Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет17/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
5. Мысал өлеңдерi.
«Шаштараз», «Сары шымшық», «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Қара қарға жем тілеп» мысал түріндегі шығармалары қазақ әдебиетіне Дулаттың әкелген жаңалығы деп айтуға болады. Дулат мысал ретінде жазған өлеңдері үлгі, өнеге беру, ақыл айту түрінде келіп отырады. Оларда кішіпейілділік, бірлік, әділеттілік жақталып, мақтаншақтық, менмендік, т.б. да адам бойында кездесетін жағымсыз мінез-құлықтар сыналады.
Адамдық асыл қасиеттерді ардақтаған, адамгершілікті жоғары тұтқан ақынның бұл мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні күні бүгінге дейін жойылған жоқ.
6. “Еспембет” дастаны.
“Еспембет” дастаны Дулаттың эпикалық сюжетке құрылған бірден-бір туындысы. Бұл шығарманың да негізгі идеясы – ел бірлігі, тәуелсіздік. Еспембет батырдың азаматтық қасиеттерін, ерліктерін үлгі етеді.
Шығарманың ой түйіні ақынның:
Еспембеттей Ер қайда?
Ерді сүйер ел қайда? –деген өлең жолдары арқылы айқындалып, тұжырымдалады.


5. Бақылау сұрақтары.
1. Әдебиеттегi жаңа ағым, бағыттар, дамуындағы идеялық көркемдiк iзденiстер.
2. ХlХ ғасыр әдебиетiнiң зерттелуi.
3. Дулаттың өмiрi, шығармашылығы.
4. Арнаулары, толғаулары.
5. Мысал өлеңдерi.
6. “Еспембет” дастаны.


6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ сұрақтары.
1. Дулат шығармашылығының өзіндік сипаты.
2. Дулат шығармаларындағы заман және туған жер бейнесі.
3. Дулат шығармашылығының дәстүрлі әдебиетпен сабақтастығы.


7. Қажетті әдебиеттер

  1. XIX ғасыр әдебиеті. Хрестоматия. Құраст. Х.Сүйіншәлиев. –А: «Ана тілі», 1992.

  2. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. –А: “Ғылым”, 1985.

  3. XVIII-XX ғасырлардағы қазақ ақын-жазушыларының шығармалары. –А: 1962.

  4. Ай, заман-ай, заман-ай. –А: 1991

  5. Бабатайұлы Дулат. “Замана сазы”. –А: “Жазушы”, 1991.

  6. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Т. 1, 2. –А: 1989.

  7. Зар заман. Жыр-толғаулар. -А: Жалын, 1993.

  8. Қазақ поэзиясының антологиясы. –А: 1992.

  9. Ахметов З. Өлең сөздiң теориясы. –А: “Мектеп”, 1973.

  10. ХIХ ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар). –А: “Ғылым”, 1988.

  11. ХIХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. –А: “Ғылым”, 1985.

  12. Жұмалиев Қ. ХVIII-ХIХ ғасырлардағы қазақ әдебиетi. –Алматы: 1967.

  13. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994.

  14. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. 1-кітап. –А: Қазақ университеті, 2002.

  15. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы: 1994.

  16. Сүйiншәлиев Х. ХIХ ғасырдығы қазақ әдебиетi (Оқулық). –Алматы: 1992.

  17. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –А: “Санат”, 1997, 2005.

  18. Әдеби мұра. Қазақ әдебиетiнiң негiзгi проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. 1959 ж. 15-19 июнь. Кiтапта: Әдеби мұра және оны зерттеу. –А: 1961.

  19. Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы: 1959.

  20. Қожакеев Т. Сатира негіздері. –А: «Санат», 1994.

  21. Мәдiбай Қ. Зар заман ағымы. –А: 1997.

  22. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. –А: 1991.

  23. Омарұлы Б. Зар-заман поэзиясы. –А: 2000.

  24. Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. –А: «Ғылым», 1976.

  25. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. –А: “Ғылым”, 1983.

  26. Танабаев Ө. Дулат шығармаларындағы табиғаттың орны. Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ VII ғылыми конференция материалдары. -Шымкент, 2000, 129-132-беттер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет