Лекция заманауи фиқҺ МӘселелерін шешу жолдары: негізгі көЗҚарастар, назарда ұсталуы қажет басты принциптер, заманауи пәтуа шығарумен айналысатын ұйымдар дайындаған: Алпысбаев Е



бет3/9
Дата28.12.2022
өлшемі82,49 Kb.
#60109
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3. Лекция

3. Консервантивті көзқарас

3. Консервантивті көзқарас

  • Бұл көзқарастың иелері белгілі бір мәзһабтың фиқһ әдебиеттеріндегі пікірлер мен түсініктерді көбіне әмбебап және өзгеріске жабық деп санайды.
  • Олардың бүгінгі фиқһ мәселелері үшін жеткілікті мөлшерде шешімдер тауып бере алады, сондықтан жаңа ижтиһад жасауға қажеттілік жоқ деп санайды.
  • Бұл көзқарастың жақтаушылары жаңа ижтиһад жасауға қарсы.
  • Қазіргі уақытта бұл көзқарастың жақтаушылары күн өткен сайын азаюда.

4. Академиялық көзқарас

4. Академиялық көзқарас

  • Бұл көзқарастың жақтаушылары классикалық фиқһ дәстүріндегі әдістер мен көзқарастарды жоғары бағалайды және фиқһтың заманауи мәселелерін шешуде бірінші кезекте соларға жүгінеді. Алайда, олар өздерін бір мәзһабтың әдістері мен көзқарастарына тәуелді деп санамайды және қажет болған жағдайда мәселелерді дәлелдер негізінде, салыстырмалы түрде қарастырады.
  • Бұл көзқарасты жақтайтындардың арасында настарды басшылыққа алумен қатар, истихсан, маслахат, мақасид (діннің негізгі мақсаттары) сияқты ұғымдар мен принциптерге тым көп сүйенетіндер де, заманауи мәселелерді шешуде барынша жеңілдік принципіне жүгінетіндер де бар.

Негізгі принциптер

Негізгі принциптер

  • Біз фиқһтың бүгінгі проблемаларын шешуде жалғыз ғана әдіс-тәсіл жоқ екенін айтқан болатынбыз. Бұл проблемалардың басым көпшілігі алдыңғы кезеңдерде баламасы жоқ жаңа мәселелер. Оларға қатысты Құран мен Сүннет сияқты негізгі қайнаркөздерде, классикалық фиқһ еңбектерінде де нақты үкім кездеспейді.
  • Мұндай мәселелер Құранның әмбебап принциптер әкелген аяттары, пайғамбар мен оның сахабаларының осы сипаттағы сөздері мен тәжірибелері, сондай-ақ фиқһтың жалпы принциптері негізінде жаңаша ижтиһадпен шешуді қажет етеді.
  • Фиқһи мәселе дін мен тақуалыққа тікелей байланысты болғандықтан аса өзектілікке ие болмақ. Сондықтан жаңа мәселелердің шешімін іздеген кезде кейбір принциптерді ескеру қажет. Олардың бастылары ретінде мына нәрселерді атап өтуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет