Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет34/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
Бақылау сұрақтары: 
1. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы 
2. Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары 
3.«Ортамерзімді 
кезеңге 
арналған 
Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясының 
стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010. 
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: 
алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. 
– Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl 
Orda, 2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 
2010. 
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: 
Фолиант, 2007. – 344 с. 
Дәріс № 11. Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі 
(2 сағат) 


79 
1.Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі 
2.Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы.
3.ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы.
4.ҚР жастар саясаты және рухани жаңғыру бағыты. 
5. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты 
туралы» заңы мен ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан – 2020» даму 
бағдарламасы.
6. Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы.
 
1. 
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының 
шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси 
бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен 
анықталды. 
Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» 
партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, 
«Республикалық» партия болды. 
1991 жылдан бастап, қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қазақ КСР-дегі қоғамдық 
бірлестіктер туралы» Заңмен реттеле бастады. Заңға сәйкес, 1991 жылдың 30 
желтоқсанына дейін республика аумағында қызмет ететін барлық қоғамдық 
бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі талап етілді. Партия мен қоғамдық қозғалыстардың 
дамуы мен жұмыс істеу ережесі бүгінде 1995 жылғы Қазақстан Республикасының 
Конституциясымен, сонымен бірге ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңымен (1996 ж.) 
және «Саяси партиялар туралы» Заңымен (2002 ж.) реттеледі. 
1990 жылдың басы мен орта шенінде ұйым ретінде тіркелген саяси партиялар үгіт-
насихат, жақтастарын іріктеу және саяси іс-қимылдарға тарту кезеңінде болды. Орталық 
ұстанымдағы анағұрлым көрнекті партиялар қатарында Қазақстанның «Социалистік» 
партиясы, Қазақстанның «Халық Конгресі» партиясы, Қазақстанның «Халық Бірлігі» 
Партиясын атауға болды. Қазақстанның саяси партиялары, қозғалыстары, қоғамдық 
бірлестіктері Жоғарғы Кеңестің XІІ және XІІІ шақырылымдағы сайлауларына, сонымен 
бірге 1990, 1994, 1995 жылдардағы Парламент мәжілісінің сайлауларына қатысып, 
олардың кейбірі еліміздің жоғарғы өкілдік органында депутаттық фракцияны құрады. 
Атап айтар болсақ, 1995 жылғы депутаттық корпуста Қазақстанның халық бірлігі 
партиясы, Қазақстанның халық Конгресі партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, 
Қазақстанның қайта өрлеу партиясы, «Лад» қозғалысы және т.б. болды. 
Партиялық жүйенің қалыптасуының және дамуының жаңа кезеңі біріншіден, 2002 
жылы саяси партиялар туралы заңның қабылдануымен, екіншіден, 2004 жылғы 
парламенттік сайлауға партиялардың қатысуымен байланысты болды. 2006 жылы саяси-
партиялық кеңістік конфигурациясы айтарлықтай өзгерістерді басынан кешірді, бұл 
партиялардың бірігу процесіне байланысты болатын. Бағдарламаларының және саяси 
жарғыларының ұқсастығы себепті «Асар» партиясы, Аграрлық және Азаматтық 
партиялары билеуші «Нұр Отан» («Отан» партиясы атауын «Нұр Отан» ХДП –на өзгертті) 
партиясына бірікті. 2007 жылғы мамыр айындағы Конституцияға енгізілген 
толықтырулар мен өзгерістер партиялық жүйенің дамуының жаңа кезеңін 
қалыптастыруда, яғни Конституциялық реформаларға сәйкес, мемлекеттегі саяси 
партиялардың рөлдері мен мәртебелері артуда. 
2. 
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кәсiбиленуiмен 
ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен 
мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге 
мүмкiндiк бердi.
1
998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының 
Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау енгiзудi 
көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс процестерiн 


80 
жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, 
Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық 
партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы 
(ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерiнiң демократиялық 
партиясы, «Руханият» партиясы, «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. 
Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.2000 жылы мемлекеттiк билiк 
органдарымен өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн күш-жiгерiн шоғырландыратын 
Қазақстанның Үкiметтiк емес ұйымдарының (YEҰ) конфедерациясы құрылды. 
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк 
әрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк органдарының 
өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң 
келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дәрежесiне көтердi. 
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 
қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси 
танылуын белгiледi және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың 
өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi 
Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-
қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi. Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық 
қоғам институттары — саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, 
кәсiподақтар, ұлттық-мәдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат 
құралдарының және тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да 
институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Азаматтық қоғам 
және құқықтық мемлекеттің өзара қатынасы белгілі бір дәрежеде көпшілік құқығы 
нормаларымен реттеледі. Олардың көмегімен мемлекет азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтарын, азаматтық қоғамның көптеген институттарын қорғауды жүзеге асырады. 
3. 
Ақпараттық 
саясат - 
қоғамдағы 
ақпараттар 
желісін 
дамытуға 
бағытталған мемлекеттік 
органдардың реттеушілік 
қызметі. 
Бұл 
тек телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат 
құралдарын ғана емес, барлық түрдегі - іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық және 
т.б. сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты 
өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды.  
Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан 
әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Соған орай Елбасы 1997 жылы 3-
желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру 
туралы» 
Жарлыққа 
қол 
қойды. Президенттің тапсыруымен 1999 
жылы 
жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен 
толықтырулар 
енгізілді.Осы 
заңдардың 
қай 

қайсы 
да 
БАҚ-ты 
демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына 
жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек. Қазақстанда БАҚ-ты 
саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. 
Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге 
асырылу жолдары белгіленді:
1. 
Ақпарат 
саласы 
мәселелері 
жөніндегі 
заңнаманы 
жетілдіру. 
2. Отандық және мемлекеттікбұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге 
қабілеттілігін дамыту.3.Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. 
Сандық теледидарды енгізу. Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық 
сипаттағы БАҚ-тыңодан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті.
Бүгінгі ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз 
елестету мүмкін емес. Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат 
мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа 


81 
термин пайда болды. ҚР Президентінің жарлығымен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық 
Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие 
болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді 
және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері 
компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте 
ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада 
қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады. 
Ақпараттық қоғам дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық 
технологиялардың дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық 
технологиялардың инфрақұрылымы есебінен халықтың хал-ахуалының жоғары деңгейіне 
жетуге бағытталған.Қазақстан өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу 
процесіне барынша үлес қосуда. Сол себепті барлық қажетті шарттарды тудыру үшін 
«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы әзірленген, олар біздің елдің 
ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қоғамды жаңғыртудың маңызды 
факторлары адамдардың өмір сүру салтына, экономикалық көрсеткіштерге ықпалы АКТ 
қазіргі Қазақстан азаматтарының өмірі мен экономикасы үшін АКТ даму маңыздылығын 
сипаттайды. 
Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік 
жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. Билік институтында БАҚ-
тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра 
бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен 
бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық 
қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді. 
Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз 
басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық 
технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. арапшылар 
БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: 
- жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; 
- арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; 
- ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; 
- тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. 
1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп 
атады. 
БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің 
өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін 
басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз 
мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл 
Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе 
болып табылады. 
Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз 
саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз 
етіп келе жатқан мемлекет. Ата заңымыз және Республика Президенті – ақпарат 
құралдары бостандығының кепілі. Осы орайда БАҚ-ты құруда болған қиындықтарға 
тоқталар болсақ, қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған 
тұстан бергі уақытта БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму 
сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. 
Біріншісі кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат 
жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы. 
Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан 
қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. 


82 
Үшінші кезең. Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың 
тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және 
Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады. 
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста 
Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, 
баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктің жоғары екендігін 
сезінді. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі 
қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан 
бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 
28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. 
Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы 
жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Баспасөз бен эфирлерге жаңа 
мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады. 
Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан 
әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Осыған орай, елбасы 1997 жылы 
3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру 
туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен жылы жаңа заң күшіне енді. 
Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
Осы заңдардың қай-қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай 
жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап 
айту керек. 
4. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі 
мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру 
үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен 
нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына 
басылымдық беруді көздейді: 
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани 
дамуы. 
2.Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік 
құқықтарын қамтамасыз ету. 
3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына 
жағдай жасау. 
4.Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау. 
5.Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру. 
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және 
білім беру процестеріне тарту. 
Жастар – келешектің негізі ретінде жеке білімділігімен, жасампаз еңбегімен, күш-
жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Олар ХХІ ғасырда 
дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі абыройы биік мемлекет - жаңа Қазақстанның 
қалыптасуын белсенді түрде жалғастырушы буын болуы тиіс. 2020 жылға дейінгі 
мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы 
осы.Тұжырымдама Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан 
Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары мен 
Үдемеліиндустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі 
ережелеріне сай келеді. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Президентінің 
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында берген тапсырмаларына, сондай-ақ 
Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 
қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес жасалған. 
Мемлекеттік жастар саясаты Тәуелсіздік жылдарында алғашқы қалыптасу 
кезеңінен өтті. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары Қазақстан 


83 
Республикасы Президентінің 1999 жылдың 28 тамыздағы №73 өкімімен бекітілген 
Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында қалыптасқан. 
Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «2003-2004 жылдарға арналған жастар 
саясатының бағдарламасы», «2005-2007 жылдарға арналған жастар саясатының 
бағдарламасы», сонымен қатар «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы 
азаматтарына патриоттық тәрбие беру мемлекеттік бағдарламасы» атты салалық 
бағдарламалары іске асырылды. 
Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және т.б. ірі 
жобалар іске асырылуда. 
Жастар саясатының инфрақұрылымы құрылған (ҚР Президенті мен барлық 
деңгейдегі әкімдер жанындағы кеңестер, Жастар істері жөніндегі комитет, мемлекеттік 
бағдарламалар, жастардың үкіметтік емес ұйымдары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар 
және т.б.). Жастардың мемлекеттік қызметке келуіне және қызметтік өсуіне, жеке істерін 
ашып, оны жүзеге асыруларына мүмкіндіктері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет