Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Ақын шығармаларының тақырыбы, жанры, көркемдік ерекшелігі



бет15/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
2 . Ақын шығармаларының тақырыбы, жанры, көркемдік ерекшелігі
Көркем шығармаға өмір шындығының арқау болуы жөнінде Қ.Жұмалиев: «Қай халық-тың әдебиеті тарихына көз жіберсек те сол халықтың өмірі, әлеуметтік-тарихи жағдайларымен әдебиеттің тығыз байланыс-ты дамитындығын көреміз», – дейді [21, Б. 153]. Олай болса, қазақ ақындарының шығармаларына сол тұстағы өмір шындығы арқау болғандығы рас. Ендеше қазақ елінің сол тұстағы тари-хынан сыр шертер Дулат шығармаларына көз жіберсек ол бы-лайша көрініс берер еді:
Кешегі бір заманда,
Қайран қазақ, қайтейін,
Қасиетті еді хан, қараң.
Мынау азған заманда,
Қарасы антқор-ханы арам,
Батыры көксер бас аман;
Бәйбіше тантық, бай-сараң;
Бозбаласы бошалаң,
Қырсыға туды қыз балаң,
Нары жалқау кер табан,
Құсы күйшіл, ат шабан,
Жырғалаң жоқ, жобалаң,
Ебі кеткен ел болды,
Енді қайда мен барам!? [22, Б. 198] - деп бұрынғы хандар билеп тұрған заманда тәртіп бар еді, мына жаңа заманмен бірге адам да өзгерді, ел билеушілер іштен шіріп заман солға кетті деп жар салады. Дулаттың: «Қазіргі қазақ ұлығы, жаман иттен несі кем?» деген ойы сол заман бас-шыларының бет-пердесін ашып, мінез-құлқын беруге үндесіп жатыр. Ұлықтар мен бектерді өлтіре сынау көрінісі Дулатта
«Азған елдің бектері, Қан шықса, елін жұлмалар, Қасқырменен аралас» деген тіркестермен беріледі. Ақын өзінің толғауларында Ресей отаршылдығымен бірге келген сауда, ақша, ел билеу тәртібінің өзгеруіне ашық наразы болады. Бұрынғы билер әділ еді қазіргі би дегеніңіз әуелі елді өзі алдайды, жағымпаздық пен сатымпаздықтың өрескел түрлеріне барады, елі үшін емес өз құлқыны үшін неден де тайынбайды деп қанына қараяды.
3. Дулаттың өмiрi, шығармашылығы.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Семей облысы Аягөз ауданында туған. Найман сыбан елінен шыққан. Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда Дулат ескіше оқыған, сауатты, туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Отарлау саясатының қазақ елін талан–таражға салу, халықтың егемендігін біржола жойып, тәуелді жұртқа айналдыру әрекеттеріне қарсы халықты үгіттеу міндеттерін алдына мақсат қылған нағыз ел қамқоры сыншыл да сыршыл ақын.
Сонымен қатар Дулат - өзі жасаған заманға, отаршылар зорлығына, ол қауымға қызмет еткен әкімдерге, аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан, халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын. Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жолдай делінеді. Дулат ақының өлеңдері Қазан төңкерісіне дейін «Өсиет нама» деген атпен қазанда (1880ж) басылып шыққан. Баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлаған. Жалпы көлемі 800 жолдай. Дулат шығармашылығы соңғы жылдары зар заман ақындары шығармашылығының құрамында арнайы зерттеу нысанына айналып, зерттеу еңбектер жарық көрді. Мәселен, Қ.Өмірәлиев, Б.Омаров зерттеулеріне арқау болды. «Өсиет нама» ғалым Қ.Райевтың құрастыруымен 2001 жылы «Ғылым» баспа орталығынан жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет