4. Арнаулары, толғаулары. «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа» деген өлеңдерінде өз тұсындағы жалпыдан гөрі, Абай сынаған, Абай кейіптеген ел мінезіне жақын «Сүлейменге» арнауында ақын төреге мадақ қошемет айтып бастайды.
Төреліктің белгісі
Елін жауға бере ме?
Еліне қорған болмаса
Ел төрені көре ме?
Жыр жеті түйдектен туатын ұзақ өлең. Ұйқасы ерікті.
Дулатты Дулат демеңіз
Тас ағызып ағына
Төре алдында ақпаса -деп, Сүлейменің ішін аша сөйлейді. Төрені Хақназар хандай биге теңейді.
Бұл әдістер әсіресе «О, Барақ жас, Барақ жас», «Сүлейменге», «Кеңесбайға» сяқты жырларында да бар. Дулаттың «Кеңесбайға» арнауы әртүрлі ханға қасқая сөйлеу мін айту, кектене, сестене сөйлеудің үлгісі; өз тұстасы Махамбеттің айбынды сөзімен туыс арнау.
«Сөзім барда, көзім жоқ» - пенделік ғұмыр. Адамның өзін сөккен, өзіне наразы болған күйі сияқты қабылданады. Бірақ айтпағы терең. Адамдықты арзандарға айырбастап жүрген ойсыз, қамсыз, сергелдең, ел мінезі, көптің алған беті сынға алынады.
Дулат өз заманының адамының ғана мінезін ашпайды; жалпы адам жаратылысының жағымсыз жағын, мінін айтады. Дулат өнегесі дәстүрлі нақыл, өнеге өсиет түрінде келетін ғибрат үйрету емес, өлеңдегі жаңа сөз. Дулат өз кезіндегі ақындардан өзгеше, өзінің стилі, өзіне тән тіл ерекшелігі бар ақын екендігі байқалады.
Бір шумақ өлеңде үш жолы шұбыртпалы екі жолы егіз ұйқас болып келетін өлеңдері біз тек қана Дулаттан кездестіреміз. Осы тұжырым пікірлер Х.Сүйіншәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев зерттеулерінде де беки түсті. Ғалым Қ.Өмірәлиев Дулат мұрасын жанрлық, стильдік жағынан, композициялық құрылымы, жаңа түр табу, сөз қолданысын, текстологиясы жөнінде арнайы зерттеді.
Өлең туралы Дулат:
Жырымды менің сұрасаң,
Сара алтынның буыны.
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық сумен жуынам.
Сорлаған нөсердей
Жырын тыңда Дулаттың.
...Көкірегі ашық ақындар
Айдын демей не дейміз.
Кітап сөзін жатқа алса,
Мағынасын оның білген соң.
Арғымақ аттай сымпылдап,
Қыран құстай сұңқылдап,
Жыраулар топқа сөйлейді
Көкірегі даңғыл болған соң.
Дулат өзінің өлеңдерінде қайырсыз дәулеттілер мен еріншек, пейілсіз жандарды өлердей жек көретінін жасырмайды.
Қайырсыз сараң байларды,
Еріншек есер жандарды,
Халыққа емес сыйымды.
Парақор балпақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді,
Әперіп сөзбен кегіңді
Улы тілмен улаттым.
Немесе:
Орыстың көрсе ұлығын
Қыздан дағы қылықты.
Ұлық келсе қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты.
Бұндай ала аяқтардан елді сақтандырып, жайдары жайсаң жандарды үлгі етеді. Ондай жандарды асылдың сынығындай қадірлейді. Кең пейіл жомарт жандарды төкпе шешен, асқан ақыл иелерін дәріптейді. Олардың өнері алдында бас иіп, солардан үміттенеді. Ақын өз бойына біткен шешендік өнерді қастерлеп жоғары бағалап отырады. Дулаттың ақындық туралы айтқан тапқыр пікірлеріне қарағанда асыл сөз меруертін тере білген ойлы шешен, сырлы шешеннің өзі болған.
«Өсиет нама» деген атпен 1880 жылы қазанда басылып шыққан кітапты күні бүгінге дейін түгелімен Дулаттікі деп келінуінде жансақтық бар екендігі жөнінде пікірлер айтылып жүр. Зерттеіші Қ.Өмірәлиев бұл кітаптағы өлең толғаулардың көбі Шортанбайдікі, бірері Шал ақындікі екендігін тексталогиялық салыстырулар жүргізіп дәлелдер келтіреді.
Дулаттың кейбір шығармалары арнау немесе лирикалық монолог ретінде де келеді. Арнауларында жеке адамды немесе әлеуметтік бір топты алып сынайды. Елдікке ағайыншылыкка шақырып, оған бөгет келтіруші бұзықтар ретінде даттайды. Ақынның туған жерге, езілген елге деген ниеті түзу. Елінің тәуелсіздігі үшін күресті жақтап, халықты ерлік қимылға баулиды.
Әрине, бұған қарап Дулат шығармаларының бәрі бірдей құғақ үгіт, жалаң өсиет деуге болмайды. Дулат өлеңінің өнерлік қадірін білген, көркем сөздіңшебері. Дулаттың суреткерлігі оның туған өлке табиғатын бейнелелері арқылы да танылады. Арқа өлкесінің сұлу табиғаты. өзінің кіндік қаны тамған Сандықтас жері мен Аягөз өзені ақының талай асқақ жырларына арқау болады. Елінің ырыс қайнары есепті Сандықтас жерінде ақын өзінше қастарлейді.
Ақын адам мінезін жасауға шебер. Ол жақсы адамға тән тұлға, бітім, ой-түйін, сана-сезімін, мінез-құлық, іс-әрекеттерді термелеп айқын теңеулер арқылы ақтрыла жыр шертеді. Ол өзін таныстырған бір өлеңінде өзіне - өзі мінездеме береді.
Менің атым – Байғұс қарт
Көзге түсер сиқым жоқ
Орынсыз күлер күлкім жоқ
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол поэзиямыздың мазмұнын байытты, оның көркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне көмектесті. Сын-сықақты жиі қолданып өлеңдердің бұл саласының дамуына да септігін тигізді. Әдебиетіміздің реалистік бағытын нығайтты. Образдылық көркемдік бояуын күшейтті. Дулат арнау мен толғауды үлгісінде жазды.
Аса жөн сөз еді. Дулат – Абайдың алдындағы қазақ поэзиясындағы Ұлылық. Оның поэзиясының бар құдіреті біздің сандаған жылдар бойы құмарына баурай бермек. Ақынның жыр әлемі аз ғана сөздің аясына сыймайтын, әріге тартып жатқан қүрделі көркемдік құбылыс. Қыры да түрі де көп, тұлғасы бөлек өлең.
Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлде қайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретінде айтылатын дидактикалық терме, ертек – аңыз сюжетінде жазылған толғау және бірнеше толғау сөздері бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр алуан. Дулат «Бірінші сөз» деп аталатын өлеңінде туған өлкенің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғанышқа теңейді.
Жоның жайлау кең алаң,
Атам қонған кең далам.
Мендей сені қызғанар,
Баурыңда өскен қай балаң?!
Дулат өзінің «Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс арқада» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан сақтай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мадақтайды.
Жоңғардың қанды шабуылына ұрынған қазақ елінің ауыр да қайғылы жайын ақын былай деп бейнелейді.
Ел үшін кешіп өз жанын
Ереуілге шыққан ер.
Өлкесін құшақтап,
Қала берді туған жер.
Қанаттан құрық айрылды,
Қанды көз, қайқы қара кер.
Қара бұлттай қабындап,
Халықты басты қайғы шер.
Бұл шығармалардан ел, туған жері үшін жанын пида еткен ерлердің аянышты қазасы мен шерлі болған қазақ топрағының бүкіл шындығы аңғарылады.
Жоңғарлардың қазақты Арқадан қуып, сыр бойына бастырып жібергенін, сол қиындықтан қазақ халқы өзінің ерлік күресі нәтижесінде ғана құтылып, Арқаны қайта қоныстанғанын айтылады.
Дулаттың суреткерлігі оның туған өлке табиғатын бейнелеулері арқылы да танылады. Арқа өлкесінің сұлу табиғаты, өзінің кіндік қаны тамған жері Сандықтас пен Аягөз өзені ақынның талай асқақ жырларына арқау болады.
Түн асса, тұтам түгі өскен,
Басылмайтын сонасы.
Аққан бұлақ сай-салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жаның жайлау кең алаң.
Атам қонған кең далам...-
Елінің ырыс қайнары есепті Сандықтас жерін де ақын өзінше қастерлейді. Бие байлап, жаз жайлап, ырысы шайқалмай жатқан елдің құтты қонысының өзі өзі деп ардақтайды.
Дулатқа дейінгі қазақ ақындары ішінен басқа өзен тақырыбын осылай толық жырлап, поэзиямен сурет салған адамды біз кездестіре бермейміз.
Дулат Бабатайұлы өз заманының ағымына наразылық сырымен қарап, тіпті құбылысқа деген ренішін білдіреді. Мүмкін бұрынырақта Дулат ақынды кертартпа ақындардың санатына қосуы осыдан болса керек...
Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол поэзиямыздың мазмұнын байытты, оның көркемдік түрі жағынан да жетіле түсүіне көмектесті. Әдебиетіміздің реалистік бағытын нығайтты, образдылық, көркемдік бояуын күшейтті.