Отарлық езгі және «Зар заман» әдебиетінің тууы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында патша үкіметі Жетісуды толықтай меңгеріп алған соң енді Орта Азияға көз тіге бастады. 1882 жылы Ресей Қытаймен шекара бөлісу туралы бір жақты келісімге келген соң жәрмеңкелерді неғұрлым жақсарта түсуге күш салды. Патша үкіметі қоныс аударушылардан Қытайға қарсы әскери күш жинақтап, Қазақстанға сырттан басқа халықтарды жинап, қоныс аудару процесінде жергілікті ұлтпен санасқан да жоқ. Ресей отаршылдығы кезіндегі қазақтың рухани даму процесіндегі қиындықтар мен қайшылықтарды жасырып қалу мүмкін емес. Қазақ халқы қашан да білім мен біліктілікті қадірлеп, надандықты сынаған. Қазақстанның отарлануы қауым-ның саяси өміріне жаңаша үрдістер енгізіп, дағдарыс әкелді және жергілікті отаршылдық әкімшілікті еш толғандырған жоқ. Бөкей ханның ордасында қабілетті балаларды хан Ресейдің қа-лаларына оқуға жіберіп отырды. 1813 жылы Орынборда әскери училищелер ашылып, олар кейін кадет корпустары деп аталды. Бірақ қазақ балаларының білім алуына шектеу қойылды және ол тегіне қарай шешілді. Көзі ашық білімді қазақтардан қорыққан патшаның отаршылдық саясаты оған барынша қарсы болды. 1813 жылы Қазақстан территориясында бар болғаны 2006 мек-теп болды. Онда не бары 105 мың бала оқыды. Ал мұғалімдер саны 3000 – нан сәл ғана асатын.
Осындай ел басындағы жағдайларды тап басып көре біл-гендер әрине, XIX ғасырдағы көзі ашық, көкірегі ояу, қаруы өткір сөз болған қазақ ақындары еді. Олар патша ойластырған жаңа биліктің басындағы билеуші сұлтан-төрелерді, болыс-би-лерді ел басқаруда ата-баба салтынан жырақ кетпеуге, бірлікке, елдікке, имандылыққа шақырды.
ХІХ ғасырдың аяғын ала ислам дініне тиым салынып, мемлекеттік деңгейде ашықтан-ашық миссионерлік саясат жүр-гізуді қолға алды. Миссионерлік мерезді қоздырудың келесі бір тәсілі – орыс шаруаларын қазақ ішіне араластыра қоныстандыру болды. Осыған байланысты 1868 жылы «Переселенческий коми-тет» құрылып, оның халықты шоқындыру ісімен арнайы «Обру-сительная палатасы» айналысқан еді. Ел ішіндегі келеңсіздіктің ең сорақысы дүмше молдалардың ақ жолдан шығып, азғын-дыққа ұшырауы еді. Шариғат қағидаларын жетік білетін ғұлама-лармен айтыс-тартысқа түскен дүмше молдалар жер дауы, жесір дауы, жаназа, неке, талақ сияқты діни мәселелерде теріс үкімдер шығарып отырды. Осындай жайттарды шешу мақсатында ел ішін реттеу үшін патша үкіметінің бұйрығы бойынша енді ел ішінде «указной молда» дегендер шықты. С.Мұқанов осы жай-лар туралы мына бір ойды алға тартады: «Патша үкіметі қазаққа крестьян дінін ұсынуға қорықты да, татар, башқұрттың мол-далары арқылы қазақ даласына дін жаюды ойлады. …Молда-ларға патша үкіметі үш түрлі міндет жүктеді: 1) Хан ордасында патшалық жұмысын атқару; 2) Тыңшылық ісін басқарып, қазақ арасындағы патшаға қарсылықты үкіметке жасырын жеткізіп тұру; 3) Мешіт салдырып, дін үйретіп, халықты патшаға қарсы болмауға үндеу» [18, Б. 27]. Указной молдалардың үстінен округ ахуны және мухтасибтер (есепші) тексеріп отыруға тиіс болды. Олар атқарар істер аясы кең болды. Ереже бойынша туу туралы куәлік қағазы, өлген адамдарды тіркеу, неке, талақ сияқты істерді ретке келтіру үшін арнайы қағаздармен қаруланған мол-далар указдарын алып, күймелерін сылдырлатып, мойындарына шынжыр баулы сағаттарын тағып, тойға келгендей сән-салтанат құрып келіп-кетіп жатты. Бұларсыз, не болмаса, олар атынан біреу бармаса өлген адамға жаназа да шығарылмады. Указной молдалар жаназа шығарған молдаға зекет етесің, підияға мына-ны бер, құранға берерің мынау, жаназаға берер бағаң мынау деп өздері тағайындаған өлшемді ұсынатын болды. Басқа біреулер жаназа оқып қойса, олар қуғынға ұшырайтын болды және қайда жүрсе де тауып алып, айып төлететін еді. Бұл указной молдалар елдің пікірімен санаспай, адалдықтан, адамдықтан жұрдай бо-лып, бар ойы ел үстінен көрер пайдада болды. Осы жерде бір ес-керетін жай, ел арасында сенімсіздік тудырып отырған «дүмше молдалардың» және ислам дінін таратушы ілімді молдалар арасындағы ара жікті дұрыс ажырата білу туралы ой туындайды. Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Патша саясаты ХХ ғасырдың басында отар-лаудың шегіне жеткені тарихтан мәлім. Отаршылдыққа қарсы шыққан алаш арыстарының тарих сахнасынан ысырылып тас-тауының да сыры осында жатыр. Көріп отырғанымыздай қазақ еліне, жеріне жүргізілген патша саясатына исі қазақ қарсы бол-ды. Өмірдің осындай қиын-қыстау жағдайы халықтың басына жарқын болашаққа деген күдігін, уайым мен зар-мұңын әкелді. Патшалық Ресейдің отар еліне айналған қазақ елінің тап осындай саяси-әлеуметтік жағдайында өмір сүрген Шортанбай, Дулат, Мұрат, Әбубәкір, Шернияз, Базар, Албан Асан, Нарманбет сияқты ақындары, елдің жанашырлары ел-жұртына қамқор болуды мақсат тұтты. Олар өз заманының шындығын ақтара ашып көрсетіп, өткір сын айта білді. Дәл сол заманның өлшемімен алғанда бұл ерен ерлікке пара-пар еді. Отаршылдық-тың көптің көзі, құлағы бола білген ақындар шығармаларынан кең орын алуының да басты себебі осы болатын.
Зар заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық бол-мысы, қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген, ой – пікір-лер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғанды-ғымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұға-уына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады.