Пәннің мақсаты – бір фазалы синусоидалды және үш фазалы сызықты электр тізбектеріндегі орнатылған процесстерді сапа және сандық жақтарынан зерттеу
Пәннің қолданған материалдары төмендегі курстарда алған білім негізінде жинақталады:
Жоғары математика
Физика
1 Тарау Сызықты тұрақты ток тізбектері. Элект тізбектің элементтері
Электр тізбек дегеніміз – өз ара байланысқан ток жүретін электр энергия көздері және электр энергия қабылдағыштарының жиынтығы.
Электр энергия көздері дегеніміз – электрлік есем энергияны (химиялық, жылулық, механикалық және т.б.) электр энергияға түрлендіретін құрылғы (гальваникалық элемент, термоэлемент, генератор және т.б.)
Электрэнергия қабылдағыштары дегеніміз – электрлік энергияны электрлік емес энергияға (жарықтық, жылулық, механикалық және т.б.) түрлендіретін құрылғы (электр шам, жылытқыш аспап, электр қозғалтқыш және т.б.)
Тек ғана электр энергия көздері бар тізбектер активті деп аталады
Тек ғана электр энергия қабылдағыштары бар тізбектер пассивті деп аталады
Тұрақты ток дегеніміз – уақыт бірлігінде бағыты және шамасы өзгермейтін ток.
Тұрақты ток дегеніміз – уақыт бірлігінде бағыты және шамасы өзгермейтін ток.
Электр ток дегеніміз – электр зарядтардың реттелген (бағытталған) қозғалысы.
Өткізгіштердің электр тогын өткізу қабілеттілігі өткізгіштілікпен сипатталады.
Электр энергияны алу, тарату және түрлендіріуі уақыт бірлігінде тұрақты ток пен кернеу де жүретін электр тізбектері тұрақты ток тізбектері деп аталады
Қарапайым электр тізбектің орын басу сұлбасы
ЭҚК әсерінің бағыты энергия көзі ішіндегі зарядтар қозғалысы сырттан (электрлік есмес) берілген күштердің әсерінен болады да төмен нүкте потенциалынан жоғары нүкте потенциалына бағытталады.
Кернеу U дегеніміз – Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасын көрсететін шама.
Кедергідегі кернеуді кернеудің төмендеуі деп аталады.
Электр тізбектің екі түйін аралығындағы кернеуінің бағыты жоғары потенциалды түйіннен төмен потенциалды түйінге бағытталған.
Электр тізбегінің электр ток өтуіне қарсы әрекеттілігі электр кедергі деп аталады
Электр тізбегіне қосылатын жәнекедергілерібар құрылғыларды резисторлар деп атайды