Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет14/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
3. Лекцияның мақсаты: ХlХ ғасыр әдебиетiнiң зерттелуi, соның ішінде көрнекті сөз шебері Дулаттың өмiрi, шығармашылығы туралы деректер бере отырып, оның шығармаларының мазмұн-мәнін игерту.
4. Лекцияның мазмұны:
1. Дулат өмірі туралы мәлімет, шығармашылығының зерттелу жайы.
Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ханғали Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде Дулат шығармашылығы мен өмірі туралы мол мә-ліметтер келтіріліп, тұшымды талдаулар жасалды. (Сүйіншәлиев Х.Қазақ әдебиетінің тарихы. – 1997. – 449 б.)
Қ.Раевтың «Дулат тағылымы мен сын-зерттеулер» атты кітабында Дулат шығармашылығы ғылыми жағынан зерделенді. (2 кітап) (Алматы. Раритет 2003 ж.), Т.Шапай Абай мен Дулат. Шын жүрек – бір жүрек» атты еңбегінде Абай мен Дулаттың өлеңдері арасындағы үндестікке тоқталады. (Алматы. Жазушы, 1999), Т.Қожакеев «Дулат – сатирик» атты кітабында Дулат Бабатайұлының сатиралық шығармаларын қарастырады. (Алматы: Раритет 2003), Дулат пен Абай шығармаларын салыс-тыра отырып талдаған еңбек З.Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі» еңбегі. (Алматы: ана тілі, 1995), Дулат шығармаларының тәлімдік жақтарына назар аударған еңбек М.Жармұхамедұлының Дулат Бабатайұлы. Шығармалары мен тағылымы. (2-кітап. Алматы: Раритет, 2002) атты кітабы, отаршылдықтың салқыны көрші жатқан қырғыз елін де айналып өтпеді, қазақ ақында-рымен қатар қырғыз ақындары да осы тақырыпты қозғады. Екі елдің сол дәуірдегі шығармаларын салыстыра қараған Б.Омарұлының «Екі елге ортақ зар заман отаршылдыққа қарсы бас көтерген қырғыз, қазақ ақындарының жырлары талданады (Алматы: Жалын. – 1998), Зар заман поэзиясы. (Алматы: Білім, 2002), Қ.Өмірәлиев. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. (Алматы: Ғылым, 1983), ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы-ның тілін қарастырады. (Алматы:Ғылым, 1976), Қ.Раевтың «Ұлағат». Деген атпен мақалалары, зерттеулері, эсселері беріл-ген. (Алматы: білім, 2001), Э.Пертаева Дулат Бабатайұлының ақындығы. (Алматы: Қаз.университеті, 2000), өзінің ғылыми ең-бегінің нысаны етіп алған М.Н.Бекбосыновтың «Д.Бабатайұлы және Абай шығармаларындағы отарлық езгіге қарсы әдеби са-рын. фил. ғыл. канд. ...дисс. – Алматы, 2004. –150 б. сияқты бір-қатар ғалымдардың еңбектерін ауыз толтырып айтуға болады.
Патша отаршылдығы дәуірінде өмір сүрген ақындар туралы ғалым Ә.Дербісәлин: «...Дулат, Шортанбайлар өз өмірін-дегі ескілік үшін күресе отырып, сол заманның біраз шындығын жамандай айтса да, оларды өз замандастарының көбінен артық көріп, бейнелі түрде айтып берді» деп өз бағасын береді [Ә.Дербісәлин «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы, Алматы: 1985, Ғылым]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет