2. Сталин қайтыс болғаннан кейін 50-ші жылдардың орта шенінен бастап жеке
адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистік зандылықтарды қалпына
келтіруге бағытталған бірсыпыра шаралар іске асырылды. 1956 жылы ақпан айында өткен
партияның XX съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын
жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру, ішкі партиялық демократияны
өрістету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды құптады. "Жылымық жылдары" деген
атпен тарихқа енген 50-ші жылдардың екінші жартысынан былайғы кезеңде көптеген игі
іс атқарылды. Басшылықтың ұжымдық принципі енгізіліп, әкімшіл-әміршіл басқару
жүйесі
босаңси
бастады.
Қағазбастылықпен,
жиналыс,
мәжіліс
өткізумен
әуестенушілікпен күрес күшейді. Ұлт мәселесіндегі бұрмалаушылықтар түзетіле бастады.
Ұлттық республикалардың құқығы кеңейтілді. Қоғамдағы Кеңес ұйымдарының рөлі өсті.
Кеңес қоғамының тарихын шыншылдық тұрғысынан баяндау, оның жүріп өткен жолына
сын көзбен қарау мүмкіндігі туды.
3. 1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-
түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру
мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерізімде
тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік
аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңіріне
жүздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты
республика партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура
келді. Қазақстанға Ресей мен Украина, Белоруссиядан және басқа да одақтас
республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде /1954-1956 жж./ 640 мың
42
адам келді, бұлардың ішінде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың
құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері, 1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам
сауда қызметкерлері және басқалар бар еді. Бұлардан басқа республикалардан
механизация училищелерін бітіріп келген 66,7 мың адам және Қазақстанның
училищелерінен келген 19,8 мың адамға республика совхоздарында жұмыс істеуге
жолдама берілді. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта білімі бар 2088
адам директор, бас агроном, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға
жіберілді.
50-ші
жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының
материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың
трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл
шаруашылық техникасын алды.
1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы
көлемі 106 млн. тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа өнімі - 1949-
1953 жылдардың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл
жылдардың ішінде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды.
Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға
шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық
өндіретін дәрежеге жетті. /Азық-түлік мәселесін түбегейлі шешу үшін әр адамға шаққанда
бір мың кило астық өндіру жеткілікті деп есептеледі/. Тың игеру барысында Қазақстанда
көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды. Жаңа темір
жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын
бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті.
Тың игерудің экономикалық және әлеуметтік салалардың дамуына тигізген
салдары да болды. Сонымен бірге оның экологиялық, демографиялық зардаптары да аз
болған жоқ.
Тың игеру шұғыл, асығыс жүргізілді. Егістікке жарамсыз жерлер жыртылды, мал
жайылымы азайып, мал шаруашылығына зиян әкелді. Осының салдарынан игерілген
жерлердің біразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кетті. 50-
жылдардың ақырында Қазақсианда 9 млн. гектар жер эрозияға ұшарады.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесінің өзгеруіне әсер етті. Тың
игеру кезінде Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп отырған қазақтарды келтіру мүмкіндігі
туды, қазақ зиялылары сондай пікір де көтерді, бірақ бұл пікір ескерілмеді. Қазақстанға
тың игеруге көптеген басқа ұлттың адамдары келді. Олардың ішінде басшы
қызметкерлер, мәмәндар келді. Олар жергілікті кадрларды ығыстырды. Жергілікті
жерлердегі қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тілінде оқытты. Қазақ
тіліндегі газеттер жабылды. Мұндай көріністер интернационализм мен ұлттар
достығының белгісі деп бағаланды.
1951 жылдан 1955 жылға дейін республикада 8 жаңа жоғары және 22 арнаулы оқу
орны ашылды. Қарағандыда екі жоғары оқу орны-медицина және тау-кен институттары,
Семейде малдәрігерлік-зоотехникалық және медицина институттары жұмыс істей
бастады. Жаңа жоғары оқу орындарының: Ақтөбе медицина /1957 ж/, Целиноград ауыл
шаруашылық /1958 ж/, Өскемен құрылыс-жол /1958 ж/ иниституттарының ашылуымен
бірге бұрыннан бар жоғары оқу орындары кеңейіп, оларда жаңа факультеттер пайда
болды. 1956 жылдан бастап Шымкент технология иниституты құрылыс материалдары
кәсіпорындарының жабдықтарын монтаждау және пайдалану жөніндегі инженер-
механиктерді даярлай бастады. Қазақ ауыл шаруашылығы институтында электрлендіру
және гидромелиорация мамандықтары бойынша жаңа инженерлік факультеттер мен
бөлімдер ашылды.
Қорытып айтқанда, 50-ші жылдар Қазақстан үшін Одақтық баланстағы рөлі өскен,
индустриялық қуаты артқан мәдениеті біраз дамыған, сөйтіп экономикасы өрлеу жолына
түскен кезең болды.
|