4.3. Екіншілік минералдар жəне олардың маңызы
Екіншілік қатардағы минералдар топырақта көбінесе, лайлы жəне коллоидты бөлшектер түрінде болады, ал шаң тəрізді бөлшектер күйінде сирек кездеседі.
Химиялық құрамы бойынша минералдар: кремний-оттекті қосылыстар немесе силикаттар жəне алюмокремний-оттекті қосылыстар немесе алюмосиликаттар болып екі топқа бөлінеді.
Кремний-оттекті қосылыстар ішінде топырақта кварц SiО2 кеңінен таралған, ол көбіне, құм жəне шаң бөлшектері түрінде келеді. Барлық топырақтарда кварц мөлшері 60 %-дан асса, құмдақ топырақтарда 90 %-ға жетеді, ал кейде одан да көп болады. Кварц өте тұрақты жəне мықты минерал, оның химиялық реакцияға икемі көп емес.
Алюмокремний – оттекті қосылыстар əртүрлі алғашқы жəне екінші қатардағы минералдардан тұрады.
Екіншілік қатардағы минералдар химиялық қасиеттері бойынша үш топқа бөлінеді:
Монтмориллониттер (монтмориллонит, бейделлит, т.б.). Олар аса жоғары майдалы (дисперсті) бөлшектер. Бұл минералдардың дисперстілігі, ісінуі, жабысқақтығы, тұтқырлығы жоғары.
Каолиниттер (каолинит, галлуазит). Бұл топқа жататын мине-ралдардың дисперстілігі, ісінуі мен жабысқақтығы азырақ болады.
Гидрослюдалар (гидромусковит, гидробиотит, вермику-лит). Олар далалық шпаттары мен слюдалардан пайда болады. Гидрослюдалардың химиялық құрамы тұрақты емес.
Достарыңызбен бөлісу: |