7. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет
басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты
мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі
қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті
ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1.
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен
бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын
экономикалық прагматизм;
2.
Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
3.
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке
жауапкершілік;
4.
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен
қайта даярлаудың негізгі бағдары;
5.
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
6.
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен
аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
7.
Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы
қоғамымыз табысының негізі.
ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері:
1.
Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі
2.
Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік
3.
Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
4.
Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы
5.
Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
6.
Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы
7.
Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция
8.
Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
9.
Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы
10.
Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі