Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары


Савельева Ирина Максимовна



бет10/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
Савельева Ирина Максимовна тарих ғылымының докторы, профессор. Негізгі мамандығы тарих ғылымының әдіснамасы, әлеуеттік білім, идеялар тарихы, Европа және АҚШ тарихының тарихнамасы. Бізді қызықтыратыны А.В. Полетаевпен бірлесіп жазылған 1997 жылы жазылған «История и время» (В поисках утраченного) атты кітабы.






Студенттер үшін берері мол, пайдалы оқулық жазған Репина Лорина Петровна тарих ғылымының докторы, профессор. Ресей Мемлекеттік гуманитарлық университетінде, Ресей Ғылым Акаде-миясы жалпы тарих институтында қызмет істейді. Ағылшын тарих-ының маманы. 2006 жылы, 2004 ж. «Историческая память и современная историография», 2005 жылы «Знание о прошлом исторической культуры», 2006 жылы «Интеллектуальная история на рубеже XX-XXIвеков», 2006 жылы «История исторического знания» атты еңбектерін жазды. Л.П.Репина өз кітаптарында тарих ғылымының тарихы ғана емес сонымен қатар, тарихи зерттеулердегі әдіснама проблемалары эволюциясы жөнінде соны пікірлер айтты.






Тарих әдіснамасы соңғы жылдары біздің елімізде де зерттеле бастады тәуелсіздік жыл-дары осы тақырыпта бірнеше кандидаттық және докторлық дисертациялар қорғалды.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары тарих ғылымының дағдарысқа ұшырауына байланысты кейбір ғалымдар жаратылыстану ғылымдарының әдістерін өз зерттеу-лерінде пайдалану мүмкіншілігін іздестіре бастады. Еуропа авторларының тарих теория-сына арналған еңбектерін оқуға қол жеткізген Қазақстан тарихшылары олардың әдіс-терін Қазақстан тарихын зерттеу барысында пайдалану қажеттігін түсінді.






Сол кездегі Қазақстан тарихшыларының көшбасшысы академик М.Қ.Қозыбаев өзі басқарып отырған Тарих және этнология институтында арнайы бөлім ашты. Бұл бөлімге сол кездері тарихи зерттеулерде информатиканың мүмкіндігін пайдалану жөнінде соны пікір айтқан техника ғылымдарының кандидаты С.А.Жәкішова жұмысқа шақырылды. Ол сол кезде «История и компьютер» ассоциясының мүшесі еді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы қазақ байларын тәркілеу процесін зерттей отыра С.А.Жәкішова математика-статистикалық әдісті пайдаланып зор табысқа қол жеткізді.( «Баи-«полуфеодалы» в Казахстане на рубеже 20-30-х г.г. ХХв.: истори-ческий анализ проблемы»)Бұл Қазақстан тарихнамасындағы жаңалық еді. Сәуле Жәкішева 2010 жылы «Историческая информатика в Казахстане: теория,истори-ография, методика методики и технологии.» тақырыбтарында кандидаттық диссер-тациялар қорғады.
Сол институттың екінші бір қызметкері Бақыт Сужықов екеуі эмпирикалық материалды компьютерде сақтау жүйесі жөнінде әдіснамалық бағдарламаның негізін жасады.
2001 жылы сол институттың қызметкері К.Ш.Әлімғазинов көп өлшемді статис-тикалық талдауды пайдалана отырып «Воспоминание участников гражданской войны в Казахстане как исторической источник» деп аталатын кандидаттық диссертациясын қорғады. 20010 жылы ол «Электронный исторический источник: теоретико-методологические аспекты и технология источниковедческого анализа» тақыр-бында докторлық диссертация қорғады.




Алғаш рет тарихи зерттеуде әдіснамалық мәселелерге көңіл аударған Еркін Әбіл 1995жылы «Этногенез казахов. Опыт систмного подхода.»атты тақырыпта алдымен канидаттық диссертация қорғап, кейін солтақырыпта монография жазды. 2009 жылы ол «Методологические проблемы применения естественнонаучных методов в истори-ческом исследовании: история и синергетика» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ол синергетика жүйесін пайдалана отырып, өткен ғасырдың 90-шы жылдары қазақ халқының этникалық тарихын зерттеуде соны пікірлер айтқан еді. Соңғы жылдары жарияланған мақалаларында, конференцияларда жасаған баяндамаларында жаратылыс-тану ғылымдарының әдістерін пайдалану көптеген тарихи процестің шешілмеген проблемаларын зерттеуге көмектесетіндігін дәлелдеді.
Әлеуметтанушы Тамара Әлібек және Еркін Әбілмен бірігіп 2009 жылы «Некоторые вопросы методологии и теории истории Казахстан»атты монография жариялауға қол жеткіздік. 2012 жылы Қостанайда «Тарихтану теориясы» деп аталатын тарих факуль-тетерінің студентеріне арналған оқу құралы жарық көрді.2014жылы «Тарих теориясы және методологиясы» атты оқу құралы жарық көрді
Ақтөбе аумақтық университетінің профессоры ,белгілі тарихшыНұртаза Ақишанұлы Абдоллаев «Вопросы методологиии методики исторического исследования»,Вопросы теории истории»-деп аталатын оқу құралдарын студент жастар жылы қабылдады
Қостанайлық тарихшы Софья Төрежанова өз диссертациясын Вильгелм Дильтейдің тарих әдіснамасын зерттеуге қосқан үлесіне арнаған.
2007 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы Б.А.Досова «Синергетика как подход в историческом познании: историографический аспект» деп аталатын тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет