Лекция тезистері


Дәріс № 6. Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаты



Pdf көрінісі
бет18/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
лекция Қаз қаз зам тарихы.2 (1)

 
Дәріс № 6. Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаты(2 сағат) 
 
1.КОКП-ның 
әміршіл-әкімшіл  
басшылық 
рөлі 
мен 
М.С.Горбачевтың 
демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы  қарама-қайшылық.  
2.Жариялылық пен демократияны насихаттау барысында одақтық республикаларда 
туындаған ұлттық шиеленістер.  
3.Экономикалық  дағдарыс.  КСРО  –ның  әкімшіл-әміршіл  жүйесін  демократиялық 
жолмен қайта құруға талпыныстар.    
4.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.   
5.Алматыдағы  және  республиканың  басқа  қалаларындағы  Желтоқсан  көтерілісі 
және оның шынайы себептері.  
6. Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы.  
7. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 
8.Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) 
құрылуы.  
 
1.ХХ  ғасырдың   80-жылдарының  орта  шенінде  кеңестік  қоғамда  түбегейлі  өзгеріс 
қажеттігі  айқын  сезіле  бастады.1985  жылы  наурыз  айында  КОКП  Орталық  Комитетінің 
пленумында  Бас  хатшы  болып  М.С.  Горбачев  сайланды.  Ол  сол  жылдың  сәуір  айында 
өзінің  «қайта  құру»  бағытын  айқындайды.  Кеңестер  Одағының   жаңа  басшылығының 
жариялаған  әлеуметтік-экономикалық  қайта  құруға  бағытталған  бағыт,  кейін  уақыт 
көрсеткендей,  оның  алдындағы  өкімет  басшылары  сияқты  өзін  демократиялық 
реформатор  етіп  көрсетуге  бағытталған  талпыныс  еді.  Оның  алғашқы  төрт  жылында 
(1985-1989 жж.) жеделдету концепциясын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз 
бастамалар басталды. Жеделдетудің басты қадамы ретінде өндірістік құрылымды, құрал-
жабдықтарды,  техникалық  жүйелерді  жаңарту  идеясы  ұсынылды.  Бұл  идеяны 
ұсынушылар – академик-экономист А.Г. Аганбегян және т.б. тұтыну жабдықтарын сатып 
алуға  бөлінетін  валютаны  азайтып,  үнемделген  қаржыны  сырттан  машина  жасау  өнімін 
сатып  алуға  жұмсауды  ұсынды.  Жоба  авторлары  бұл  шара  1990  ж.  қарай  құрал-жабдық 
және  машина  жасаудың  азаматтық  салаларының  құрал-саймандарының  90%  әлемдік 
стандарт деңгейіне жеткізуге мүмкіндік әперіп, еңбек өнімділігін күрт өсіріп, жеделдетуге 
алып  барады  деп  сенді.  Аграрлық  салада  да  ғылыми-техникалық  революцияның 
жетістіктерін  ендіру  ауыл  шаруашылық  өндірісін  жеделдетеді  деп  есептеді.  Бірақ  та,  іс 
жүзінде,  жеке  меншіктің,  нарықтық  қатынастың  толық  қанды  ендірілмеуі  жеделдету 
тұжырымдамасын қиялға айналдырып жіберді. Өндіріс өнімінің тапшылығы заводтар мен 
фабрикаларды  өндіріс  құрал-жабдықтарын  жаңартуға  ынталандырмады.  Өйткені 
товардың жетіспеушілігі оның сапасына деген сұранысты жоққа шығарды. Сондықтан да 
заводтар  мен  фабрикалар  шетелдік  құрал-жабдықты  сатып  алу  арқылы  жеделдетуге 


46 
 
бағытталған партиялық бағытты барынша орындамауға тырысты. Шет елдерден валютаға 
сатып  алынған  құрал-жабдықтар  іске  асырылмай,  заводтар  мен  фабрикалар  алаңында, 
темір  жол  станциялары  мен  қоймаларда  қар  мен  жаңбыр  астында  жатты.  Жеделдету 
тұжырымдамасы  өзінің  жарамсыздығын  ауыл  шаруашылығында  да  көрсетті.  Бұл  салада 
оның  жүзеге  асырылмауының  басты  себебі  меншікке  байланысты  болды.  Мемлекеттік 
колхоздық-совхоздық  жүйе  ғылыми-техникалық  революцияның,  жаңа  технология  мен 
егіншіліктің  ғылыми  жүйесінің  жетістіктерін  қабылдауға  дәрменсіз  болды.  Арендалық 
әдістерді енгізу еңбеккерлердің қаржы мен еңбек нәтижелерін иемдену, табылған табысты 
бөлу  принципін  өзгертпеді.  Өндіріс  құрал-жабдықтары  мен  еңбек  нәтижесінен 
шеттетілген  колхоздар  мен  совхоз  еңбеккерлерінің  еңбек  өнімділігін  арттыруға  құлқы 
болмады.  Маскүнемдікпен  және  тәртіпсіздікпен  күрес  қайта  құрудың  алғашқы  жылында 
еңбек  өнімділігін  шамалы  ғана  арттыруға  қол  жеткізді.  Оның  есесіне  маскүнемдікпен 
күрес  мемлекеттік  бюджетті  азайтып,  тұтыну  саласындағы  жағдайды  шиеленістіріп 
жіберді.  Халықаралық  аренада  кеңестік  басшылық  өз  беделін  өсіру  мақсатында  1985 
жылы  ядролық  сынақты  біржақты  тоқтатты.  Келесі  бір  оң  қадам  1979  ж.  желтоқсанда 
басталған  ауған  жанжалын  тоқтату  болып  табылады.  Кеңестер  Одағы  1988  жылы  өз 
әскерін Ауғаныстаннан шығара бастап, оны 1989 жылы ақпанда аяқтады. Ауғаныстандағы 
соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сом шығын әкеліп отырған болатын. Бұл соғыс Қазақстанға 
соқпай өткен жоқ. Республикадан оған 21979 адам қатысып, оның 780-і қаза тауып, 393-і 
мүгедек  болып,  22-і  хабарсыз  кетті.  Бұл  шаралар  Кеңестер  Одағының  әлемде  беделін 
біршама  өсірді.  Кеңес-Қытай  қатынасы  жақсарды.  Бірақта,  КСРО  әлі  де  болса 
бұрынғысынша  орасан  мол  армия  мен  әскери-өнеркәсіп  комплексін  ұстап  отырды.  1987 
жылдан  бастап  ядролық  сынақты  қайтадан  бастады.  «Қайта  құру»  тұжырымдамасы  ұлт 
мәселесін  де  одан  әрі  шиеленістіре  түсті.  Қазақстанда  Одақтың  барлық  жерлеріндегі 
сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген 
келеңсіз  құбылыстар  кеңінен  орын  алды.  Бұл  жылдары  ұлт  саясатында,  әлеуметтік-
экономикалық  және  кадр  мәселелерінде  көптеген  ауытқушылыққа  жол  берілді.  Жалпы 
барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында 
алшақтық,  қайшылық  кең  өріс  алды.  Кадр  мәселелерін  шешу  партия  комитеттерінің  тек 
бірінші  басшыларының  айтуымен,  солардың  таңдауымен  жүретін  болды.  Оларды 
іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. 
Бұл  Коммунистік  партияның,  соның  ішінде  Қазақстан  Компартиясының  да  барлық 
деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері  мен партия комитеттері 
ескіше  қызмет  етті.  Осыдан  келіп,  аса  маңызды  мәселелерді  шешуде  принципсіздік, 
тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше 
мадақтап,  жоғары  көтеруге,  болып  жатқан  істердің  барлығын  тек  жақсы  жағынан 
көрсетуге тырысты. ХХ ғ. 80 жылдары Қазақстанда ұлттық  табыс кісі  басына шаққанда 
Одақтық  деңгейден  12%  кейін  қалды.  Сондай-ақ  республикада  үй  құрылысы,  мектеп, 
балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған 
жоқ.  Мысалы,  80-жылдары  Одақ  бойынша  10  мың  адамға  жыл  сайын  75  пәтер  салынса, 
Қазақстанда  тек  –  69,  Одақта  әрбір  10  мың  адамға  404  дәрігерден  келсе,  мұнда  тек  352 
дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 
53%  ғана  болды.  Экологиялық  жағдай  төтенше  түрде  күйзеліске  түсті.  Табиғи 
ресурстарды пайдаланудағы ведомствалық  мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының 
жүзеге  асуына  кедергі  жасады.  Соның  нәтижесінде  көптеген  территория,  су  мен  ауа 
бассейндері  ластанды.  Қазақстанның  бірқатар  аймақтары  экологиялық  зардап  шегіуші 
аудандарға  айналды.  Табиғи  ортаны  қорғау  жұмысының  жеткіліксіздігінен  көптеген 
қалаларда  ауаның  ластануы  өте  жоғары  деңгейге  жетті.  Әсіресе,  Қызылорда,  Ақтөбе, 
Семей  облыстарында  экологиялық  өте  ауыр  жағдай  қалыптасты.  Арал  аймағында 
көптеген аурулар тарап, балалар өлімі өсті. Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан 
айында  болып  өткен  Қазақстан  Компартиясы  ХҮІ  съезінде  жасаған  баяндамасында,  ол 
кезде  республика  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы  болып  істеген  Н.Ә.Назарбаев  және 


47 
 
съезде  шығып  сөйлеген  басқа  да  делегаттар  мұндай  келеңсіз  жағдайларды  өткір  сынға 
алды. Олар  көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы 
шешпейтінін,  олардың  қызметі  ауқымынан  тыс  қалатынын,  проблемалық  мәселелерді 
шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет