8 лекция
ТОПЫРАҚТЫҢ КОМПОНЕНТТІК ҚҰРАМДАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
ТОПЫРАҚТЫҢ МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
4.1. Топырақтың минералогиялық құрамының қалыптасуы
Топырақтың минерологиялық құрамы көп жағдайларда топырақ түзуші тау жынысының құрамына тəуелді болады жəне туынды ми-нералдардан құралады. Бастапқы минералдардан: кварц, даналық шпат, слюда, авгит, магнетит, гематит, апатит көп тарағандары. Олар топырақтың инертті бөлігін – скелетін құрайды. Олардың мөлшері, əсіресе құмдақ топырақтарда көп. Бастапқы минералдар мүжілу процесінің нəтижесінде екінші минералдарды жəне өсімдіктердің минералдық қоректенуін қамтамасыз ететін элементтерді түзеді. Топырақта туынды минералдардан каолинит, монтмориллонит, кальцит, гипс, мирабилит, галит, гетит, пиролюизит, доломит жəне басқалары болады.
Туынды минералдар қарапайым тұздарға, гидрототықтардан, тотықтарға жəне саз минералдардан тұратын топтарға бөлуге бо-лады. Қарапайым тұздар түріндегі минералдарға: кальцит (СаСо3), доломит [СаМg(Со3)2], сода (Na2Co3), гипс (CaSo4 2H2O), магне-зит (MgCo3), галит (NaCl), фосфаттар, нитраттар жатды. Тұздану дəрежесі осы тұздардың мөлшеріне байланысты келеді. Тұздану топырағында өсімдіктер өсе алмайды. Себебі онда натрии катионы шамадан көп болып кетеді. Алдын алу үшін шаю мелиарациялық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар галофиттер өсіру арқылы тазарту,а болады.
Бұл тұздар топырақта құрғақ климат жағдайында жиналады. Темірдің, алюминийдің, күкірттің, марганецтің тотықтары түріндегі минералдар бастапқы минералдардың мүжілуі нəтижесінде пайда болады.
Алюмосиликаттар жəне ферросиликаттар, каолиниттер, гидрос-людалар, монтмориллониттер саздың құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан осы минералдар бар топырақтар сазды топырақтар деп аталады. Олар күшті дəрежеде уақталған, желімдеушілік қасиеті бар, яғни құрылымы жақсы, сіңіру қабілеті де жоғары. Осы саз минералдардың мөлшеріне топырақтың жабысқақтығы, су өткізгіштігі, ісінгіштігі ылғал сіңірімділігі тікелей байланысты келеді. Топырақ құрамындағы туынды минералдардың мөлшеріне өсімдіктердің қоректенуін қамтамасыз ететін топырақтың құрылымы, химиялық, физикалық, сулық, ауалық қасиеттері, құнарлығы тікелей байланысты болады.
Топырақтың қатты фазасының химиялық құрамы да топырақ түзуші жыныстардың құрамына сəйкес келеді. Топырақта кремний тотығы SiO2, органогендік элементтер С, Н, О, N, P, S, K, Ca, Mg көп мөлшерде кездеседі. Соңғылары өсімдік қорегінің көзі болып табы-лады жəне топырақ құнарлығы солардың мөлшеріне байланысты болады. Өсімдіктердің қоректенуінде азот, фосфор, калий үлкен рөл атқарады. Азот топырақта нитраттар жəне аммоний тұздары түрінде кездеседі. Ол топырақ ауасының жəне гумустың (қарашіріктің) құрамына кіреді. Азоттың көптеген қосындылары өте жылжыма-лы, оңай шайылады. Топырақтағы азоттың, фосфордың, калийдің жетіспейтін бөлігін минералдық жəне органикалық тыңайтқыштар арқылы енгізеді.
Топырақта өсімдікке зиянды: хлор, натрий, марганец, алюминий, магний сияқты улы элементтер де бар. Олардың мөлшері көп бол-са, топырақты тұздандырады. Топырақта микроэлементтер де: бор, молибден, цинк, кобальт, йод бар. Бұлар маңызды физиологиялық, биохимиялық рөл атқарады. Топырақта аз мөлшерде радиоактивті элементтер кездеседі. Радиоактивті элементтер топыраққа табиғи жəне жасанды радиактивтілік береді. Топырақтың табиғи радиактивтілігі оның құрамындағы уранның, торийдің, радийдің мөлшеріне байланысты. Жасанды радиоактивтілік адамның атом энергиясын пайдалануынан туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |