Бақылау сұрақтары:
- Эмиль Золяның жазушылықтағы негізгі бағыты қандай?
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Зарубежная литература в ХІХв. Романтизм. Хрестоматия.
2. История зарубежной литературы ХІХ в. Сост.Б.Н.Богославский.
3. Елизарова М.С. и др. История зарубежной литературы ХІХ в. М., 1982
15-лекция. Сыншыл реализм – ағылшын әдебиетіндегі негізгі бағыт
Қамтылатын мәселелер:
Сыншыл реализмнің америка әдебиетіндегі ерекшелігі
Джек Лондонның шығармашылығы
Джеймс Купер Фенимордың шығармашылығы
4. Марк Твен шығармашылығы
Джеймс американдық ұлы романтик Джеймс Купер 1789 жылы дүниеге келген. Ол бала кезінен американың ормандары туралы біліп өсті. Иель университетіне оқуға түседі, Ол жерде Джеймс Купер академиялық өмір мектебінен өтеді. Бес жыл (1810 жылға дейін) Купер теңіз флотында қызмет етеді, содан кейін ол өзінің туған отаны Купертауға қоныстанады.
Фенимор Купер өмірінің бірнеше жылын Европада өткізеді. Францияда 1830 жылы болған июль төңкерісінде Купер халық жағында болады және бұл төңкерісте Франциялық банкирлердің жеңісін түсінеді. Өзінің шығармашылық жолында Купер Американың демократиясын жазады. Кейін оның өзінің көзқарасын өзгерткенін суретші романдарында айқын көрсетілді. 1821жылы жазылған Купердің «Шпион» романы оның есімін әлемге танытты. Жазушы шығармаларын таза американдық және отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазғысы келді. Бұған жауап бере алатын шығармадағы Гарви Берча образы.
Американдық патриот өзіне Вашингтонның құпия тапсырмасын орындауды мойнына алады—ағылшындар жайындағы мағлұматты беруге Гарви Берчаға қиын жағдайларда өз жағындағылардан және дұшпандардан да бұл қиын сәттерде сақтану керек болды. (Өз отандастары оның үйін өртеп, Американың шпионы деп жазаламақшы болды). Романның кейіпкері өзінің отанына деген сүйіспеншілігін жоғалтты.
Купер америка әскерлерін Европа коланистерінің игеруі жайында бірнеше романдар жазды. «Пионерлер» (1823), «Последний из могикан» (1826), «Прерия» (1827), «Следоныт» (1840), «Зверобой» (1841).
Гуманист – жазушы Джеймс Фенимор Купер колонистердің қатыгездігі жөнінде жазады.Купердің «Пионеры» романында 1793 жылы Нью-Иорк штатында болған оқиға жайында жазылған. «Последний из могикан» романы ХҮІІІ ғасырдың 50 жылдарындағы оқиғалар жайында жазылған.
Купер шығармаларындағы барлық кейіпкерлер түрлі оқиғаларды бастан кешіреді. Мысалы:үнді батыры, көсемі Чингачкук немесе Джо Могикан. Бұлар ағылшындардың француздарға қарсы соғысына қатысады. Бұл соғыста батырды, ер жүрекке Кора және оның ержүрек жас жауынгері Ункас Чингачкуктың ұлы қаза болады. «Следопыт» және «Зверобой» романдарында Купер ХҮІІІ ғасырдың 40-шы жылдарында болған оқиғаларды жазады.
Купердің шығармаларындағы жағымды кейіпкерлер – үндістер. Ф.Купердің қазіргі уақытта да үлкен қызығушылықпен оқылады.
Бүкіл дүниежүзілік әлем әдебиетіне елеулі үлес қосқан ірі жазушылардың бірі – Марк Твен. Шындығында Марк Твеннің бұл есімі лақап аты болатын. Оның шын аты-жөні Сэмноэл Ленгхарн Клеменс. Ол 1835 жылы 30 қарашада Миссури штатындағы Флорида деревнясында дүниеге келеді. Америкалық жазушы, сатирик, сыншыл реалист, балалар әдебиетінің классигі Марк Твен заңгер әкесінен ерте айырылып, балалық шағы ауыр жағдайда өтіп, ешқандай тиянықты білім ала бастады. Болашақ жазушы он екі жасында типографияға үйренуші болып жұмысқа кіреді. Одан әрі теруші болып әр қалада жұмыс істейді. Есейе келе лоцман ісіне оқып, Миссисипиде параход айдаушы болады. Дәл осы лоцман мамандығы оған, «Марк Твен» деген атын берді. («Мерпа два» - екі өлшем кеме өтетін тереңдікті анықтайды) және осы атпен әлемге әйгілі болды.
1861-1865 жылдардағы азамат соғысына байланысты суда жүзу тоқтатылып, Марк Твен алтын мен күміс қазбасы табылып жатқан Батыстағы Невада өлкесіне аттанып кетеді. Бұл жерде біршама уақыт үлкен байлық, алтын құймасын табу мақсатында старатель (өз бетімен алтын іздеуші адам) болып істейді. Сонымен қатар журналистикамен айналыса бастайды. Оның алғашқы мақалалары, очерктері, фелтандары лоцман және теруші болып жүргенде – ақ жазылған еді.
«Энтерпрайз» журналында қызмет істей жүріп танымал юмористке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |