Графема- тілдің жазу жүйесінің ең кіші единица. Әдетте ол әріптерге синоним ретінде қолданылады.
Сөздеріміздің айтудағы ала-құлалық, орфоэпия жөніндегі пікірлер, мақала, знрттеулер, орфоэпиялық сөздіктердің жасалуына түрткі болды. Олар: Қ. Ниеталиеваның «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» (Алматы, 1977ж), М. Дүйсебаеваның «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі».
Алғашқы кезде елеусіздеу қалған орфоэпия саласында да соңғы жылдары істелді. Әйтсе де, бұл мәселе шешімін толық тауып, тілді тұтынушы көпшіліктің игілігіне айналды деп айтуға болмайды.
Сонымен қатар сөздің айтылуын анықтауда, орфоэпиялық норманы тануда ұстанатын негізгі критерий де нақтыланған жоқ. Ғалымдар арасында бұл мәселеге байланысты мынадай көз қарас болды.
көпшілік қалай айтса-сол норма;
Тіліміздің қазіргі айту практикасы алғашқы пунктерімен үндес келетінін, бүл орфоэпиялық үгіт- насихаттың жоқтығынан орын алып отырған олқылық екені анық.
Мырзабековтің пікірінше, жоғарыда келтірілген пікірлердің соңғысы екеуі дұрыс болып табылады. Өйткені әр ұлттың айту нормасы, артикуляциялық базасы ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасатыны бөлгілі. Қазақ тілі туыстас түркі тілдерінен грамматикалық ерекшкліктерімен емес, өзіндік айту мәнерімен, өзщіндік артикуляциялық базасымен сараланады. Ал бұл- ғасырлар бойы тарихи -әлеуметтік дамудың нәтижесі.
Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс, әр түрлі тілдермен тілдік байланыс айту нормаларына әсер ететін белгілі. Бірақ орфоэпиялық нормалау тілдің тарихи дамуына, қалыптасқан дәстүрлі айтылуына негізделуі тиіс. Мүны араға сан ғасыр салып жеткен ауыз әдебиетіміздің қазіргі ұрпаққа қызмет етіп отыруын да осы дәстүрлік жалғастықтан деп түсіну қажет.
Орфоэпиялық нормалардың ғылыми негізгі сөз құрамының дәстүрлі қалпын бұзбай, дыбыстардың ілгерім, кейінді (ықпал) үндестік заңдарын сақтап сөйлеу.
Мысалы: Жезғазған, Жетіғарақшы, Күспегі, Күміспек, Ағжар, төртөу, түгөл, кім гелді?.
Орфоэпиялық сөйлеумен байланысты екені бегілі. Біз бірде жай, бәсең сөйлесек, бірде жылдам, шапшаң сөйлейміз. Л. М. Щерба сөйлеудің екі түрлі стилі бар екенін көрсетеді. Оның бірі- толық стиль, екіншісі-ауызекі сөйлеу стилі. Толық стильде сөзіміз жай бірқалыпты айтылады, сөздер анық естіліп, мағынасы түсінікті болады. Мысалы: радио, теледидардан сөйлеген сөз толық стильге жатады. Ал ауызекі стилі болса, мұнда сөздер тез айтылады, сөзіміздің айтылуы қарқыны жылдам болады. Сөздер тез айтылғандықтан, ондағы дыбыстардың әр түрлі өзгеру жайы болады. Сөздегі дыбыстар кейде қысқарады, не түсіп қалады немесе бір бірінө ықпалын тигізіп, әр түрлі өзгеріске түседі. Орфоэпияда бұл жайлар ескеріліп отырады.
Алфавиттегі әріптер транскрипциялық таңбалар емес, ол (әріп) басқа әріптермен түрлі-түрлі қарым-қатынаста бола отырып, әр түрлі фонемаларды таңбалауы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде жуан дауыссыз дыбыстан жіңішке дауыссыз дыбыс қосымша таңба-жіңішкергіш белігі (ь) арқылы ажыратылады. Орыс тілінде 35 дауыссыз фонема бар. Ал егер әрбір фонема өз алдына бөлек әріппен таңбаланған болса, онда орыс тілінің қазіргі алфавитінің құрамында бар әріптердің үстіне палаталь дауыссыздарды белгілейтін тағы да 15 әріп қосылған болар еді. Мұның өзі орыс алфавитінің құрамындағы әріптерінің санын жасанды түрде ұлғайту болар еді. Орыс графикасына бір ғана жіңішкергіш белгіні және дауысты дыбысты белгілейтін 4 әріпті (жіңішке дауыссыздан кейін келген е, о, и, афонемаларын белгілейтін е, ё, ю, яәріптері) енгізу арқылы палаталь дыбыстар таңбаланып, соның нәтижесінде орыс алфавиті ықшам және қолайлы алфавит бола алады. Әдетте, алфавит өзінің құрамындағы әріптердің молдығымен емес, ықшамдылығымен ұтымды болады. Ықшамдылықтың да орыны, орынсыз болатыны да бар. Алфавиттегі әріптердің саны ықшам, жинақы болсын дегенге сүйеніп, кез келген әр түрлі фонемаларды бір ғана әріппен таңбалай беруге болмайды. Бұлай ету жазуды да, оқуды да күрделендіріп ауырлата түседі. Өте ұқсас фонемаларды, емле мен оқыту ісіне залалы тимейтін болса ғана, бір әріппен таңбалауға болады.
Кейде фонемалардың тіркесін бір ғана әріппен таңбалауға тура келеді. Мысалы, я, ю, е әріптері орыс тілінде сөз басында, дауысты дыбыстан және ъ, ь әріптерінен кейін йа, иу, иедыбыстарының (фонемаларының) тіркесінің таңбалары ретінде жұмсалады.
Кейде керісінше жағдай болуы да мүмкін. Бір фонема екі әріптің тіркесімен таңбаланады. Мұның өзі әр түрлі болады: 1) бір фонеманың таңбасы ретінде қолданылатын екі әріптің біреуінің дербестігі болмай, диакриталық таңба тәрізді қызмет атқаруы мүмкін. Бұған орыс тіліндегі дауыссыздардың жіңішке екендігін көрсететін, бірақ өз алдына ешбір дербестігі жоқ әріп — жіңішкергіш белгі (ь) бола алады; 2) бір фонеманың таңбасы ретінде жұмсалатын әріптердің тіркесі дербес қолданыла алатын әріптерден де құралады. Мысалы, ағылшын тілі мен неміс тілінде oh және ngәріптерінің тіркесі бір-бір фонеманың таңбасы ретінде қолданылады. Мұнымен бірге бұл әріп тіркестерінің құрамындағы әріптердің әрқайсысы жеке фонеманың таңбасы ретінде де жұмсала алады; 3) кейде қос әріп созылыңқы дауысты дыбысты таңбалайды. Мысалы, қосарланған аа, ооәріптері хақас, тува тілдерінде созылыңқы аодыбыстарын белгілейтін таңбалар ретінде қолданылады.
Рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады дедік. Өте-мөте кең тараған алфавит — латын алфавиті мен орыс алфавиті.
Әзірбайжан, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен, татар т.б. түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың алфавиті өткен ғасырдың 20-жылдардың аяғына дейін араб графикасына негізделген алфавит болды. Бірақ араб алфавитінде ұқсас әріптердің көп болуы және ондай әріптердің бірінен екіншісі қосалқы белгілер арқылы ғана ажыртылуы, бір әріптің сөз басында, ортасында және соңында келуіне қарай, түрліше таңбалануы, алды-артындағы әріптермен кейде бірге, кейде бөлек жазылуы, алфавит құрамында түркі тілдеріндегі дыбыстарды (әсіресе дауысты дыбыстарды) таңбалайтын әріптердің жетіспеушілігі т.б. сауат ашу, оқыту ісінде де, баспа техникасында да көптеген қиындықтар туғызады.
Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады. Осы жылдары еліміздегі түркі тілдерінде сөйлейтін басқа да халықтар латын алфавитіне көшті.
Латын алфавитінің сауат ашуда болсын, баспа ісінде болсын, араб жазуы негізіндегі алфавитке қарағанда, әлдеқайда прогрестік маңызы болды. Латын алфавитіндегі әрбір әріп өзінің жеке тұрғандағы қалпын сақтайды. Бұл алфавиттің құрамында 29 әріп бар еді. Бұлар байырғы сөздерді дұрыс жазуға мүмкіндік берді. Латын графикасы негізіндегі алфавит сауатсыздықты қысқа мерзім ішінде жоюға көмектесті. Осындай жетістік жақтары бола тұрса да, латын графикасы негізіндегі алфавит орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген көптеген сөздер мен терминдерді дұрыс жазуға төтеп бере алмады. Мұның өзі бір сөзді әр түрлі жазу, ғылыми-техникалық терминдердің айтылуын бұрмалау сияқты қолайсыз жағдайларға ұшыратты.
Біздің елімізде түркі тілдерінді сөйлейтін халықтар орыс графикасына негізделген алфавитке көшуді қажет деп тауып, 30-жылдардың аяғы 40-жылдың басында жаңа алфавит қабылдады. Қазақ халқы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті 1940 жылы қабылдады. Орыс алфавитіндег 32 әріп түгелдей қабылданды. Оған қоса орыс тілінде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп алынды да, әріп саны 41-ге жетті. Орыс тілінде жоқ дыбыстардың қазақша таңбалары (қ, ғ, ә, ө, у, у, і, ң, һ)орыс алфавитіндегі әріптерге (о, к, г, у, н)ұқсас болу жағы ескерілді. Орыс графикасына негізделген жаңа алфавит қазақ жазуын бұдан бұрын әріптердің жетіспеуіне байланысты болып келген қиыншылықтан біржола құтқарды. Орыс тілінен орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген көптеген сөз бен терминді дұрыс жазуға мүмкіндік туды. Мектеп оқушылары латын алфавиті тұсындағыдай, екі алфавитті емес, шын мәнінде бір-ақ алфавитті танып білуге мүмкіндік алды. Орыс графикасына негізделген алфавитті қолданудың жиырма жылдан астам тәжірибесі жазуымыздың өте икемді, алфавит тарапынан ешбір қиындық келтірмейтіндігін іс-жүзінде дәлелдеді.
Графика мен орфография өз ара тығыз байланыста болады. Орфография дегеннен ұқсас жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Тілдің дыбыстық жағы оның сөздік құрамы және грамматикалық құрылысымен астарланып, өз ара байланыста болады. Осыған орай фонетикалық жазу (әріппен жазу) тілдің дыбысталу жағын ғана емес, сонымен бірге лексикасы мен грамматикалық ерекшеліктерін де қамти алатындай болуы керек. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйене, соларды негіз етіп алады. Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын 6 түрлі принципі бар. Олар мыналар: