Лекция тезистері


-лекция. Франция әдебиетіндегі натурализм



бет14/15
Дата16.09.2022
өлшемі228,5 Kb.
#39252
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекцияшетел -Кафедра Универ

14-лекция. Франция әдебиетіндегі натурализм


Қамтылатын мәселелер:

1. Э.Золяның шығармашылығының ерекшеліктері


2. Натурализм – 1848 жылғы революциядан кейін пайда
болған бағыт.
3. Э.Золя романдарындағы натурализм. Романдары.
«Шабыт».

Француздар елінің әлемдік саясатта үлкен орны бар екенін ел астанасы Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері, Экономикалық ынтымақ-тастық пен даму ұйымы, Батысеуропалық одақ ассемблеясы, Страсбургте Еуропа Парламенті, Лионда Қылмыстық полиция халықаралық ұйымының Бас хатшылығы (Интерпол) орналасқанының өзі-ақ аңғарта алады.


ХІХ ғасырдағы бір француз саяхатшысы қазақтарды «Азияның француздары» деп атаған екен. Содан шығарып Асқар Сүлейменов француздарды «Еуропаның қазақтары» деген екен. Расында біздің менталитетімізде Еуропаның қақ төріндегі осы халықпен ұқсастық болғаны дұрыс сияқты.
Эмиль Золя және оның «Шабыт» романы Әлем әдебиеті классиктерінің бірі, француз жазушысы Эмиль Золяның шығармашылығымен көзіқарақты қазақ оқырмандары жақсы таныс. 1963-67 жылдары Мәскеудің «Художественная литература» баспасында оның 26 томдық шығармалар жинағы басылған. 1984 жылы «Жазушы» баспасынан қазақ тілінде Золяның әйгілі «Жерминаль» романы (қазақша нұсқасы «Наурыз», аудармашы Мұхаммед Нұртазин) жарық көрді.
Эмиль Золя – француз әдебиетінде сол тұстағы «натуралистік ағым» аталған, біздіңше айдар тақсақ, өмірдің қоспасыз шындығына негізделген нағыз реалистік бағыттағы көркем әдебиеттің іргетасын қалаушылар қатарында тұрды. Оның жиырма кітаптан тұратын «Ругон-Маккары» сериясына кіретін романдары ішінде «Жерминаль» мен «Шабыт» романдарының орны айрықша бағаланады. Мәселен, Э.Золя дүниеден өткенде оның жаназасына жиналған қарақұрым халықтың «Жерминаль!», «Жерминаль!» деп ұрандап тұруы тегін емес еді. Ал орыстың атақты сыншысы В. Стасов болса француз жазушысының «Шабыт» романын «ғажайып көркем суреттер», «ұлағатты өнеге» үлгісі ретінде әспеттегені мәлім.
«Шабыт» романы. Оқиғалық желісі жағынан – мұнда XIX ғасырдың алпысыншы жылдарында Париждің көркемсурет салондарында басталған эстетикалық төңкеріс, сұлулық әлемі сахнасына шыққан жаңа толқын суретшілер – импрессионистер тағдыры туралы сөз болады. Кезінде сол импрессионистер арасында жүріп, Поль Сезанн, Эдуард Мане, Клод Моне секілді жаңашыл тұлғалармен достық қарым-қатынаста болған жазушы 1886 жылы жарық көрген бұл романында алпысыншы жылдардағы газет-журналдар бетінде қызу айтыстар туғызған көркемдік-эстетикалық ағымның белсенді қолдаушысы, қорғаушысы болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет