Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет6/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
6. Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық саясатын жойғысы 
келгенімен, іс жүзінде жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. Соның нәтижесінде 
жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді. Кеңес үкіметінің 
елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында жүргізілген шаралары кейін республика 


27 
экономикасына орталықтың үстемдігінің мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс 
орындарын орталықтанған трестерге біріктіру, сонымен бірге өндіргіш күштерді 
региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол ашты, яғни Қазақстан экономикасының 
ұзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың
объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық 
саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. 
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық 
жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 
жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал 
мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі 
өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. 
Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында 
егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық 
байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс 
жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал 
болды.Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа 
душар болды. Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. 
пұт деңгейінде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық 
тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты 
құрады. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар 
етті. 1920—1921 жылдар аралығындағы жұттан кейінгі мал басы 1917 жылмен 
салыстырғанда 75% кеміді. 
Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының 
ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын
одан әрі жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі "Сібірдегі артық 
астықты алу туралы" декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей 
губерниясына да тарады. Осы декретке сай 1921 жылдың тамыз айына дейін бүкіл елдегі 
шаруаларға 119 млн. пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу 
жүктелсе, соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді.Тапсырманың 26 
млн. пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек Қостанайдың өзінен 6 млн. пұт астық
алынды. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры 
да тәркіленіп отырды. Астық салығы мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған 
аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып астық сатып алуға мәжбүр 
болды. 
Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық 
жайлады. Бөкей губерниясында — 100 мың, Оралда — 400 мың, Семей губерниясында — 
500 мың, Орынбор - 445, Ақтөбеде — 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім 
ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті 
қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше 
болысты біріктіріп, бір болыс ұйымдастыруға тура келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 
мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді 
келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет