Лекция тезистері


-лекция. ХІХ ғасырдағы француз әдебиеті



бет13/15
Дата16.09.2022
өлшемі228,5 Kb.
#39252
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекцияшетел -Кафедра Универ

13-лекция. ХІХ ғасырдағы француз әдебиеті


Қамтылатын мәселелер:



  1. Оноре де Бальзак – Француз жазушысы, еуропалық әдебиетте реализмнің негізін қалаушылардың бірі.

  2. Оноре де Бальзактың шығармашылығы



Оноре Бальзак
(1799-1850)
Оноре Бальзак шығармашылығы батыс европа әдебиетіндегі реалистік сыншыл романдардың шыңы болып саналады. Батыс европа әдебиетінде Бальзак секілді ешбір қаламгер буржуазиялық қоғамның аш қасқырдай қорқаулығын дәл шынайы жеткізе алған емес. Оноре Бальзак Францияның оңтүстігіндегі Тур қаласында 1799 жылы 20 мамырда дүниеге келген.Оның әкесі Франсуа Бальзак қарапайым шаруа француз революциясы кезінде өзінің пысықтығы арқасында әскерге жабдық жеткізіп азғана уақытта байып алады. Сөйтіп Франсуа Бальза байығаннан кейін өзінің тегін де өзгертіп,ақсүйектік мән беретін Бальзак деген фамилияға ие болады. Ата-анасы Онорені жеті жасында ораторишылардың қамқорлығындағы Вандом училищесіне оқуға береді.Жартылай монастр салтын ұстанған бұл училищеде оқу орта ғасырдағы әдістер бойынша жүргізіледі. Қатал тәртіп ,туыстарымен сирек кездесу ондағы шәкірттердің өмірін сұрғылт тіршілікке айналдырады. Осындай сұрғылт өмір кешкен Бальзактың бірден-бір жұбанышы кітап оқу болады. Ол өзінің жетекшісінің кітапханасынан Дидро, Руссо шығармаларын алып оқиды. Осы кітап оқуға деген құмарлық кейін жазушылық арманға жалғасады. Оноренің тыйым салған кітаптарды оқуы мен еркін ойлылығы училищенің басшылығына ұнай қоймайды. Сөйтіп Бальзак бірде қатты науқастанғанда сыныққа сылтау етіп, училищенің директоры оның ата-анасына баланы оқытуды тоқтатуға кеңес береді. Осы оқиғадан кейін көп кешікпей 1814 жылы Бальзактың жанұясы Парижге көшіп келеді. 1816 жылдан бастап ол жекеменшіктегі пансиондарда оқиды. Сонымен қатар, нотариольдық кеңседе көшірмеші болып жұмыс істеп, 1819 жылы заң факультетін бітіреді. Дегенмен заң қызметкері болуды жүрегі қаламаған Бальзак әдеби шығармашылықпен айналысуды мақсат етеді. Үй ішіндегі кеңесте оның бұл арманын іске асыруда қабілетін сынауға екі жылдық сын мерзімі беріледі. Бұл мерзімде оның шынайы таланты толық көрінуі тиіс еді. Енді Бальзак мейлінше тырысып алғашқы шығармасы "Кромвель" трагедиясын жазады. Бұл жалаң шешендікке құрылған Расинге еліктеген солғын шығарма еді. Бальзак бұл шығармасын өзінің ірі табысы деп санағанымен, жанұядағы кеңесте түкке тұрмайтын шығарма деп танылады. Дегенмен бұл келеңсіз жағдай Бальзактың рухын түсірмеді ,қайта қайрай түсті. Бальзак енді қалайда жазушы болуды армандап мансарда өмір сүріп, ұсақ журналистер тобымен танысып, 1821 жылдан бастап әртүрлі бүркеншік атпен басқа авторлармен бірлесіп романдар жазады. 1825 жылы Бальзак француз классиктерінің бір томдық шығармаларын бастырып шығаруды ұйғарады, баспахана иесі боламын деп жүріп, Бальзак қырық мың франкке зиян шегеді. Содан кейін бүкіл өмірі осы борыштан құтылуға әрекеттенумен өтеді. Тәулігіне он екі,он төрт сағаттан жұмыс істеген Бальзак өмірінің соңғы жылдарында ғана даңқа қолы жеткендей болғанымен, өз тұсындағы әдеби сын оның шығармашылығын дұрыс қабылдамайды. Тоқсан бестен астам шығарманың авторы қыруар еңбек етсе де, өмірінің соңына дейін қарыздан құтыла алмады. Бальзактың жеке өмірі де сәтсіз болды. Оның поляк графинясы Эвелина Ганскаямен қарым-қатынасы да шытырманға толы.1832 жылы Бальзак Одессадан "шетелдік әйел" деп қол қойған әйелден хат алды. Ол кезде Ганская 27 жаста болатын. Екеуінің арасындағы 18 жылдық хат жазысулар мен арагідек кездесулерден кейін 1850 жылы августа үйленгеннен кейін алты айдан соң ХІХ ғасырдың ұлы жазушысы отбасылық бақыт көрмей қайтыс болады.
Алғашқы шығармалары. Бальзактың артында қалған әдеби мұрасы өте мол. Алғашқы шығармаларының өзі саны жағынан қомақты. Ол шығармалар бүркеншік атпен жарияланған. Кейінрек 1842 жылы "Адам өмірінің комедиясын" жүйелеп шығарар тұста ол кейбір шығармаларынан безінді. Бальзак 1822-1825 жылдар аралығында "Стэни", "Бирагская наследница", "Последняя фея", "Столетний старик","Арденнский викарий" т.б. романдарын жазады. Бұл шиеленіскен оқиғаларға толы мелодрамалық интригаға құрылған шығармалар сюжетін өмірден емес, әдеби шығармалардан (Руссо,В.Скотт) алды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет