62
меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең
әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру өкімет
тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты.
Төртінші. Қабылданған зандар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол
заңдардың жұзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Реформаны жүзеге асыру үшiн
оған қажет механизмдердi жасау керек едi.
Бесінші. Инфляцияны (құнсыздандыруды) ауыздықтамаса ешбір істе береке
болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі
ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы
қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресрустарын бей-берекет
жұмсап, аса жоғары пайызбен сатып, пайда табумен әуестенді.
Алтыншы. Қылмыс, жемқорлық, занды бұзушылық көбейгені соншалық, ол
қоғамның қатерлі ісік сияқты ең қауіпті ауруына айналды. Оған жаппай тәртіпсіздік,
жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жасауда, қоғамды дұрыс дамытуда
өздерінің кеселдерін тигізді.
Жетінші. Мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс
істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді.
Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан бір-ақ жылда
шығару саясаты жүргізілді. Бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекеттің алдында дағдарыстан шығудың жолдары қарастырыла
бастады. Оның ең бастысы - бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді.
Нарықтандырудың барысын, оның неден басталғанын, қалай басталғанын халық жете
түсінбеді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің
,
басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен
жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы
келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен
төмен түсіп кетті, оны көтеру мүмкін болмай қалды.
3. Жаһандық экономикалық дағдарыс, геосаяси шиеленістер, санкциялық
текетірестер, сондай-ақ, энергия ресурстарына әлемдік бағаның төмендеуі әлемдік
үдерістердің белсенді қатысушысы - біздің елімізге әсер етпеуі мүмкін емес.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Нұрлы Жол» Жаңа
экономикалық саясатын жариялады. Бұл тарихи құжатта дағдарысты еңсерудің кешенді
шаралары ғана көрсетіліп қоймай, еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына
енуіне қажетті жағдай, ұзақмерзімдік даму жолы анықталып отыр.
«Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты – бұл болашақтың инфрақұрылымын
кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік,
индустриялық,
энергетикалық,
тұрғын
үй-коммуналдық
және
әлеуметтік
инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету
тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ
Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады.
Жолдар құрылысы өңірлерді байланыстырып, ауыл мен қаланы жақындатуға,
еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта
бизнеске, сондай-ақ, азаматтарға өндіруші нарықты қолжетімді етудің арқасында сауда-
саттық жанданады.
Тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының, сондай-
ақ, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігінің арқасында миллиондаған қазақстандық
баспанаға қол жеткізуге және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз – жүздеген мың қосымша
жұмыс орны, жаңа өндірістер, бизнесті жандандыру және қазақстандықтардың әл-ауқатын
арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: