Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
5. 
2004 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік 
жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жастарды жеке әлеуметтік-
демографиялық топ етіп бөліп шығаруға, оған белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен 
мемлекеттік кепілдіктер беруге мүмкіндік жасады. 
Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-
жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа 
Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті 
қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 
жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осында 
жатыр. 
Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, 
Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, 
Үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі 
ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының 
ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік 
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық 
мақаласында берген тапсырмаларғ Тұжырымдама мақсаты әрбір қазақстандыққа қоғам 
мен мемлекетті дамытуға бағытталған жан-жақты тұлға болып қалыптасуы үшін тең 
жағдай жасау болып табылады. 
Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу 
қарастырылады: 
1. Жас адамның жан-жақты дамуына бағытталған әлеуметтік-экономикалық 
шараларды жүзеге асыру; 
2. Қазақстандық жастарды топтастыру мен гуманизм, патриотизм, еңбек пен 
ұрпақтар сабақтастығы сынды жалпы адамдық құндылықтарды ілгерілету; 
3. Жастардың тұрғылықты жері мен оқуы және жұмысы бойынша атаулы жұмысқа 
бағытталған тұтастай жүйе құру. 
Осы Тұжырымдама жастар саясатының жаңа үлгісін құру мен дамтыуға 
бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз 
бола алады. 
Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, Жапония, 
Қытай, Индия және Түркия елдерінде жастар саясатын іске асыру мен әзірлеудің әртүрлі 
тәсілдерінің бар екендігі туралы көрсетті. 
Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз 
ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады. 
Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса 
жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады. 


84 
Мемлекеттік жастар саясатын республикалық және өңірлік деңгейде тиімді жүзеге 
асыру үшін келесі қағидаттарға сүйену қажет: 

жастар саясатын әзірлеудің жинақтылығы мен жүзеге асырылуы, 
ресурстардың топтасу бағдары (барлық жауапты және мүдделі тараптарды тарту, түрлі 
әлеуметтік-экономикалық саланы қамту); 
- ел дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндетіне арналған 
жастар саясатына бағытталған әлеуметтік бағыт пен түрлі жастар тобының қажеттілігі;
- жастар саясаты саласындағы жабдықтаушы мен қызметті қолданушылар үшін 
ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі; 
- жастар саясаты саласындағы жоспарлау мен белгілі топқа қызмет көрсету кезінде 
мақсатты топқа нақты сегментация беру; 

жауапты 
орындаушының 
кәсіптілігі 
мен 
барлық 
деңгейдегі 
тең 
орындаушылардың ұйымдылығы. 
6.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы елдің 
экономикалық дамуындағы емес, сонымен қатар, азаматтардың діни-мәдени өміріндегі 
басымдықтарды күрделі өзгертті. Президент Н. Назарбаев конфессионалдық қатынастар 
саласындағы мемлекеттік саясатта ойланған бағытты таңдап алды. 
Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық қарым-қатынастар мемлекеттің этникалық және 
конфессионалдық салаларындағы саясатпен нығайтылды. Өз кезегінде ол қоғамдық 
сананың радикализмге қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастырды. Либералды заңдар, 
діни толеранттылық және плюрализм осы саясаттың негізі болып табылады. Мемлекеттің 
конституциясында елдің зайырлы екендігі, азаматтардың ар-ождан бостандығы 
құқықтарына кепілдік, қандай да бір дінге қатысты протекционизмнің болмауы
конфессияларға байланысты толерантты қатынастар бекітілген. 
Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы және 
құқықтық мемлекет болып табылады. Ар-ождан бостандығы конституциямен 
мойындалған адам құқықтарының ең маңызыдларының бірі. 
Қазіргі таңда мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың үлгілері көп емес. 
Олардың ішіндегі ең танымалдарын атап өтетін болсақ, оларға келесілері жатады: 
Біріншіден, елдегі барлық конфессиялардың теңдігі үлгісі. Мән берілуі керек 
мәселе ол конфессиялардың заңды және іс жүзіндегі теңдігі. 
Екіншіден, оның негізіне бір діннің мемлекеттік болып танылуы салынған үлгі. 
Мемлекеттік болып танылған дін елдегі басқа да діндердің алдында артықшылықтарға ие 
болады. Артықшылықтар заң жүзінде және де-факто болуы мүмкін. Бұл үлгінің басқа да 
нұсқалары бар: мемлекеттік дін ресми мемлекеттік болып танылуы мүмкін, сондай-ақ, 
қарапайым мемлекетітк мәртебеге ие бола алады. 
Үшіншіден, мемлекет бір немесе екі ресми дінге бағдар ұстайтын мемлекеттік-
конфессионалдық қарым-қатынастардың үлгісі құрылады. Мысалы, Германияда 
мемлекеттік қолдауға, дін қызметшілеріне қаржылай көмек беруге және т.с.с. байланысты 
басқалардан жоғары деңгейде екі конфессия тұрады – католицизм және протестантизм. 
Төртіншіден, мемлекет барлығына (немесе конфессиялардың көпшілігіне) тең 
заңдық мәртебе береді, бірақ салықтық жеңілдіктер діни бірлестіктердің барлығына 
бірдей көрсетілмей, тек мемлекеттік тіркеуден өткен және заңды тұлға мәртебесіне ие 
болғандарға беріледі. 
Бесіншіден, шаруашылық және білім беру қызметтерінің құқықтары мәртебесі тек 
өмір сүру ұзақтығымен және елдің тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесімен мақұлданған 
конфессияларға рұқсат берілетін үлгіні айтуға болады. 
Мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың қазақстандық үлгісінің 
негізіндегі маңызды қағидат болып діни толеранттылық табылады. Нақты осы қағидат 
Қазақстанға тұрақты және дамушы ел болуға көмектесті және көмектесіп жатыр, сонымен 
қатар, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың тиімді үлгісі ізделіп жатқан 


85 
шетелдік мемлекеттерге мысал болуға мүмкіндік беруде. Қазақстан елдің ішіндегі 
конфессионалдық тұрақтылықты сақтау және нығайтумен қатар, әлемдік бейбітшілікті 
орнатуға деген өз үлесін қосып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет