Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы



бет12/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы
Әр дәуірдің, іштей тұтас кезең, дәуірлерге ағым, бағыттарға бөлініп, ғылыми негізде жүйеленуі заңдылық . XIX ғасыр әдебиеті — үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. XIX ғасыр ішінде байырғы әдеби үрдіс ауызшадан жазбашаға өту дәуірін бастан кешті (М.Әуезов). XIX ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, сыршыл лирика, айтыс түрлері, сатира, қиссалар, ауыз әдебиеті үлгілері қатар жасады. Көркем позаның үлгілері, сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, көркем аударма, ғылыми-публицистика туып, қалыптаса бастады.
XIX ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері: бостандық рухты, ұлт азаттығын жырлаған Махамбет ақын, Шернияз; зар заман әдебиетінің ақындары Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір; айтыс акындары Шөже, Орынбай, Балта, Сүйінбай, Марабай; сал-серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит; қиссашыл акындар; жаңа жазба әдебиет өкілдері Ыбырай, Абай.
ХІХ ғасыр әдебиетінің негізгі бітім-болмысы, саяси-тарихи жағдайлары Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішов, Р. Бердібаев, М.Мырзахмедов. М.Мағауин, А.Жақсылықов, Б.Омарұлы т.б ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.
ХІХ ғасыр әдебиет үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық өлеңдер, сатира, айтыс түрлері қатар жасады. Көркем прозаның үлгілері (Ыбырай әңгімелері), сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, аударма әдебиет ғылыми-публицистика туып, қалыптаса бастады. Мазмұн мен түрдің жалпы сырт сипатына қарағанда әдебиет мынадай үлгілерде , салаларда көрінеді:
Жыр үлгісінде келген түрлі толғау, терме, үгіт-насихат өлең: Ерлік, бостандық күрес жырлары. Тарихи жырлар: жоқтау, естірту, зар:
Ақыл-нақыл , афоризм:
Айтыс өлеңдер
Сал-серілердің ән өлеңдері.
Қиссалар
Саяси-әлеуметтік көңіл-күй лирикалары
Поэмалар
Көркем қара сөз
Публицистика
Сын
Аударма.
ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері бостандық рухты жырлаған Махамбет ақын, Шернияз.
— зар заман әдебиетінің айтулы тұлғалары Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әубәкір.
әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Түбек, Марабай.
— атышулы сал серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері.
— қиссашыл ақындар: Қоқан езгісіндегі өңірдің әдебит өкілдері Сүйінбай, Мәделі, Құлыншақ, Майлықожа , Базар:
— жаңа жазба әдебиет өкілдері: Абай, Ыбырай, Шоқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет