кейін көп жылдық еңбек қызметіне кіріседі. Осыған байланысты дене мәдениеті олардың еңбек қызметіне осы заманғы өндірісте оңды әсерін тигізетін қозғаушы күштердің бірі болып саналады. Дене мәдениетінің еңбек қызметімен байланыстытары көп аспектілерде қатар жүреді.
1. Кез келген еңбек процесінің қалыптастыру фазасы болады, ал оның ұзақ жалғасуында және жоғары күштенуінде, сонымен бірге жұмыс қабілеттілігінің төмендеу фазасы да болады. Дене тәрбиесінің құралдары қалыптастыру фазасын жылдамдатады, жҒмыс қабілеттілігі мен еңбек өнімділігінің төмендеуін азайтады, еңбек процесіндегі жоғалтқан жүйке-психикалық және бұлшық ет қуатын барынша тез қалпына келтіруге мүмкіндік жасайды.
2. Кейбір осы заманғы еңбек түрлері аз бұлшық ет белсенділігімен (гиподинамия) немесе дененің жекелеген бөліктерінде, ағзаның жекелеген қызметтерінде шектен шықпайтын (локальды) жүктемемен сипатталады.
Дене тәрбиесінің құралдары белгілі бір еңбек түрінің ерекшелігі барысында туындайтын төмендегі дене жағдайы мен дене дамуының ауытқуының алдын алуға мүмкіндік береді.
1. Осы заманғы өндірісте кәсіптік ауруларды туғызуға мүмкіндік жасайтын қозғаушы күштер мен жағдайларды болдырмау әлі шешімін тапқан жоқ. Дене тәрбиесінің құралдары елеулі дәрежеде сақтандыратын (профилактикалық) қызметті атқарады және әдеттегі аурулар мен жарақаттардың пайда болу мүмкіндігін төмендетеді.
2. Бірқатар еңбек түрлері дене дайындығының тек ерекше құралдары мен әдістері арқылы қамтамасыз етілетін болған жағдайда ғана арнайы дене дайындығы талап етіледі.
3. Осы заманғы өндірісте ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбекшілердің кәсібін ауыстыру тенденциясы байқалады. Адамдардың жақсы жалпы дене дайындығы жаңа кәсіпті меңгеру және соған сәйкес бейімделу мүмкіндігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |