Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет33/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
6. 
Қазақстан Халқы ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне ай-
налды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың 
маңызды тетігі болатын. 1995 жылы 16 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ұлттық 
мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Сонда Елбасы республикадағы 
ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық 
институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын 
ортақ мүддеге біріктіретін ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар ау-
дарды. Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда 


78 
қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстаным-
дарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке 
негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. 
Барлық облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. 
Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-
мәдени орталықтың өкілдері енді.Сессияда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баяндама 
жасап, ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді. Ассамблея құру 
идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған 
болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге 
белсенді түрде атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, 
ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. 2007 
жылы ассамблея конституциялық орган мәртебесін иеленді, кепілді парламенттік өкілдік – 
ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығын алды. 2008 жылғы 20 қазандағы ҚР 
«Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңы ассамблея қызметі мен құрылымдарын, 
еліміздің қоғамдық-саяси жүйесіндегі оның орны мен рөлін нормативтік-құқықтық 
реттеуді, конституциялық парламенттік өкілдікті жүзеге асыруды қамтамасыз етті. 
Ассамблея құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыттары бойынша 
мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктерді 
құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы ассамблеясы мен кіші 
ассамблея мүшесі. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң 
қабылданды. Ассамблея мен этномәдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар 
мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болды. 
Ассамблеяның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы. 
Ассамблеяның өткізген барлық сессияларда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 
ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың 
қажеттілігіне баса назар аударып отырады. Қазақстан халқы ассамблеясы үлгісінде Ресей 
Федерациясында, Қырғызстанда халық ассамблеялары құрылды. Бұл жерде тағы бір 
ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, 
қызметінің ауқымы жағынан да олардан дараланып тұрады. Ассамблея өзінің құрылымы 
жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін 
ұйым.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет