Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет5/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
 
 


22 
 
Дәріс № 3.  Азаматтық-саяси қайшылықтар 
(2 сағат) 
1.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. 
2.Желтоқсандағы   жалпықазақ съезі. Ә.Бөкейхановтың   төрағалығымен  Алашорда 
(Халық кеңесі) үкіметінің құрылуы.  
3.Қоқан  қаласында  Түркістан  автономиясы  (Қоқан  Автономиясы)  үкіметінің 
құрылуы 
4.Қырғыз  (Қазақ)  АСР-ның  құрылуы  –  ұлттық  мемлекет  құру  идеясын   таптық 
негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру.  
5.Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.   
6.Жер-су  реформасының  мақсаты.  Оны  жүзеге  асырудағы  ауытқулар  мен 
қателіктер.  
7.Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).  
8.Түркістан  республикаларын  ұлттық-мемлекеттік  межелеу  -  біртұтас  Түркістан 
идеясының  біржақты күйреуі. Қазақ жерлерінің ҚКАСР құрамына біріктірілуі.  
 
1.  Уақытша  үкіметтің   халық  күткен  аграрлық  мәселені  шеше  алмауы,  езілген 
халықтарға  өзін-өзі  билеуі  немесе  автономия  алу  мәселесін  күн  тәртібіне  қоюға 
тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді 
шешпеуі  халық  наразылығын  одан  әрі  күшейтті.  1917  ж.  жазының  соңы  мен  күзінің  бас 
кезінде  бүкіл  Ресейдің  жер-жерінде  бұқараның  Уақытша  үкіметке  деген  қарсылығы  өсе 
түсті.  Бұл  Кеңестердегі  большевиктердің  ықпалының  артуына  жағдай  жасады.  Ал 
Корнилов  бүлігінің  талқандалуы  большевиктер  беделін  біржола  көтерді.  Осындай 
жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған 
“Барлық  билік  Кеңестерге  берілсін”   деген  ұранды  қайта  көтерді.  Енді  бұл  ұран  қарулы 
көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 
1917  ж.  24  қазанда  (6  қарашада)  Петроградта  қарулы  көтеріліс  басталды.  Келесі  күні 
көтерілісшілер  қаланың  ең  маңызды  объектілерін  басып  алды.  1917  ж.  25  қазанда  (7 
қарашада)  Әскери-революциялық  комитет  Уақытша  үкіметтің  билігінің  жойылғандығын 
жариялады.  Осылайша  Қазан  төңкерісі  жеңіске  жетті.  Қазан  қарулы  көтерілісінің 
Петроградта  жеңіске  жетуі,  сондай-ақ  Қазақстанмен  іргелес  Ташкент,  Омбы,Орынбор, 
Астрахань  тәрізді  ірі  қалаларда  Кеңес  өкіметінің  орнауы  Қазақстанда  да 
биліктің   Кеңестердің  қолына  өтуіне  ықпал  етті.  Алайда  Қазақстанда  Кеңес  өкіметін 
орнату  төрт  айға,  1917  ж.  соңынан  1918  ж.  наурызына  дейін  созылды.  Бұл  процесс 
аймақтың  әлеуметтік–экономикалық  және  мәдени  баяу  дамуымен,  ұлтаралық 
қатынастардың  күрделілігімен,  жұмысшылар  мен  большевиктік  ұйымдардың  аздығымен 
шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің 
халыққа  бейбітшілік,  жұмысшыларға  зауыт  пен  фабрика,  шаруаларға  жер,  ұлттар  мен 
ұлыстарға теңдік пен бостандық  беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін 
орнатуға  Орал,  Жетісу,  Сібір,  Орынбор  казак  әскерлері  мен  құлаған  Уақытша  үкіметтің 
жақтастарының  табанды  қарсылық  көрсетуі  жағдайды  одан  әрі  шиеленістіре  түсті. 
Қазан  төңкерісінің  жеңісінен  кейін  ұлттық,  ең  алдымен  ұлттық-мемлекеттік  құрылыс 
мәселелері  өткір  сипат  алып,  талқылана  бастады.  Кеңес  өкіметінің  ұлттық  саясатының 
негізгі  принциптері  маңызды  екі  құжатта  -  1917  ж.  2  қарашада  қабылданған  “Ресей 
халықтары  құқықтарының  Декларациясында”  және  1917  ж.  20  қарашада  жарияланған 
Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс 
тапты.  1918  ж.  қаңтарда  кеңестердің  Бүкілресейлік  3-съезінде  В.И.Лениннің  дайындаған 
“Еңбекшілер  мен  қаналған  халықтардың  құқықтары  Декларациясы”  қабылданды.  Бұл 
құжатта  Коммунистік  партияның  кеңес  республикасының  мемлекеттік  құрылымы 
түріндегі  кеңестік  федерацияны  ымырасыз  жақтайтыны  айқын  көрсетілді.  Декларацияда 
“Кеңестік  Ресей  Республикасы  еркін  ұлттар  одағының  негізіндегі  кеңестік  ұлттық 
республикалардың федерациясы түрінде құрылады” делінген. 


23 
 
Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 
1. Өнеркәсіп орталықтары  мен темір   жолға  жақын, жұмысшылар басым оңтүстік 
және солтүстік аймақтарда бейбіт жолмен. 
2.  Сібір,  Орал,  Жетісу  қазақтары  мен  офицерлер,  кулактар  біріккен 
контрреволюциялық күштер басым аудандарда қарулы күрес жолымен 
1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен 
қалалар  мен  басқа  да  ірі  халық  тығыз  орналасқан  жерлерде  орнады.  Кеңес  өкіметін 
орнатумен  бірге  өлкенің  шаруашылығы  мен  мәдениетін  қайта  құру  шаралары  қатар 
жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында,  мәселен Спасск зауытында, Қарағанды шахтасында, 
Успен  кенішінде,  Ембі  мұнай  кәсіпорындарында  бақылау  қойылып,  сондай-ақ  банктер 
мемлекет  меншігіне  көшірілді.  Кеңестердің  2-  Бүкілресейлік  съезінде  қабылданған  Жер 
туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.Қазан төңкерісінің алғашқы 
күндерінен  бастап-ақ  облыстық  және  уездік  орталықтарда  да  жұмысшылар  мен 
шаруалардың  өкіметін  нығайту  ісі,  ауылдық  және  селолық  Кеңестерді  құру  ісімен  бірге 
жүргізді.  Кеңестердің  жанынан  еңбек,  ағарту,  денсаулық  сақтау  т.б.  бөлімдері  ашылды. 
Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. 
 
2.  Алаш  Орда  (1917-1920)  -  Ақпан  және  Қазан  төңкерістерінен  соң  1917  жылы 
желтоқсанның  13-і  күні  құрылған  қазақ-қырғыз  Алаш  автономиясының  үкіметі.  1917  ж. 
желтоқсанның  5-13-і  күндері  ОрынбордаII  Жалпы  қазақ-қырғыз  құрылтайы  өткізілді. 
Құрылтайдың  күн  тәртібіне  10  мәселе  қойылды.  Олардың  ішіндегі  ең  негізгілері:  қазақ-
қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.   
Құрылтай  делегаттары  Уақытша  үкімет  құлатылғаннан  кейін  қазақтардың  өмір 
сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау 
үшін,  «уақытша  Ұлт  Кеңесі»  түріндегі  берік  билік  құру,  оған  «Алаш  Орда»  деген  атау 
беру  (төрағасы  Әлихан  Бөкейханов,  Ұлт  Кеңесі  құрамына  25  адам  кірді),  сондай-ақ 
милиция  жасақтау  туралы  қаулы  қабылдады.  Алаш  астанасы  -  Семей  (кейін  Алаш-қала 
атауын  алды)  қаласы  еді.  Бұл  туралы  кейіннен  Ә.  Бөкейханов  (1919  ж.  ақпанның  11-і) 
былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны 
болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол 
бермеу  мүдделерінен  туындады…».  Үкімет  төрағалығына  үш  қайраткер  -  Бөкейханов, 
Құлманов  және  Тұрлыбаев  ұсынылды.  Көп  дауыс  алған  Бөкейханов  төраға  болып 
сайланды. 
Өздерінің  қолға  алған  шараларын  іске  асыру  жолында  Алашорда  үкіметіне 
Кеңестерге  қарсы  жақпен  бірігуге  тура  келді.  Өйткені  Кеңес  үкіметі  кеңестік  негіздегі 
автономияларды ғана  қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш  автономиясына көзқарасы 
басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда 
Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп 
санады.  
Алаш  Орда  жетекшілері  атаман  Дутовпен,  СамарадағыҚұрылтай  жиналысы 
мүшелері  Комитетімен  (Комуч),  ОмбыдағыУақытша  Сібір  үкіметімен  де  байланыс 
жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш  Орданың ұстанар бағытында айқындауды 
қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне 
қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. 
Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар 
Алаш  қайраткерлерінің  ел  ішіндегі  беделін  өздерінің  мақсаттарын  жүзеге  асыруға 
мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына 
арту  т.б.  жағдайларға  пайдалануды  көздеді.  Бұл  үкімет  Алашорданың  белгілі  бір  үкімет 
органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір 
үкіметінің  мүддесін  жүзеге  асырушы  эмиссарларға  Алашорданың  батыл  қарсылық 
білдіріп  отырғанын  көрсетеді.  Мұның  соңы  қазақ  автономиясының  өзін  ресми  тану 


24 
 
туралы  мәлімдемесін,  Сібір  үкіметінің  «нағыз  сепаратизмнің  белгісі»  деп  айыптауымен 
аяқталды. 
Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және 
Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі 
халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі  - автономияның мәдени 
мұқтажына  орталықтың  көмегі,  бүкілқазақтық  құрылтайды  шақыру,  өлкеде  азаматтық 
бітімге келу туралы уәделер болды. Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару 
комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920  жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия 
жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта 
да,  кешіре  де  алған  жоқ.  Түрлі  әдіспен  бүркеленген  қудалау  ақыры,  Алаш  зиялыларын 
жаппай қырғынға ұшыратты.  
 Алашорда  азамат  соғысы  жылдарында  Кеңес  құрылысына  жау  күштер  жағында 
болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен 
Алашорда  үкіметін  таратты.  Кеңес  өкіметі  Алаш  пен  Алашорданы  Қазақстанның 
қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын 
да  қолданды.  Кезінде  (1919-1920  жж.)  Кеңес  өкіметі  Алаш  қозғалысына  белсене 
қатысқандардың  барлығына  кешірім  жасағанына  қарамастан,  олар  түгелге  дерлік 
сталиншіл  әкімшіл-әміршіл  жүйенің  құрбандарына  айналды.  Сол  кезде  Ресейде  орын 
алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет