Махмұд Қашқари-он бірінші ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен ұлы филолог ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы. Ол (Диуани лұғат-ат түрік) атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасады.
Әйтсе де (Диуани лұғат ат-түрік) тек түркіше-арабша түсіндірме сөздік ғана емес, сонымен бірге, ол түркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэзиялық шығармалардан аса құнды материалдар-түрлі тақытыптағы өлең-жырлар, ертегілерін енгізген. Әдеби шығармалар мен халықтық фольклордан алынған үзінділерді Махмұд Қашғари осы сөздіктегі әрбір сөздің мән-мағынасын оқушыға тереңірек түсіндіру үшін мысал ретінде алып отырған.
Махмұд ибн-ул Хұсайын ибн Мұхаммаділ Қашқари орта ғасырдағы мәдетиет орталықтарының бірі болған Баласағұн шаһарында туылған. Болашақ ғалым алғаш Баласағұн, Қашқар қалаларында кейінірек Самарқан, Бұхара, Нишапур, Мерв және Бағдад шаһарларында оқиды.
Махмұд Қашқаридың ерекше зейін қойып, ұзақ жылдар бойы зерттеген мәселесі-түркі тектес ру-тайпалардың тіл ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз-әдебиеті үлгілері, өткендегі тарихи, т.б. болды. Осындай ғылыми мақсатпен ол Қашғардан бастап, бір жағы-Жетісу, мауараннахр, Хорезм, ал екінші жағы Римге дейін ұланғайыр территорияны мекен еткен көптеген түркі тектес рулар мен тайпалар арасынан мол материал жинады.
Қашқари тіл білімі мен әдебиетке қатысты көлемід де, күрделі, екі ғылыми еңбек жазғаны мәлім. Бірі-(Түркі тілдерінің синтасисі, қағидалары), бұл еңбек бізге жетпеген. Ал, екінші еңбегі-(Диуани Лұғат ат-түрік) 1074 жылы жазылған.
(Диуани лұғат ат-түріктің) қолжазба көшірмесі XX ғасырдың бас кезінде табылды. 1915-1917 жылдары Стамбул қаласындағы Ахмет Рифат баспаханасынан үш томдық кітап түрінде шықты.
Белгілі шығыстанушы неміс ғалымы Броккельман бұл шығарманы неміс тіліне аударып, 1978 жылы Лейпциг қаласында бастырып шығарды.
Неміс ғалымы Фриц Хаммел осы сөздікте ұшырасатын мақал-мәтелдерде неміс осы сөздікте ұшырасатын мақал-мәтелдерде неміс тілдіне аударып, өз алдына жеке кітапша етіп бастырды.
Көрнекті түрік филологы Басым Аталай оны осман түріктерінің тіліне тәржіма жасап, 1939-1941 жылдары Анкарада үш томдық кітап етіп шығарды.
Бұл еңбекте зерттеуге А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, А.Н.Боровков, С.Муталибов, В.Решетов т.б. ғалымдар өз үлестерін қосып, құнды зерттеулер жүргізді.
Махмұд Қашқари сөздігінің әдеби мәні зор. Бұл кітапты белгілі бір мағынада көне түркі әдебиет ескерткіштерінің қысқаша хрестоматиясы деуге болады.
Сөздікке екі жүзден астам өлең, үш жүзге сөздер көркем теңеулер т.б. енген.
(Диуани лұғат ат-түрікте) мысал ретінде келтірілген батырлық-ерлік күрес жырлары, сондай-ақ алып Ер Тұрғаны жоқтап айтылған өлең жолдары бар. Бұл жырлар адамзаттың алғашқы қауымында пайда болғанын мазмұнына қарап-ақ аңғару мүмкін. Жинақтағы бірқатар өлеңдер кейінірек, яғни автор өмір сүрген орта ғасырда туындаған жазба әдебиет үлгілері екені даусыз. Мұндай өлеңдерде қоғамдық-таптық қайшылықтар бұрынғыдан гөрі айқынырақ көрінеді.
Махмұд Қашқари жинап, өз еңбегіне енгізген жырлардың басым көпшілігі қарапайым еңбек адамдарының көркем туындылары болып, солардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаса, енді бірқатар өлеңдер қанаушы шонжарларға қатысты солардың сойылын соғатын шығармалар болып келеді.
(Диуани лұғат ат-түрікте) кейінгі дәуірде жазылған әдебиет үлгілері көбінесе дерлік дидактикалық сарында болып келеді. Мұндай өлең-жырлар оқушысын оқу-білімге, өнерге, әдептілікке үндейді. Адамгершілік, мораль, этика мәселелерін сөз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |