Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж


Шортанбай Қанайұлы (1818-1881). Шығармашылығы



бет21/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881). Шығармашылығы.
Шортанбай – ХІХ ғасырдағы сауатты, білімді, өзі өмір сү-ріп отырған қоғамға, заман келбетіне өз ойын ашық айтуға қабі-леті де қарымы да жетерлік ақын. 1818 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан жерінде дүниеге келген. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістан жерінен Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің меке-ніне қоныс аударуға тура келеді. Мұсылман оқуын озық игерген ол Аюлы-Ақсу бойында отырған Жанғұтты бидің қасынан ме-шіт салдырып, медресе ашады. Жанына жастарды жинап дін ілі-міне үйрете жүріп ишандық дәрежеге жетеді. Шортанбай 1881 жылы осы күнгі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданында қайтыс болады.
Шортанбайдың ерте кезден-ақ қазақ әдебиеті тарихында-ғы орны анықтала бастады. 1925 жылы М.Әуезов Шортанбайды зар заман ақындары ішіндегі ірі жырау, үлкен ақын ретінде атап өтсе де өкінішке орай ақынның мұрасын бағалау әр түрлі қиындықтарға байланысты сан-саққа жүгіртіліп айтылып келді. Ол Шортанбайдың ақындығының бағасы емес, патша отаршыл-дығына қарсы атылған жебедей сөздеріне құрылған тыйым салудың өзіндік жолдары еді. Мұның өзі ақын мұрасының дер кезінде зерттелмей жатып қалуына әкеп соқты. Тәуелсіздігіміз-дің таңы атуымен бірге әділдіктің көк туы да қазақ аспанында қалықтаған күн де келіп жетті. Сонымен бірге «өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды» деген күнге ие болдық. Ақындарымыз халық-тан өз бағасын ала бастады.
Шортанбай өз шығармаларында заманның кескін-келбетін дәл басып, нақты көрінісін жасаған шыншыл ақын ретінде та-нылды, өзінің болмыс-бітімі көкжиегінің кеңдігі нәтижесінде болашаққа көз жүгірте отырып, кетеуі кеткен келешекті айна қатесіз болжай білген қасиетімен ерекшеленді, өлеңдерінің ою-өрнегін қиюластыра білген, мазмұн мен маңызды ұштастыра білген шебер ақын болды. Шортанбай шығармаларының басты сарыны – әлеуметтік ой толғауға, халықтың санасын оятуға, рухани тазаруға, ұяны бұзбай ұлт болып ұл өсіріп, қыз өсіріп өркендеуге, ата салтын ұстауға, елін, жерін, мекенін, арын, ұятын қорғауға құрылған өмірдің жолына түсу, сол жолға шақыру, соған үндеу болатын. Өз жеріне өзі ие болудан қалып қайда барарын, не істерін білмей, бұл тұйықтан шығар жолды таба алмай сандалған қайран қазақ елі...
Шортанбайдың саналы өмірінің бәрі патша отаршыл-дығының ойраны өз күшіне еніп, дендеп өсе түскен кезінде өтті. Содан да болар Шортанбай өлеңдерінде өткенді аңсау көптеп орын алды:
Бұрынғы бидің тұсында,
Шананы міндік күймелі.
Айтып-айтпай немене,
Өткен күн қайтып келер ме –деп мұңға берілді.
Өйткені елін қанап жатқан жат жерліктерге қоса елін, жұртын талауға салған болыс-билердің іс-әрекеті көңілге симайтын еді. Зар заман ақындары сөз еткен, көре тұра шыдай алмаған жағдайлар болыс сайлауы, ел биінің орнына ұлыққа пара берген қу билердің сайлануы, жер қысымшылығы туралы еді.
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді.
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді –
Әне байдың қайыры!
Бұрынғы өткен адамның
Міне, келді тайыры.
Жалғанда қылған ісіңнің,
Алдыңнан шығар ғайыбы.
Отаршылдықпен бірге келген ақша, экономиканың өзгеруі мен сауда-саттықтың келуі адам пиғылының бұзылуының алғашқы факторы ретінде қарайды. Осындай тығырыққа тірелген елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырыла бастауы, ғасырлар бойы жазылмаса да ел ішіне сіңісіп кеткен ата заңның бұзылуы ақынды ғана емес, сол тұстағы исі қазақты алаңдатқан өзекті мәселелер еді. Ұлттық белгілерімізден айырылу ұлттығымыздан айырылуға алып келері даусыз еді. Сондықтан да осы заманды Ш.Қанайұлы «зар заман» деп атаған еді.
Мазасын алған осы ойлар оның «Зар заман» атты өлеңінде:
Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман.
Сөздің басы – бисмілла,
Біз айталық, сіз тыңда..
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы – жаннан түңілген,
Жаман – малдан түңілген,
Мұның өзі – зар заман.
Зарлығының белгісі:
Бір – бірлерін күндеген,
Жай – жайына жүрмеген
Мұның өзі – тар заман.
Тарлығының белгісі:
Мұсылманнан хал кетті,
Тәңірім болғай демесін....
Орыс – бүркіт, біз – түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды . - деген жолдар арқылы көрінді.
Көріп отырғанымыздай ақынның да айтып отырғаны – қайран қазақ елінің өз жерінен айрылуы. «Қанатынан қайрыл-ған» елдің мүшкіл хәлін ақын қанатынан айрылған құстың дәрменсіз күнімен еске түсіреді. Ел шекарасы сөгілген, болашақ бұлыңғыр, ел ішінде алшаң басып ойына келгенін істеген өзге жұрт өкілдері, жер бөліске түскен, не істерге білмей аласұрған халық, «бүркіттей бүрген орыс, түлкідей құйрығын бұлғаңдатып жағынған сатымпаз би мен бай» -міне еліңнің, жұртыңның, жеріңнің сиқы осындай. Ақынды тыныш жатқызбаған, жанын жегідей жеген сұрғылт өмірдің түрі мына өлеңінде:
Ниетіне қазақтың,
Тым-ақ тәуір кеп болды.
Заманақыр болар деп,
Сол себептен қорқамын!
Әр нәрсенің болжалы,
Келе жатыр жақындап,
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір ақылдап.
Елді еркіне қоймады,
Буыршындай тақымдап.
Дәуренбексіп болыс тұр,
Кәпірдің сөзін мақұлдап,
Бейшараның пұлы жоқ,
Қорыққаннан қақылдап.
Жарысқа кірген жақсылар,
Аша алмассың көзің деп,
Сол себепті қорқамын! деген сөздермен берілді.
Міне, қазақ ақындарының елі мен жеріне жүргізілген отаршылдық зардаптарын ашына отырып зарлағандығының бір мысалы осылай көрінеді. Ақыр заман туралы Шортанбай ақын-ның осы ой-пікірлерінің негізі арыдан бастау алатындығы әде-биет тарихынан белгілі. XІІ ғасырда Ахмет Иүгнеки «ақыр-заман» болатынына өзінше пайымдау жасап, бұзылған заман емес адам, адамды тәрбиелесе заман орнына келеді, сондықтан адам өзгеруі керек деген болатын:
Діндар кісі қойды дінді, амалды,
Ғалым билеп, көңілді әнге сап алды.
Таза жүрген жол таба алмай торығып,
Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер [26, Б. 50]. Жастар болашағымыздың бет-бейнесі. Сондықтан жастар-дың тәрбиесіне көңіл бөлу болашақ өмірдің нық болуына жасал-ған алғашқы қадамдардың бірі. Заманның өзгеруіне орай, жат қылықты адамдардың ел басына келуіне сәйкес жастар өмірінде, іс-әрекетінде теріс қылықтар пайда бола бастады. Шортанбай өлеңдерінде көтерілген басты мәселенің бірі де осы тақырып еді. Сол замандағы ащы шындықты бүркемелемей көрсеткен ақын:
Заманақыр кезінде
Ұл сыйламас атасын,
Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын,
Қазы, болыс қойыпты,
Некесіз туған шатасын,
Өзі қылған өкінбес,
Күнінде содан тартарсың,
Абақтыға жатарсың.
Қыз сыйламас енесін,
Арттырам деп егесін.
Салыстырар денесін,
Көзіңді ойып барады,
Күнде тесіп төбесін .
Көпке қаратыла айтылған мұндай өлең жолдары қазақ әдебиетіндегі зарлай арнаудың қатарын толықтыра түсті. Өз за-манының зарын жырға қосқаны үшін де олар зар заман ақын-дары болып танылды. Негізінен мал шаруашылығымен айна-лысқан қазақ халқы үшін жайылымды жерлерден айырылу өмір-дің бітуі, заманның ақыры тәрізді көрінді. Отты да шұрайлы жер мен жайылымдарынан айырылу мал өсімінің азаюына алып келді. Малдан басқа кәсібі жоқ халықтың осылайша әлеуметтік тұрмысы қиындап, кедейлене бастады.Шортанбай басқа халық-тың заңдары мен тұрмыстағы ерекшеліктерін екінші халыққа күшпен енгізу қаншалықты қатерлі екендігін және ғасырлар бойы қалыптасқан ел билеу тәртібінің, әдет – ғұрпының кенет-тен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік ұстанымда-рын бұзатын құбылыс ретінде бағалады. ХІХ ғасырда өмір сүрген ақындардың шығармашы-лығында орын алатын тағы бір өміршең тақырып - әйел туралы. Ер азаматтың алған жары жақсы болса онда оның өмірінің мәні мен сәні, егерде алғаны жаман болса азамат басының қадірсіз-дігі мен төмендеуіне әкеп соғады. Бұл өшпейтін мәңгілік тақы-рып. Сондықтан да аталмыш тақырыпты Шортанбай да айналып өте алмаған. «Жаман мен жақсы» деген өлеңінде:
Қатыны долы бейбақтың,
Кісі келсе қылпылдап,
Ұшып тұрар зәресі.
Ішкен асы, тамағы,
Мұрыннан шығып кересі,
Көк долының сөзінің
Әсте болмас жүйесі [25,75 б].
Немесе
Болады жақсы әйелдің сөзі жүрдек,
Шаруасын бітірер өрге сүйреп.
Арасы ағайынның араз болса,
Екеуін табыстырар өйдеп, бүйдеп [25,76 б].
XIX ғасырдағы ақындардың шығармашылығына талдау жасаған М.Әуезов Шортанбайдан бастап дінге бет бұрылғанын, тіпті XIX ғасырдың соңында діни қиссалар көптеп шығарылға-нын, сол арқылы шайырлар дінді таяныш еткенін айтса [27,Б. 193], түрколог ғалым В.В.Радлов «Зар заман», «Заман ақыр» сияқты өлеңдер дінді насихаттай отырып, халыққа адамгерші-лікті насихаттайтынын жазады [20, Б. 18].
Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмыс-ты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жан айқаймен, шарасыздықпен, төзімі тауысылған түрде айтыл-ғандығымен ерекшеленеді. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұ-лымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшы-лайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан діннен сүйе-ніш іздейді: Жамандығын білер ол,
Ахретке барған соң.
Махшар күні болғанда,
Сауал сұрай келгенде,
Жауап таппай тұрғанда,
Тар лахатқа кірген соң
Рас жаман сол болар – деп иманға шақырады.
Діннің сол кездегі жағдайы туралы ғалым Х.Сүйіншәлиев: «...Тек билеу системасында ғана емес, қоғамдық құрылыстың басқа салаларында да жаңа тәртіп қабылданды. Әкімшілік, сот құрылысы, салық, жер, дін, мәдениет мәселелері жөнінде заңдар шығарылды. Дін туралы ереже мұсылман дінінің уағыздарына тежеу салып, христиан дінінің ықпалын арттыруды көздеді. Бұл мұсылман қауымының наразылығын тудырды.[28, 286 б] деген болатын.
Осындай келеңсіз көріністерді өткір сынай отырғанмен, Ш.Қанайұлының өлеңдерінен айқын көрінетіні – алдағы өмір-ден күдер үзе, бұрынғы артта қалған заманды, өткенді көксеу көп орын алады. Бұндай келеңсіздіктерден қалай құтылуға болады, заманды қайтсе түзетуге болады деген сұрақтарға тап сол заманда жауап беруге Ш.Қанайұлының саяси өресі жетпеді. Ол тек Алладан көмек сұраудан басқа жол таба алмай қамықты. Себебі қазақ халқында жазылмаған заңдар бар. Олар: үлкенге құрмет, кішіге ізет, үлкеннің алдын кеспеу, ата тұрып ұл сөйле-меу, ата заңды құрметтеу, әке-шешені сыйлау, т.б. Ел ішіндегі осындай ымырашылдықты көріп өскен ақындар қазақ ішіне басқа ұлт өкілдерінің араласуымен бірге қазақ халқы бұзылып бара жатыр деп түсінді. Себебі, бұрын қазақта боза ішкенмен, арақ сынды харам сусын болған емес. Міне, осындай исламға жат дүниелердің мұсылман еліне дендеп кіруі көзі қарақты ақындарды алаңдатып қана қойған жоқ, олар содан шығар жол іздеді. Осындай дүмше молдалар Шортанбайдың да қатты сынына ұшырағаны қазақ әдебиеті тарихынан белгілі: Асылық азған заманда
Қожа, молда көбейіп,
Отырар төрде шөмейіп;
Жамандығы ішінде,
Жан-жағына қарасып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет