Лекция тезистері


Дәріс № 5. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік



Pdf көрінісі
бет14/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Байланысты:
лекция Қаз қаз зам тарихы.2 (1)

Дәріс № 5. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік 
реформалардың  қайшылықтары мен зардаптары(2 сағат) 
 
1.Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал. 
2.И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау.  
3.Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан.  
4. Л.Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі.  
5. 1965 -1966 жж. экономикалық реформалардың аяқсыз қалуы. 
6.КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі.  
 
1.  Ұлы  Отан  соғысы  жеңіспен  аяқталғаннан  кейін  Қазақстан  еңбекшілері  бейбіт 
құрылысқа  қайта  оралды.  Экономиканы  бейбітшілік  жағдайға  бейімдеп  қайта  құру 
еңбекшілердің  қоғамдық-саяси  белсенділігі  жағдайында  жүргізілді.  1945  жылы  қазан 
айында  Алматыда  Республиканың  25  жылдығына  арналған  Қазақстан  Жоғары  Кеңесінің 
мерекелік  сессиясы  болып,  оған  туысқан  республикалардың,  Мәскеу  мен  Ленинградтың 
делегациялары,  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының  озаттары,  ғылым  мен  мәдениет 
қайраткерлері  қатысты.  Осы  мерекеге  орай  5304  адам  ордендермен  және  медальдармен 
наградталды. 
1946  жылы  18  наурызда  қабылданған  төртінші  бесжылдыққа  арналған  жоспар 
бойынша  соғыстан  бүлінген  аудандарды  қалпына  келтіру,  өнеркәсіп  пен  ауыл 
шаруашылығының  соғыстан  бұрынғы  дәрежесіне  жетіп,  одан  едәуір  асып  түсу  міндеті 
белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастауға үлкен мән берілді. 
Республикада  ауыр  индустрияны  жедел  дамыту,  сондай-ақ,  жеңіл  және  тоқыма 
өнеркәсібін  одан  әрі  өркендету  көзделді.  Тұрғын  үй  құрылысын  және  қалалар  мен 
жұмысшылардың  тұрақты  аудандарында  мәдени-тұрмыстық  орындар  жүйесін  кеңейтуге 
ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика 
еңбекшілерінің  материалдық  және  мәдени  тұрмыс  дәрежесін  одан  әрі  көтеру  көзделді. 
Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшiншi орынға шықты. Мұнда 
күрделі  қаржы  кәсіпорындарды  қалпына  келтіруден  гөрі  бұрынғыларын  кеңейтіп,  жаңа 
кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 
жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге арту 
көзделді.  Бесжылдық  қорытындысында  Қазақстан  өнеркәсібінің  жалпы  өнімі  1940 
жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5, мүнай-1,5, газ-1,9, электр 
қуатын өндіру 4,1 есе артты. 
Соғыстан  кейінгі  кезеңде  ауыл  шаруашылығы  артелінің  жарғысын  бұзушыларға 
қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер 
мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар 
жер  қайтарылды.  Осы  жылдарда  ұсақ  колхоздарды  iрiлендiру  шаралары  iске 
асырылып,  республикада  соғысқа  дейiнгi  6400  колхоздан  1950  жылғы  қаңтарда  3670 
колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды. 
Ауыл  шаруашылығының  материалдық-техникалык  базасы  нығайтылды.  Төртінші 
бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан 
астам  комбайн,  ондаған  мың  автомашина,  шөп  шабатын  және  басқа  машиналар  істеді. 
Бұлардың басым көпшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. 
Ауыл-селода  механизаторлар  қатары  өсіп,  МТС  қызметкерлерінің  жыл  сайынғы  орташа 
саны 10 мың адамға көбейді. 
1948  жылы  республикада  ауылдар  мен  селоларды  жаппай  электрлендіру  жорығы 
басталды.  Сөйтіп,  төртінші  бесжылдық  тұсында  752  колхоз,  317  МТС,  164  совхоз  және 


41 
 
193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 
жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті. 
Республикада  төртінші  бесжылдықта  егіс  көлемі  бір  миллион  гектардан  аса 
ұлғайды.  Ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  шығымдылығы  артты.  1950  жылы 
астықтың жалпы түсiмi 47 654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 пайыз 
асып  түсті.  Ірі  қара  малдың,  қой  мен  жылқының  жаңа  түқымдары  өсіп  жетілді.  Атап 
айтқанда,  қазақтың  ақ  бас  сиыры,  алатау  сиыры,  қазақтың  биязы  жүнді  қойы,  арқар-
меринос  қойы,  Қостанай  жылқысы  будандастырылып,  жаңа  түқым  алынды.  Малдың 
жалпы саны өсті: ірі қара-27, қой мен ешкі - 70, жылқы - 71 пайыз көбейіп, шошқа - 2,7 есе 
артты. Дегенмен ауыл шарушылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар мен кемшіліктер 
болғанын  да  айтуымыз  керек.  Бұл  кезде  республиканың  мал  шаруашылығы  мейілінше 
ауыр жағдайда еді. 1951 жылы бар болғаны 4,5 миллион ірі қара (1928 ж. 6,5 млн. болған), 
1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың түйе (1 млн.) болды. Тек қой саны бойынша, олардың 
тез өсетіндігі есебінен, 1928 жылдың дәрежесіне жақындады. 1928 жылы 18566 мың қой 
болса, 1951 жылы қой мен ешкінің саны 18036 мың басқа жетті. 
1946  жылы  қуаңшылық  болып,  астық  шықпай,  халық  азық-түлік  тапшылығының 
зардабын  шекті.  Колхоз,  совхоз,  МТС-тардағы  техника  ескірген,  еңбек  өнімділігі  төмен 
еді.  Ауыл  шаруашылығының  әртүрлі  жарғысын  бұзушылық  етек  алды.  Колхоздардың 
меншігі  талан-таражға  түсті.  Колхозшыларға  еңбек  күнге  өнім  бөлінбеді.  Олардың 
еңбекке  ынталылығы  төмен  болды.  Осыған  байланысты  әкімшіл-әміршіл  жүйе  қатал 
саясат  жүргізіп,  село  түрғындарын  мәжбүрлікте  ұстады.  Олардың  саяси  құқықтары  аяқ 
асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы төлеуде теңгермешілік 
орын  алды.  Колхоздарда,  совхоздарда  өндірілген  астықтың  тұқымдық  қордан  басқасы 
мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке 
шаруашылықтарынан  ет,  сүт,  жүн  дайындау  жүргізілді.  Ауыл-селодағы  мұндай  ауыр 
жағдайды өзгерту мәселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін көңіл бөлінген жоқ. Сайып 
келгенде,  өнеркәсіпті  қалпына  келтіру,  оны  жаңа  деңгейге  көтеру  ауыл-селоны  қанау 
есебінен іске асты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет